Анатомия – 120 ом


Көмей бұлшықеттері (кеңейткіштер, қысқыштар, дауыс саңылауын керетін бұлшықеттер)



бет122/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì
казахский сессия (копия), гг (копия), 190768.pptx, 201212211340127
155. Көмей бұлшықеттері (кеңейткіштер, қысқыштар, дауыс саңылауын керетін бұлшықеттер).

Көмей бұлшықеттері.


Көмей бұлшыкеттері,musculi laryngis,атқаратын қызметіне қарай: дауыс санылауьін кеңейтетін, тарылтатын және дауыс байламын керетін бұлшықеттерге бөлінеді.
Дауыс саңылауын кеңейтетін бұлшықетгер.
1. Артқы жүзік ожау тәрізді бұлшықеті, m. cricoarytenoideus posterior.
Бұлшықет жүзіктәрізді шеміршек табақшасының артқы бетінен басталып, латералді және жоғары өтіп,ожаутәрізді шеміршектің бұлшыкеттік өсіндісіне, processus muscularis, бекиді. Қызметі: жиырылған кезде ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсінді, processus muscularis, артқа және медиалді бұрылып, дауыс өсінді, processus vocalis, латералді бұрылып, дауыс саңылауын кеңейтеді.
2. Қалқаншакөмей қақпашығы бұлшықеті, m.thyroepiglotticus,ол қалқанша-көмей қакпашығы байламының, lig thyroepiglotticum, бүйір қапталында орналасқан. Бұлшықет калқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып, көмей қакпашығының бүйір қапталына барып бекиді.
Қызметі: көмейдің кіретін тесігін кенейтіп ашу.
Дауыс саңылауын тарылтатын
бұлшықеттер.
1.Латералді жүзікожаутәрізді бұлшықеті, m. cricoarytenoideus lateralis. Ол жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып, жоғары және артқа қарай өтіп, ожау-тәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне, processus muscularis, барып бекиді.Қызметі:
Бұлшықеттік өсіндіні алға және төмен тартып, дауыстык өсіндіні ішке
қарай бұрып, дауыс саңылауын тарылтады.
2.Калқанша ожаутәрізді бұлшықеті, m. thyroarytenoideus, қалқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып, жоғары және артқа қарай бағыт алып, кіреберіс катпарының, plica vestibularis, терең кабаты аркылы өтіп, ожау-
тәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне барып бекиді. Қызметі: жиырылған кезде ожаутәрізді шеміршектің бүлшыкеттік өсіндісі, processus
muscularis, алға карай жылжып, дауыстық өсінділері бір-біріне жақындап, дауыс саңылауынын жарғактык бөлігі тарылады.
3.Көлденең ожаутәрізді бұлшықеті, m.arytenoideus transversus, тақбұлшықет. Бұлшықет он және сол жақ ожаутәрізді шеміршегінің артқы бетінде көлденең орналасқан. Қызметі: дауыс саңылауының шеміршектік
бөлігін тарылту.
4.Қиғаш ожаутәрізді бұлшықеті, m. arytenoideus obliguus, ол жоғарыда айтылған бұлшыкеттің бетінде беткей қиғаш бағытта қиылысып орналасқан жұп бұлшықеттен тұрады.Бұлшықет ожау-көмей қақпашығы қатпарынын, plica aryepiglottica терең қабаты арқылы өтіп, ожау-көмей қақпашығы'
бұлшыкетіне, m. aryepiglotticus жалғасады.
Қызметі: дауыс саңылауын тарылтып, көмей кірісін aditus laryngis, тарылтып, көмейқақпашығын төмен тартады
Дауыс байламын керетін бұлшықеттер.
1.Жүзіккалқанша бұлшықеті, m. cricothyroideus, жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып, жоғары және артқа қарай өтіп, тік бөлігі, pars recta, қалқанша шеміршектің табашасының төменгі жиегіне барып бекісе, киғаш бөлігі, pars obligua, шеміршектің төменгі мүйізіне барып бекиді. Қызметі: жиырылған кезде калқанша шеміршекті алға қарай тартып,дауыс байламын, lig. vocalis, керіп, ожаутәрізді шеміршектің дауыстық өсіндісі мен калқанша шеміршектің аралығын алшактатады.
2.Дауыс бұлшықеті,m. vocalis, немесе ішкі қалқанша ожаутәрізді бұлшықеті, т. thyroarytenoideus internus BNA. Бұлшықет көмейдің дауыс қатпарының, plica vocalis, терең кабатында орналасқан. Ол қалқанша шеміршек бұрышыныңтөменгі бөлігінің ішкі бетінен басталып, горизонталді артқа қарай өтіп, ожаутәрізді шеміршектін дауыстық өсіндінің, processus vocalis, латералді қапталына жэне дауыс байламына, lig. vocale, бекиді.
Кызметі: дауыс байламын керу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет