Анатомия – 120 ом


Жатыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы, жатыр жалғамалары



бет138/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

173.Жатыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы, жатыр жалғамалары.
Жатыр ( uterus) ( грекше – metra), (бастапқы көне аты – hystera) – етеккір (менструация) қызметін атқаруға, ұрықтанған аналық клетканың иплантациясына (жатырдың қабырғасына ұрықтың кіріп бекуіне), бекінген ұрықты туылғанға дейін көтеруге және баланы босануға арналған қуысты бұлшықетті тақ ағза.
II. Скелетотопиясы: S1- S2 деңгейінде орналасқан.
ІІІ. Синтопиясы
-алдында – несепқуық орналасады;
-артында – тік ішек жатады;
-бүйір жағында – жатыр қосалқылары орналасқан ( аналық без бен оның рудименттік қалдықтары және жатыр түтігі);
-жоғарғы жақта – жіңішке ішек жанасып жатады;
-төменгі жағында – қынапқа жалғасады.
1. Жатыр бөлімдері:
-жатыр түбі (fundus uteri) – жатыр түтігінің жатырға жалғасқан деңгейінен жоғары орналасқан, жатырдың жоғарғы шығыңқы бөлігі;
-жатыр денесі (corpus uteri) – ағзаның ортаңғы үлкен бөлігі, сыртқы пішіні конустәрізді; жатыр денесі төменде жіңішкелеу және жұмырлау келген жатыр мойнына жалғасады;
-жатыр қылтасы (isthmus uteri) – жатыр денесінің мойнына өткен жеріндегі тарылған бөлік;
-жатыр мойны ( cervix uteri) – екі бөлімнен тұрады:
2.Жатыр беттері:
- қуықтық беті немесе алдыңғы беті (facies vesicalis), (facies anterior) –
несепқуыққа қараған;
- ішектік беті немесе артқы беті (facies intestinalis), (facies posterior) – тік ішекке қараған.
3.Жатыр жиектері:
-жатырдың оңжақ жиегі ( margo uteri dexter);
-жатырдың солжақ жиегі( margo uteri sinister);
Жатыр қабырғасы үш қабықтан тұрады: сілемейлі, бұлшықетті және сірнемелі
Жатыр байламдары: Жатырдың жалпақ байламы (lig. latum uteri), Жатырдың жұмыр байламы (lig. teres uteri), Жатырдың кардиналді байламы (ligg. cardinalia uteri).
174.Аналық без, құрылысы, қызметі.
Аналық без, ovarium, жамбас астау қуысында орналаскан жұп без. Аналық безде аналық жыныс жасушалары дамып жетіледі және кан мен лимфаға әйел жыныс гормондарын бөледі. Аналық без сопақша пішінді, алдынан-артқа кішкене жалпиған. Аналық бездің түсі ақ-қызғылт. Туған әйелдердің аналық бездерінің бетінде үңғылдар мен сары денелердің қайтадан дамыған және овуляция іздері көрінеді. Аналық без салмағы 5-8 г. Аналық бездің орташа көлемі: ұзындығы-2,5 см, ені-1,5 см, калыңдығы -1 см- ге жуық. Аналық бездің екі бос бетін: жамбас астау қуысына қараған медиалді, facies medialis, және жамбас астау қабырғасында жатқан латералді, facies lateralis, ажыратады. Аналық без беттері шығыңқы бос (артқы) жиекке (margo liber), ал алдынан - аналық бездіңша жырқайына бекитін шажырқайлық жиек- ке (margo mesovaricus) өтеді. Шажырқайлық жиекте науашықтәрізді ұңғыл - аналық без қақпасы, hilus ovarii, орналасқан. Ол арқылы аналық безге артерия мен нервтер кіріп, вена мен лимфа тамырлары шығады. Аналық бездің ұзыны вертикалді орналасқан, соған байланысты жатыр тутігіне қараған жоғарғы түтіктік шетін, extremitas tubaria, және жатырлық шетін, extremitas uterina, ажыратады. Ол жатырмен аналық бездің меншікті байламымен, lig. ovariiproprium, байланысқан. Бұл жалғама дөңгелек жіп түрінде аналық бездің-жатырлык шетінен жатырдың латералді бұрышына дейін, жатырдың жалпақ байламының екі табағының аралығында орналасқан. Аналық бездің байламдық аппаратына lig. suspensorium ovarii, жатады, құрамында аналық бездің тамырлары мен фиброзды талшықтар будалары орналаскан, ол кіші жамбас астау қабырғасынан аналықбезге өтетін ішастардың катпары. Аналық без ішастармен жабылмайды. Аналық бездің түтіктік шетіне жатыр түтігінің аналык без шашағы бекиді. Аналық бездің топографиясы жатырдың орналасуына, оның рғаюына (жүктілік кезінде) байланысты. Аналық без кіші жамбас астау қуысында орналасатын ең қозғалмалы мүшелерге жатады.
Аналық без қабырғаларының құрылысы: Аналық без беті біркабатты ұрықтық эпителиймен жабылған. Оның астында дәнекер тінді ақ қабық, tunica albuginea, орналасады. Аналық бездің дәнекер тіні эластикалық талшықтарға бай негізін, stroma ovarii, құрайды. Аналық без паренхимасы сыртқы және ішкі қабаттарға бөлінеді. Аналық без орталығында, оның қакпасына жақын ішкі қабатынмилы зат, medulla ovarii, деп атайды. Бұл кабатта көптеген лимфа және қан тамырлар орналасқан. Аналық бездің сырткы қабыты, оның қыртыс заты, cortex ovarii, өте тығыз. Оның дәнекер тінінде жетілген аналық түйіншелері (граафов түйіншелері), folliculi ovarici maturis, және алғашқы аналық без түйіншелері, folliculi ovarici primarii, орналаскан. Жетілген аналык без түйіншелерінің диаметрі 1 см-ге жетеді, оның дәнекер тінді кабығы, thecafolliculi, болады. Теканың тығыз дәнекер тіннен тұратын сыртқы қабығы және қан мен лимфа капиллярлары, интерстициалді жасушалар орналасатын ішкі қабығы ажыратылады. Ішкі қабығына түйіршікті қабат, stratum granulosum, жанасады. Бұл қабаттың бір жері калындап, аналык жыныс жасушасы, овоцит, ovocytus, орналасатын аналық без төмпесін, cumulus oophorus, құрайды. Жетілген түйіншенің ішінде фолликулярлықсұйықтығы, liquorfollicularis, бар куыс болады. Аналык жыныс жасушасы zona pellucida, мен corona radiata, коршалып, аналык без төмпесінде орналасады. Аналық бездің жетілген түйіншелері біртіндеп аналык бездің беткей қабатына шығады. Овуляция кезінде пісіп жетілген түйінше жарылып, аналық жыныс жасушасы фолликулярлық сұйықтықпен бірге ішастар куысына түседі, кейін түтіктін шашактары арқылы жатыр түтігінің іштік тесігіне өтеді. Жарылған түйіншенің орнында қанға толы ұңғыл қалады, кейін онда сары дене, corpus luteum, қалыптасады. Егер аналық без ұрықтанбаса, оның көлемі кішкентай 1,0-1,5 см-ге жуық, көп тұрмайды, сондықтан циклдік сары дене, corpus luteum ciclicum menstruationis деп аталады. Ол болашақта дәнекер тінмен алмасып, ақ дене, corpus albicans, атауын алады. Егер аналық жыныс жасушасы ұрықтанып, жүктілік пайда болса, жүктіліктің сары денесі, corpus luteum graviditatis, калындап, диаметрі 1,5-2,0 см-ге іріленіп, жүктілік кезеңінде өмір сүріп, ішкі секреторлық кызмет атқарады. Кейін ол да дәнекер тінді ақ денемен алмасады. Аналык бездің жарылған түйіншелерінің орнында катпар және ұңғыл түрінде іздер қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет