Анатомия – 120 ом


Төменгі жақсүйегі - os mandibulae



бет30/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

Төменгі жақсүйегі - os mandibulae - бетсүйектер тобының ішіндегі ең ірі және ең қозғалмалы тақ сүйек болып саналады.
Оның адам өмірінің 1 жылының аяғында бітісетін симметриялы екі жартыдан тұрады. Осы әр жартысының денесі – corpus mandibulae мен тармағы– ramus mandibulae бар.Осы біріккен жерде ересек адамдарда шығыңқы бар.
Төменгі жақ сүйек денесінің төменгі жақ сүйек негізі – basis mandibulaeмен ұяшықтық бөлігі – pars alveolaris бар.Денесі иілген болып келеді және олардың ішкі беті қысыңқы, ал сыртқы беті шығыңқы. Сыртқы бетінің ортасында иектік төмпешік – protuberantia mentalis бар. Оның бүйірінде иектік төмпешік – tuberculum mentale орналасады. Ал, осы төмпешіктің сыртында иектік тесік – foramen mentale бар, ол – төменгі жақ сүйектік өзектің – canalis mandibulae шығар тесігі. Төменгі жақсүйек денесінің сыртқы бетінің латералды жартысында қиғаш орналасатын буылтық қиғаш сызық – linae obliqua өтеді. Оның алдыңғы шеті 5-6 тістер деңгейіне сәйкес, ал артқы шеті төменгі жақ тармағының алдыңғы жиегіне ұласады.
Төменгі жақ сүйек денесінің ішкі бетінде жоғарғы иектік қылқан – spina mentalis superior және төменгі иектік қылқан - spina mentalis inferiorбар. Бұл қылқандардан иек-тіл, иек асты бұлшықеттері басталады. Қосқарыншалы шұңқырдан – fossa digastrica – төмен және латералды қосқарыншалы бұлшықеттері басталады. Осы шұңқырдың үстінде тіл асты шұңқыры – fovea sublinqualis бар, ол тіл асты сілекей безінің жанасқан ізі. Артында жақ сүйек тіл асты сызығы – linae mylohyoidea бар. 5-7 тістер деңгейінде жақ сүйек тіл асты сызығының астында төменгі жақ сүйек асты шұңқыр – fovea submandibularis жатады. Мұнда төменгі жақ сүйек асты без орналасқан.
Ұяшықтық бөлігінің әр жағында 8 тістік ұяшықтар бар. Oсы ұяшықтар бір-бірінен ұяшық аралық қолқамен – septa interalveolaria бөлінген. Ұяшықатрдың вестубулярлық беті тіл мен ұрттарға қарайды, ал тілдік беті тілге қарайды. Ұяшықтарға ұяшық төмпешіктері – jugaalveolariсәйкес келеді.
Кеуекті затында қан тамырлар мен жүйкелер өтетін өзек – canalis mandibulae орналасқан.
Төменгі жақ сүйек тармағының – ramus mandibulae – алдыңғы, сыртқы беттері - facies anterior et posteriorмен алдыңғы және артқы жиектері – margo anterior et posreior бар.
Жиектері тәждік өсіндіге –processus coronoideus және айдаршықтық өсіндіге – processus coronoideus жалғасады. Өсінділер төменгі жақ сүйекті тілікпен – incisura mandibulae бөлінген. Тәждік өсіндіге самай бұлшықеті бекиді, айдаршық өсінді болса шықшыт буынының түзілуіне қатысады. Айдаршықтық өсіндінің басы – cаput mandibulaeжәне мойыны - collum mandibulae бар. Осы мойынының алдыңғы-медиалды бетінде қанаттық шұңқыр – fovea pterygoidea орналасқан. Бұл шұңқырға қанаттық бұлшықет бекиді. Тармағының артқы жиегі төменгі жақ сүйектің негізіне ұласып, оның бұрышын – angulus mandibulae түзеді.
Тармағының сыртқы бетінде шайнау бұдыры – tuberositas massetrica бар, оған шайнау бұлшықеті бекиді. Ішкі бетінде медиалды қанаттың бұдыры – tuberositas pterygoidea бар. Осы беттің ортасында төменгі жақ сүйек тесігі – foramen mandibulaeорналасады, ол алдынан жоғарыдан тілшікпен – lingual mandibulaeжабылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет