Ми сауыты сүйектеріне жатады: маңдай сүйегі, шүйде сүйегі, сына тәрізді сүйек, 2 төбе сүйегі, торлы сүйек, екі самай сүйегі.
Ми сауыты сүйектері өздері екіге бөлінеді:
- Ми сауыты төбесі
- Ми сауыты негізі
Ми сауыты төбесінің сүйектеріне:
- Маңдай сүйегінің қабыршақты бөлігі
- Екі төбек сүйектері
- Самай сүйегінің қабыршақты бөлігі
- Шүйде сүйегінің қабыршақты бөлігі.
Ми сауытының қалған сүйектері ми сауытының негізін құрайды.
Бас сүйегінің әр бөлігі әртүрлі дамиды. Ми сауытының төбе бөлігі даму сатысында екі кезеңнен өтеді:
- Дәнекер ұлпалы немесе жарғақты кезең
- Сүйекті кезең.
Ми сауыты төбесінің сүйектерінің сүйектенуі сүйектену нүктесінен басталады.Кейін сүйекті ұлпа сәулеленіп дәнекер ұлпаға таралады.
Ми сауыты негізінің сүйектері даму сатысында үш кезеннен өтеді:
-Жарғақты кезең
-Шеміршекті кезең
-Сүйекті кезең.
Ми сауыты негізі сүйектері даму сатысында шеміршекті кезеңнен өтеді,ол негізінін берік және массивті болуына әсер етеді.Ми сауыты негізінің беріктігінің көп болуы қажет, себебі ол арқылы көптеген тамырлар мен нервтер және негізінде бірнеше тесіктер орналасқан. Соған орай, ми сауыты негізі сынған жағдайда тез арада өлуі мүмкін.
Ми сауыты сынған жағдайда көз алмасының перифериясында «көз әйнек» симптомы пайда болады.
Жас шамалық өзгерістер 3 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде (1-7 жас аралық) еңбектердің бітелуі, сүйектер бөліктерінің тұтас сүйекке бірігуі, бас сүйек шұңқырларының батырылуы, диплоялық зат пен тамырлардың интенсивті дамуы, бет сүйектердің пневматизациясы, сүт тістердің шығуы мен өсуі, жақсүйектердің биіктігі мен құрылысы және бет пішінінің өзгеруі болады.
Екінші кезең (7 жастан жыныстық жетілуге дейін) бас сүйек сүйектері өсуі бәсеңдейді, сүт тістер тұрақталады, бассүйек милық бөлімінің жамылғысы қалыңдайды.
Үшінші кезең (жыныстық жетілуден 20-25 ж) бет бөлімі қарқынды өседі. Мұрын маңы қойнауларының, төмпешіктердің, жүлгелердің қалыптасуы аяқталады.
Кемел шақта жіктердің сүйектуі байқалады. Көбінесе сагиталды және тәждік жіктер жабылады. Жіктердің сақталуы өте сирек кездеседі. Сүйек қалыңдығы біртіндеп кішірейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |