Анатомия – 120 ом


Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы



бет33/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

29. Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы
Көз шарасы, orbita сыртқы пирамидаға ұқсап, бүкіл көру мүшелердің қуыстығын құраушы сүйектік кеңістік болып саналады .Көз шарасының кіреберіс тесігі, aditusorbitae, немесе көз шарасының (пирамида тәрізді қуыстықтың) табаны мен көру нерві өзекшесінің тесігіне бағытталған ұшы, ажыратылады.
Көз шарасының кіреберіс тесігінің сыртқы пішіні, төрт бұрыш тәрізді доғаланып келген. Бұл жиек, жоғары да: көз шарасының жоғарғы жиегі - margo supraorbitalis, арқылы төменде көз шарасының төменгі жиегі –mагgо infraorbitalis, арқылы шектелген. Көз шарасының тегістеу болып келген төрт қабырғасы ажыратылады.
1. Көз шарасының жоғарғы қабырғасы, paries superior, маңдай сүйектің көз бөлігінің көз шарасына қараған беті мен сына сүйектің кіші қанатынан тұрады. Сына сүйектің кіші қанатының көз шарасына қараған бетінде, көру нервінің өзекшесі, canalis opticus, айқын байқалады. Көз шарасының жоғарғы қабырғасының көз шарасына қараған беті тегістеу және ойыстау болып келген. Бүйір қапталында, көзжас безінің ойысы, fossa lacrimalis, алдыңғы және медиалді қапталында: шығырлық қылқан, spina trochlearis, оның артында шығырлық қылқанның шұңқыршасы — fovea trochlearis, орналасқан.
2. Көз шарасының латералдық қабырғасы — paries lateralis: бетсүйек, os zygomaticum, пен сына сүйектің үлкен қанатының көз шарасына қараған бетінен тұрады. Латералдық қабырғасы, жоғарғы қабырғасынан көз шарасының ж оғарғы саңылауы, fissura orbitalis superior, арқылы шектелген. Сонымен қатар, бет сүйектің көз шарасына қараған бетінде: бетсүйектік-көзшарасы өзекшенің тесігі, foramen zygomatico orbitalis айқын байқалады.
3. Көз шарасының медиалдіқ қабырғасы: paries medialis, алдында: көзжас сүйегімен тор сүйектің лабиринтінің көз шарасынақараған бетінен; артқы қапталы: сына сүйектің денесінің латералдық бетінен тұрады .Медиалды қабырғасының ала,ыңғы бөлігінде көзж ас қапш ығына, saccus lacrimalis, бағытталған көзж ас-м ұры н өзекшенің саласы, sulcus nasolacrimalis, орналасқан. Көзжас қапшығында жинақталған көздің жасы, мұрын қуысына қарай көзжас — мұрын өзекшесі, canalis nasolacrimalis, арқылы мұрын қуысына қарай бағыт алады. Медиадды қабырғасының жоғарғы жиегінің бойында, тор сүйектің алдыңғы, артқытесіктері, foramen ethmoidale anterius et medius, орналасқан.
4. Көз шарасының төменгі қабырғасы,paries inferior, ол жоғарғы ж ақ сүйегі мен бет сүйектің көз ш арасына қараған бетінен және таңдай сүйектің көз ш арасы на бағытталған өсіндісінен тұрады. Төменгі қабырғасы мен латеральдық қабырғалардың аралығында көз шарсын самайасты ойысын қанат-таңдай ойысы мен өзара байланыстырып тұрушы көз шарасының төменгі саңылауы, fissura orbitalis inferior, орналасқан. Сонымен қатар, көз шарасының төменгі бетінің бүйір қапталына таман көз шарасының төменгі саласы, sulcus infraorbitalis, айқын байқалады. Бұл сала, горизонталді бағытта өтіп, жоғарғы жақ сүйегінің терең қабатында, көз шарасының төменгі өзекшесіне, canalis infraorbitalis, ұласып, жоғарғы жақ сүйегінің алдыңғы бетінде көз шарасының төменгі тесігі, foramen infraorbitalis, мен аяқталынады. Бұлөзекшеден, жоғарғы жақ сүйегінің терең қабатында, жоғарғы жақ сүйегі тістерінің түбіріне бағытталған жоғарғы альвеолярлық алдыңғы, аралық өзекшелер, canalis alveolaris superior anterior etmedius, өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет