Анатомия – 120 ом


Сирақтың бұлшықеттері, олардың қызметі



бет62/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

73.Сирақтың бұлшықеттері, олардың қызметі.
Сирақтың бұлшықеттері, m. crurales тoпографиялық орналасуына қарай: алдыңғы, артқы және латералды топ бұлшықеттерден тұрады. Артқы топ бұлшықеттер беткей және тереңде орналасқан бұлшықеттерге бөлінеді. Атқаратын қызметі жағынан сирақ бұлшықеттері: латералды топтары қызметі жағынан ию және аяқ басын ішке бұру немесе пронаторлық қызметін атқарады. Алдыңғы топ бұлшықеттері жазушы, артқы топ бұлшықеттері бүгуші және сыртқа бұру немесе супинаторлық қызмет атқарады.
Алдыңғы топбұлшықеттерre:
1) Асықты жіліктік алдыңғы бұлшықет, m.tibialis anterior
Қызметі: Аяқ ұшын жазып, оның медиалды жиегін көтереді. m. tibialis posterioг-мен бірге аяқ ұшын әкеледі. Аяқ ұшы қозгалмайтын жағдайда сирақты алға қарай қисайтып, оны аяқ ұшының сыртына жақындатады.
2) Бас бармақ башпайын жазатын ұзын бұлшықет, m. еxtensor hallucis longus
Қызметі: Аяқ ұшын жазады. Оның медиалды жиегін көтеріп, үлкен бақайды жазады. Аяқ ұшы қозғалмайтын жағдайда, басқа алдынғы
булшықеттермен бірге сиракты алға қарай енкейтеді.
3) Башпайларды жазғыш ұзын бұлшықет, m.extensor digitorum longus .
Қызметі: m. регoneus tertius-пен бірге аяқ ұшын жазады, оның латералды жиегін көтереді және аяқ ұшын бүйір жаққа әкетеді. Аяқ ұшы қозғалмайтын жағдайда оның қимылы m. tibialis anterior кимылына ұқсас. Сонымен бірге төрт бақайды (II-V) жазады.

Артқы топ бұлшықеттерге:


a) Беткі қабаты:
1) Сирақтың үш басты бұлшықеті, m. triceps surae

  • Балтыр бұлшықеті, m. gastrocnemius

  • Қамбалатәрізді бұлшықет , m. soleus

Қызметі: сирақтың үш басты бұлшықеті, сирақты тізе буынында иіп, аяқ басын иіп, өкшені көтереді. Сонымен бірге, аяқ басын мықтап ұстаған жағдайда сирақ пен санды артқы жағына қарайтартады.
2) Табан бұлшықеті, m. plantaris
Қызметі: Бүкіл m. triceps suraе аяқ бос тұрғанда да, сондай-ақ аяқ ұшының ұшымен тіреп тұрғанда да сирақ-асық буынын бүгеді. Бұлшықеттін тарту сызығы асықасты буыны блігіне медиалды өтетіндіктен, аяқ ұшын келтіріп, супинациялайды. Дене тік турған кезде triceps surae (aсіресе m. soleus) дененің сирақ-асық буынында алдыға қарай кұлап кетуіне кедергі жасайды. Бұлшықет бүкіл дене салмағы түсетін жағдайда жұмыс істейді, сондықтан өте күшті және физиологиялық көлденені үлкен болады, m. gastrocnemius cирақ пен аяқ ұшы қозғалмайтын жағдайда екі буынды бұлшықет ретінде тізені бүге алады.
ә) Терең қабаты:
1) Тақым бұлшықеті, m. Рopliteus
Қызметі: сирақты иіп, ішке қарай бұрып қоймай, тізе буынының қапшығын тартады.
2) Башпайларды бүккіш ұзын бұлшықет, m. flехordigitorum longus
Қызметі: II-V башпайлардың дисталды бақайшықтарын бүгіп қоймай, аяқ басын иіп, медиалды қырын аздап супинациялайды.
3) Бас бармақ башпайын бүгетін ұзын бұлшықет, m. Flexоrhallucis longus
Қызметі: бас бармақ башпайын бүгіп қоймай, II-V-башпайларды өзара байланысқан дәнекер ткандар арқылы бүгеді және сыртқа қарай бұрады.
4) aртқы асықты жіліктік бұлшықеті, m. tibialis posterior
Қызметі: аяқ басын бүгіп, сыртқа қарай бұрады.
Латералды топ бұлшықеттерге:
1) Асықты жілік шыбығының ұзын бұлшықеті, m. реroneus longus
Қызметі: аяқ басын бүгіп, пронациялайды.
2) Асықты жілік шыбығының қысқа бұлшықеті, m. peroneus brevis
Қызметі: Асықты жілік және жіліншік бұлшықеттерінің екеуі де аяқ ұшын бүгеді, медиалды жиегін түсіріп және латералды жиегін көтеріп, пронациялайды және әкетеді.
3) Асықты жілік шыбығының үшінші бұлшықеті, m. peroneus tertius
Қызметі: аяқ басының латералды қырын көтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет