Қанат Жолдасқызы Айыртау ауданындағы Сырымбет орта мектебінде көп жылдан бері химия-биология пәндерінен сабақ береді. Оның алдынан білім нәрімен сусындаған талай шәкірті үлкен өмірге қадам басты



Дата18.02.2017
өлшемі157,23 Kb.
#9946
Жазира Жұма, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 4-курс студенті
Біліктілігі біліміне сай
Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ғылым иесі -ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып, терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де - бәр-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Мен де өзінің алтын уақытын аямай, бар күш-жігерін алдындағы шәкірттерінің сапалы білім алуына жұмсап, тер төгіп жүрген ұстазым Қанат Сүлейменова туралы жылы лебізімді айтып, оған құрметпен бас игім келеді.
Қанат Жолдасқызы Айыртау ауданындағы Сырымбет орта мектебінде көп жылдан бері химия-биология пәндерінен сабақ береді. Оның алдынан білім нәрімен сусындаған талай шәкірті үлкен өмірге қадам басты. Оқушыларының бойына өзінің пәніне деген сүйіспеншілікті сіңіре білген ұстазымыз әр сабағына ерекше дайындықпен келетінін біз үнемі сезінетін едік. Ол мектеп оқушыларының көпшілігіне ұнай бермейтін химия пәнінің ғажайып құпияларын түрлі зертханалық тәжірибелер өткізу арқылы түсіндіріп, бізді еріксіз өзіне баурап алатын. Талай шәкіртін аудандық, облыстық пән олимпиадалары мен ғылыми жобаларына қатыстырып, олардың жеткен жетістіктерін өзінің еңбегінің жемісі деп қабылдап, мерейі өскенінің куәсі болдық. Биылғы жылы да оқушылары Бахтияр Қабдрашитов биология пәнінен аудандық олимпиадада - 3-орың Ажар Жақсылық 2-орын алды. Сондай-ақ, Армангүл Ербол үстіміздегі жылы Петропавл қаласында ашылған химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға түсті.

Ұстаздың алдынан қанатын қатайтып, үлкен өмірге жолдама алған түлектері Айсәуле Әбденова Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне биология пәнінің мүғалімі мамандығы бойынша түсіп, бүгінде Президенттік шәкіртақы иегері болса, Темірлан Жаналы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің грантымен білімалуда.

"Ұстазына қарап, шәкіртін таны" дегендей, біз қай жағынан болсын Қанат Жолдасқызына ұқсауға тырысып бақтық. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ іспетті. Ол ұстаздықтың дарындылығың даналығын шәкірттеріне жеткізіп, бойымызға сіңіре білгені сөзсіз. Тәрбие мен өнегені, жақсылық пен жамандықты, достық пен қастықты ажыратуға үйреткен ұстазым Қанат Сүлейменованың алдынан тағылым алған мен де енді санаулы айлардан кейін қолыма диплом алып, еңбекжолымды бастайтын боламын.

"Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс", - деген Ыбырай Алтынсариннің нақыл сөзін бағдар етіп ұстанған Қанат Жолдасқызы өзінің білім-білігімең бойындағы ұстаздық шеберлігімең шығармашыл дарынымен әр сабағын тартымды өткізеді. Ол сабақ беріп қана қоймай, шәкірт жүрегіне жол таба білетін сенімді де адал дос.

Таяуда өзімнің ұшқан ұям - Сырымбет орта мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өттім. Сол кезде бұрынғы ақылшым, ұстазым Қанат Сүлейменованы әріптес ретінде басқа қырынан танып білдім. Ол маған қазіргі кезде мұғалімдер жиі пайдаланатын көптеген тиімді әрі жаңа технологияларды қолдана білуді, сол арқылы оқушылармен сабақ барысында жұмыс істеуді үйретті. Ұстаз химия-биология пәндерін жүргізу барысында оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге қүлшынысын оятып, шығармашылық тұрғыда, дәстүрлі емес сабақтарды шебер пайдаланады. Өз оқушыларының біліктілігі мен дағдысын коммуникативті тұрғыда дамыта отырып, олардың бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Қанат Жолдасқызының өткізген баспасөз конференциясы, зерттеу, дебат, лингвистикалық аукциоң дәріс, репортаж, сот сабақтары оқушылардың зор қызығушылығын туғызды. Интерактивті сызба және бағдарламаның бөліктері бойынша тапсырма беру арқылы оқушыларды жеке тұлға ретінде жұмыс істеуге жаттықтырады. Мүғалім қолданатын әдістер мен тәсілдер балалардың сабаққа деген белсенділігін оятып, пәнге зейін қоюға, болып жатқан әрекетке бейжай қарамауға, ойлауға, кез келген мәселені өз еркімен шеше білуге үйретеді.

15 жылға жуық еңбек өтілі бар жоғары санатты ұстаз Қанат Сүлейменова педагогтердің тамыз кеңесінде "Биология пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру" тақырыбы бойынша тәжірибесін ортаға салды. Мектепішілік әдістемелік кеңесте "Дәстүрлі емес сабақ оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың бірден-бір жолы", "Баланың жеке түлғасын отбасында және мектепте қалыптастыру", "Қабілетті және дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары" тақырыптарында өз әріптестерімен тәжірибе алмаса отырып, мақала жазды. Қанат Жолдасқызы - мәдениетті, креативті, жан-жақты, рухани бай, талап қойғыш, адамгершілік қасиеті жоғары, білімі мен біліктілігі мұғалімдікке сай маман. Ол мектеп мүғалімдері мен ата-аналар арасында да зор құрметке ие.


// Солтүстік Қазақстан. - 2015. - 26 желтоқсан

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет