Анатомия – 120 ом


Тілерсек сүйектері – ossa tarsi



бет17/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

Тілерсек сүйектері – ossa tarsi – қысқа, пішіндері әртүрлі 5 сүйектен тұрады: асықты сүйек, өкше сүйегі, қайықша тәрізді сүйек, текше тәрізді сүйек, 3 сына тәрізді сүйек.
Асықты сүйек – os talus – сирақ сүйекпен буындасатын дара сүйек. Басынан –caput tali, денесінен – corpus tali, мойынынан – collum tali тұрады. Мойыны басы мен денесін қосып тұрады. Денесінің төменгі бөлімінде қайықша сүйекпен байланыстыратын буындық беті бар. Оларға:алдыңғы, медиальды және артқы - facies articulares calcaneae anterior, mediа, et posterior. Бас бөлімі қайықша сүйекпен байланысуы үшін шар тәрізді. Денесінің 3 буындық беті бар: жоғарғы, медиальды, латеральды толарсақтық беті – facies superior, medialis, lateralis. Бұл сирақ сүйекпен байланысуға арналған шығыршық – trochlea tali.
Өкше сүйек – os calcaneus –тілерсек сүйертерінің ішіндегі ең ірісі. Асықты сүйектің төменгі және артқы қапталында орналасады. Денесінің – corpus calcaneus артқы бөлігінде бұдыры – tuber calcanei орналасқан. Денесінің жоғарғы бетінде, 3 буындық беті бар: алдында асықты сүйектің буын беті, ортаңғы асықты сүйектік буын беті, артқы асықты буын беті – facies articularis talaris anterior, media, posterius. Ортаңғы асықты сүйектік буын беті мен артық асықты сүйектік буын бетінің арасында өкше сүйектік жүлге – sulcus calcanei орналасқан. Бұл жүлге тілерсек сүйектік қойнауды – sinus tarsi құрады. Денесінің алдыңғы соңғы бөлімінде текше сүйекпен байланысатын буындық аймақ – facies articularis cuboidea орналасқан.
Қайықша сүйек – os naviculare – тілерсек сүйектің медиальды қапталында орналасқан. Алдыңғы бөлімінде 3 сына сүйекпен, ал медиальды бөлігінде латеральды сына сүйекпен байланысады. Медиальды қапталында бұлшықеттер бекитін қайықша сүйегінің бұдыры – tuberositas ossis navicularis бар.
Текше сүйек – os cuboideum – латеральды бөлікте орналасады. Пішіні текшеге ұқсағандықтан солай аталып кеткен. Проксимальды беті өкше сүйегімен, дистальдық беті 4-5 табан сүйегінің негізімен, ал медиальдық қапталы латеральдық сына тәрізді сүйекпен шектесіп орналасқан. Жоғары беті дөңес, ал төменгі – табандық бетінде бұдыры – tuberositas сuboidei.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет