Анатомия – 120 ом


Бөлімдері,ішастарға қатынасы:Голотопиясы



бет130/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

Бөлімдері,ішастарға қатынасы:Голотопиясы: Іш қуысында және кіші астауында орналасады,несепағардың іштің алдыңғы қабырғасында проекциясы-кіндік тұсында іштің тік бұлшықеттерінің латералды жиегіне сәйкес келеді.
-несепағарлардың іштің артқы қабырғасында проекция- бел омыртқалардың көлденең өсінділерінен ұштарын қосатын вертикалді сызықтың бойына сәйкес келеді.Скелетопиясы:Несепағар L2-S4деңгейінде орналасқан.Синтопиясы: - несепағар бүйректердің сыртқы капсуласы сияқты ішастарға фасцияның жапырақшаларынан түзілетін фасциялық қапшықта шелмаймен коршалып орналасады.
-несепағарлар ішастар артында орналасқан,несепағарлар ішастардың париеталық табақшасымен дәнекер тінді жіпшелер арқылы байланысып бекиді,сол себепті ішастарды ажыратқанда несепағарлар барлық уақытта ішастардың артқы бетінде қалып бірге ажырайды.Он жақ несепағардың төменгі қуыс венасы соқыр және өрлемелі жиектерінде орналасқан.сол жақ несепағар ішкі орта төменгі жиекшесінде медиалды орналасқан. Несепағардың қанмен қамтамасыз етілуі:несепағардың жоғарғы бөлігі бүйрек,аталық без немесе аналық без артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы;ортаңғы бөлігі құрсақтың қолқа, жалпы және ішкі мықын артерияларынан тармақталатын несепағар тармаұтары, арқылы;төменгі бөлігі ортаңғы және төменгі тік ішек артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.


163. Несеп жібергіш өзек, оның жыныстық ерекшеліктері. Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы, бөлімдері, қызметі.
Несеп жібергіш өзек (urethra) жұмсақ эластикалық түтік.
Еркек несеп шығаратын өзегі, uretra masculina Әйел несеп шығаратын өзегі, urethra feminina, Несеп жібергіш өзек (urethra) жұмсақ эластикалық түтік,ұзындығы әйелдерде 3-5см,еркектерде 20-22 см болады. Еркектерде- Несеп щығаратын өзек несепті шығару және шәуетті лақтыру қызметін атқарады.Әйелдерде несепжіберетін өзегі қасаға симфизі астында орналасып несеп-жыныс көкетінен өтетіндіктен артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді.Оның артқы қабырғасы қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан.Несеп жіберетін өзектің қабырғалары кілегейлі,бұлшықетті дәнекер тін қабықтарынан тұрады.
Еркек несеп шығаратын өзегі, uretra masculina, - түтік пішінді тақ мүше, диаметрі 0,5-0,7 см және ұзындығы 16-22 см.. Ол қуықасты безінен, несеп-жыныс көкетінен және еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесінен өтеді. Несеп щығаратын өзек несепті шығару және шәуетті лақтыру қызметін атқарады. Ол несепқуық қабырғасында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігімен, ostium urethrae internum, басталып, жыныс мүшесінің басында орналаскан несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігімен, ostium urethrae externum, аяқталады. Еркек несеп шығаратын өзегін топографиялық орналасуына байланысты үш бөлікке: қуықасты, жарғақты және кеуекті, ал қозғалмалы болуына байланысты қозғалмалы және қозғалмайтын (фиксацияланған) бөліктерге бөледі. Куыкасты бөлігі, pars prostatica, үзындығы 3 см, вертикалді бағытта қуықасты безден өтеді. Несеп шығаратын өзектін қуықасты бөлігінің артқы қабырғасында сопақша темпе - несеп шығаратын өзектің қыры, crista urethralis, орналасқан. Бұл қырдың ең шығыңқы бөлігі - шәует төбешігі, colliculus seminalis, онын ұшында ұңғыл куықасты жатыршасы, utriculus prostaticus, орналаскан. Жарғақты бөлігі, pars membranacea, қуықасты без ұшынан жыныс мүшесінің буылтығына дейінгі аралықта орналасады. Бүл бөлігі қысқа (1,5 см) және өте тар. Несеп шы- ғаратын өзектің жарғақты бөлігі несеп-жы- ныс көкетінен өткен жерінде несеп шығара- тын өзектің қысқыш бүлшықетін, т. sphincter urethrae, құрайтын көлденең-жолақты бұлшықет талшықтарымен қоршалған. Кеуекті бөлігі, pars spongiosa, несеп шығаратын өзектің ең ұзын бөлігі, жыныс мүшесінің кеуекті денесінің қалындығында орналасады. Еркек несеп шығаратын өзек жыныс мүшесінің буылтығы аймағында кішкене кеңейеді, ал қалған деңгейінің диаметрі өзгермейді. Еркек несеп шығаратын өзек өз жолын- да S-тәрізді иіліп, 3 тарылулары кездеседі: -еркек несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында;-несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде; -еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі аймағында. Еркек несеп шығаратын өзектің кеңею жерлері:-куықасты без бөлігінде; -жыныс мүшесінің буылтығында; -соңғы бөлімінде, кайықтәрізді шұңқырда, fossa navicularis urethrae.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет