27. Таңдай сүйек. Бетсүйек. Мұрын және көз жастық сүйектер. Тіласты сүйектер. Таңдай сүйек, os palatinum, ауыз қуысы мен мұрын қуысының, көз шарасының және қанаттаңдай ойысының қабырғаларын құрауға қатысушы жұп сүйек. Ол, перпендикулярлы бағытта қиылысып, орналасқан горизонталді табақша мен перпендикулярлы табақшадан тұрады.
Горизонталды табақшаны , lamina horizontalis, екі жақтық бөлігі бір-бірімен өзара ортаңғы жік арқылы, sutura palatina mediana,алдыңғы қапталы жоғарғы жақ сүйегінің таңдай өсіндісі мен таңдайлық көлденең жік, sutura palatina transversa, арқылы беттесіп, сүйектік таңдайды құрайды. Бұл табақшаның мұрын және ауыз қуысына қараған беттері ажыратылады.
Перпендикулярлық табақша, lamina perpendicularis, сагитальді жазықтықтың бойында горизонталді табақшамен тік бұрыш қүрап,орналасқан жалпақ табақша. Бұл табақшаның алдыңғы қыры сына сүйектің медиалді қанат тәрізді өсіндісімен шектессе, артқы қапталы сына сүйектің денесінің мұрын қуысына караран бетімен іргелес орналасқан.
Бетсүйек, os zygomaticum, беттің әлпеті мен көз шарасының қабырғасын құраушы жұп сүйек. Бұл сүйектің үш беті, үш өсіндісі ажыратылады.
1. Сыртқы немесе латеральды бетінің, facieslateralis, сыртқы пішіні төрт бұрыш тәрізді болып келумен қатар, ортаңғы бөлігі дөңестеу және бұдырлау болып орналасқан.
2. Көз шарасына қараған беті, facies orbitalis,ойыстау және тегістеу болып келген. Қызметі:көз шарасының бүйір қабырғасы мен төменгі қабырғасын және көз шарасының төменгі жиегін, margoinfraorbitalis, құрауға қатысады.
3. Самайастылық беті, facies infratemporalis,ол самай астылық ойыстың, fossa infratemporalis, ішкі қабырғасын құрауға катысады.
Мұрын сүйегі, os nasalis, жұп сүйектердің қатарына жатады. Бұл сүйектің медиальды қырлары өзара бір-бірімен беттесіп, мұрынның сүйектік қырын құрайды. Мұрын сүйегінің сыртқы пішіні жалпақ, төрт қырлы, ұзындығы еніне қарағанда ұзындау келген. Жоғарғы қыры енсіз және қалыңдау келген. Ол маңдай сүйегінің мұрын бөлігі мен жоғарғы жақ сүйегінің маңдайлық өсіндісінің алдыңғы қырымен өзара байланысқан.Алдыңғы немесе сыртқы беті тегістеу және қантамырлар мен нервтер арқылы тесіктелген.Артқы беті немесе мұрын қуысына қараған беті ойыстау келген. Мұнда алдыңғы торлы нервтердің саласы, sulcus ethmoidalis anterior, айқын орналасқан. Мұрын сүйектері бір-бірімен аралық жік, sutura internasalis, арқылы байланысқан. Сонымен қатар, мұрын сүйегінің ішкі беті тор сүйектің перпендикулярлы табақшасымен бетгесіп, мұрын сүйегінің сүйектік, аралық қабырғасын құрауға қатысады.