|
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
|
Анатомии кафедрасы
|
Әдістемелік нұсқау
|
Редакция: 1
|
Страница из
|
Жалпы медицина және педиатрия мектебінің І курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың тақырыбы: Бассүйектің беттік бөлігі сүйектерінің: жоғарғы жақсүйектің, төменгі жақсүйектің, таңдай, көзжас, мұрын сүйектерінің, бетсүйектің құрылысы. Желбезек, төменгі мұрын қалқаны, тіласты сүйегі.
№ 3 нұсқа
1 тапсырма. Тест сұрақтары (бір және бірнеше дұрыс жауаптары бар). Әр сұрақ – 2 балл.
1. Тіласты сүйегінде болады:
А) processus
B) cornua minora
C) cornua majora
D) corpus
E) alae
2. Жоғарғы жақсүйекке жататын анатомиялық құрылымдар:
А) көзжастық артқы қырқа
B) көзжастық алдыңғы қырқа
C) кеңсіріктік қырқа
D) көзжастық жүлге
E) перпендикулярлы табақша
3. Жоғарғы жақсүйекке жататын анатомиялық құрылымдар:
А) таңдай өсіндісі
B) иектік шодыр
C) қосқарыншалы шұңқыр
D) айдаршықтық өсінді
E) перпендикулярлы табақша
4. Желбезекте болады:
А) processus
B) cornua minora
C) cornua majora
D) corpus
E) alae
5. Таңдай сүйекте болады:
А) горизонталды табақша
B) перпендикулярлы табақша
C) альвеолалық өсінді
D) көзұялық өсінді
E) қанаттәрізді өсінді
6. Төменгі мұрын қалқанының өсінділері:
А) көзжастық
B) көзұялық
C) жоғарғы жақсүйектік
D) пирамидалық
E) сынатәрізді
7. Жоғарғы жақсүйекке жататын анатомиялық құрылымдар:
А) көзжастық артқы қырқа
B) көзжастық алдыңғы қырқа
C) кеңсіріктік қырқа
D) көзжастық жүлге
E) перпендикулярлы табақша
8. Бетсүйекте қандай өсінді болмайды?
-
маңдайлық
-
самайлық
-
жоғарғы жақсүйектік
-
мұрындық
-
ұяшықтық
9. Бассүйектің ұсақ сүйектерін атаңыз:
-
жоғарғы жақсүйек
-
желбезек
-
көзжастық сүйек
-
төменгі жақсүйек
-
маңдай
10. Таңдай сүйегінің ең медиалды құрылымы бұл:
-
көлденең табақша
-
Мұрын қырқасы
-
Сына тәрізді өсінді
-
Пирамидалық өсінді
-
Перпендикулярлы табақша
11. Таңдай сүйегінде қандай өсінділер бар:
-
Таңдай өсіндісі
-
Көзұялық өсінді
-
Сына тәрізді өсінді
-
Пирамидалық өсінді
-
Ұяшықтық өсінді
12. Жоғарғы жақсүйекте қандай бет болмайды?
-
Самай астылық
-
Алдыңғы
-
Мұрындық
-
Беттік
-
Маңдайлық
13. Жоғарғы жақсүйектің өсінділері:
-
Маңдайлық, бетсүйектік, ұяшықтық, таңдайлық
-
Маңдай, көзұялық, самайлық, таңдайлық
-
Бетсүйектік, көзжастық, торлы, ұяшықтық
-
Көзұялық, көзжастық, торлы, ұяшықтық
-
Маңдайлық, торлы, ұяшықтық, көзжастық
14. Төменгі жақсүйектің өсінділерін көрсетіңіз:
-
тәждік
-
буындық
-
айдаршықтық
-
мұрындық
-
самайлық
15. Жақ-тіл астылық сызықтан төмен, төменгі жақсүйек денесінде орналасқан шұңқыр:
-
тіластылық
-
төменгі жақсүйек астылық
-
қос қарыншалық
-
ит тістік
-
қанат тәрізді
16. Таңдай сүйегінің өсінділерін атаңыз:
-
пирамидалық
-
сына тәрізді
-
көзұялық
-
беттік
-
таңдайлық
17. Таңдай сүйегінің көзұялық және сына тәрізді өсінділерімен шектелген тілік:
-
көзжастық
-
сына-таңдайлық
-
торлы
-
мұрын-көзжастық
-
пирамидалық
18. Мойын аймағында орналасқан және басқа сүйектермен байламдар арқылы байланыспаған сүйек:
-
таңдайлық
-
тіластылық
-
тілдік
-
төменгі мұрын кеуілжірі
-
желбезек
19. Төменгі жақсүйек тармағында қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан:
-
Иектік қырқа
-
Тәждік өсінді
-
Айдаршықтық өсінді
-
Төменгі жақсүйек тілшігі
-
Иектік өсінді
20. Жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетінде қандай құрылымдар бар?
-
Ұяшықтық төмпе
-
Ит тістік шұңқыр
-
Көзұя астылық тесік
-
Таңдайлық жүлге
-
Мұрын тілігі
2 тапсырма. Суретте 5 қадам. 1 қадам - 6 балл.
|
1
|
№1 анатомиялық құрылым -
|
2
|
№2 анатомиялық құрылым –
|
3
|
№3 анатомиялық құрылым –
|
4
|
№4 анатомиялық құрылым –
|
5
|
№5 анатомиялық құрылым –
|
3 тапсырма. Жағдайлық есептерді шешу. Дұрыс орындалған бір тапсырма үшін - 15 балл.
№ 1 тапсырма
35 жастағы ер адам төменгі жақсүйегінің қозғалмайтынына шағымданып травматологқа келді. Ол шықшыт буыны аймағындағы ауру сезіміне байланысты тамақ іше алмайды және дұрыс сөйлей алмайды. Қарап тексергенде – ұрт аймағының ісінгені және гематома көрінеді.
Сұрақ:
Қандай сүйектік құрылым зақымданған?
№ 2 тапсырма
Төменгі жақсүйектің денесі сынғанда төменгі альвеолалық нерв зақымданады, бұл кезде иек терісі мен төменгі еріннің, қызыл иектің шырышты қабығы мен тістердің сезімталдығы бұзылады.
Сұрақтар:
Төменгі жақсүйек денесі арқылы өтетін сүйекті өзек пен оның тесігін, олардың орналасатын жерін атаңыз.
Әзірлеуші лектор Мусина М.С.
Достарыңызбен бөлісу: |