(лат. inter — бір біріне, және ferio — зақымдау)— табиғаты ақуыз болып келетін организмнің қорғаныс заттары.
Ашылуы тарихы
А.Аизекс және Ж.Линдеман 1957ж. вирустардың интерференция көрінісін зертеу кезінде төменгідей құбылысты байқаған. Жануарға не жасуша өсіндісіне вирустың бір түрімен жұқтырған кезде, оларда вирустың екінші түрін жұқтырмауға төзімділік пайда болады. Бұл ақуыз түрі интерферон деп аталған еді.
Интерферон ақуыз, химиялық құрамы гликопротеид, молекулалық салмағы 15-70 КДА-ға дейінгі тұқымдастыққа жататын зат. Ол иммундық жүйенің және дәнекерлеу ұлпасының жасушаларымен синтезделеді.
Интерферон ақуыз, химиялық құрамы гликопротеид, молекулалық салмағы 15-70 КДА-ға дейінгі тұқымдастыққа жататын зат. Ол иммундық жүйенің және дәнекерлеу ұлпасының жасушаларымен синтезделеді.
Интерферонның ондай демеушілері интерфероноген деп аталды.
Классификация
Қандай жасуша түрімен синтезделуіне байланысты интерферонның үш түрі бар.
Альфа-интерферонды лейкоциттер түзеді, сондықтан оны лейкоцитарлық деп атайды Омыртқалыларда әртүрлі α-интерферондарды кодтайтын бірнеше гендер бар. Адамның 20 a-интерферондарының бастапқы құрылымы белгілі.
Интерферон бірінші типінің негізгі биологиялық әсері—вирусты ақуыздардың синтезін басуы; вирус репродукция кезеңдеріне әсер етуі. Жасушаның «вирусқа қарсы жайы» ИНФ енгізген немесе олардың индукция синтезін кейін бір неше сағатта дамиды.
Бета-интерферонды фибробластық дейді, өйткені ол дәнекерлеу ұлпасының жасушасы фибробластарымен синтезделеді.
Бета-интерферонды фибробластық дейді, өйткені ол дәнекерлеу ұлпасының жасушасы фибробластарымен синтезделеді.
β- ифн вирусқа қарсы әсерінің механизмдері
β- ифн вирусқа қарсы әсерінің механизмдері
NO-синтетазаның активациясы жасушаішілік азот оксидтің концентрапциясы жоғарылады, вирустардың көбеюі ингибирленеді
β- ифн NK-жасушалардың, Т-лимфоциттердің, моноциттердің, макрофагтардың және гранулоциттердің эффекторлы қызметтеріне белсенді әсер етеді.
Гамма-интерферон иммундық деп аталады, өйткені ол белсендірілген Т лимфоцитер, макрофагтар, яғни табиғи, иммундық жасушалармен түзіледі. Иммунды (ү-интерферон) -қарапайым ақуыз немесе гликопротеин
Гамма-интерферон иммундық деп аталады, өйткені ол белсендірілген Т лимфоцитер, макрофагтар, яғни табиғи, иммундық жасушалармен түзіледі. Иммунды (ү-интерферон) -қарапайым ақуыз немесе гликопротеин
ИНТЕРФЕРОНДАР
Жалпы қасиеттер
Биологиялық белсенді ақуыздар, қорғаныс реакция ретінде жасушамен синтезделенеді
Жасушадан тыс сұйықтыққа бөлінеді, рецепторлар арқылы басқа жасушаларға әсер етеді,микроорганизмдерге қарсы тұрақтылығын жоғарлатады (әсіресе вирустарға)
Интерферонды алу үшін екі жақты тәсіл қолданылынады:
Адамға, не адам лейкоциттеріне қауіпсіз вирус түрін жұқтырып, оларды интерферон түзуіне мәжбүр етеді, содан кейін интерферонды өңдеп, қажетті препараттарды дайындайды;
б) Гендік-инженерлік әдіс. Белгілі бір микроб түрінің (псевдомонада -немесе ішек таяқшасы) ДНҚ-на интерферонның генін жалғастырады. Өзгерген микроб арнайы ортада өсіп интерферон түзеді. Интерферонның бұл түрі рекомбинантты деп аталады.