Анатомия – 120 ом


ҚОЛТЫҚ ҚУЫСЫНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ҮШБҰРЫШТАРЫ.ҮШЖАҚТЫ ЖӘНЕ ТӨРТЖАҚТЫ ТЕСІКТЕР



бет60/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

70.ҚОЛТЫҚ ҚУЫСЫНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ҮШБҰРЫШТАРЫ.ҮШЖАҚТЫ ЖӘНЕ ТӨРТЖАҚТЫ ТЕСІКТЕР.
Қолтық қуысы cavum axillare, тері, май талшығы және қолтық асты шұңқыр аймағындағы лимфа түйіндері алынғаннан кейін пайда болады. Қолтықтық қуыстың алдыңғы беткейінде үш үшбұрыш бар : 1. Бұғана-кеуде үшбұрышы trigonum clavipectorale шектелген: жоғарғы-бұғана (clavicula), төменгі-кіші кеуде бұлшық етіn (m. pectorals minor) –дың жоғарғы шеті ; 2. Кеуде үшбұрышы trigonum pectorale шектелген: жоғарғы - кіші кеуде бұлшық етінің жоғарғы шеті, төменгі-кіші кеуде бұлшық етінің төменгі шеті; 3.Көкірек асты ұшбұрышы trigonum subpectorale шектелген: жоғарғы - кіші кеуде бұлшық етінің(m. pectorals minor) төменгі шеті, төменгі - үлкен кеуде бұлшық етінің (m.pectorales major) төменгі шеті. Сонымен қатар қолтық қуысында үшжақты және төртжақсы тесіктер болады.
Үшжақты тесіктер foramen trilaterum , оның шекалары:
• жоғарыдан – кіші дөңгелек төменгі жиегі;
• төменнен – үлкен дөңгелек бұлшық ет;
• латералді –иықтың үш бас бұлшықетінің ұзын басы.
Төртжақты тесіктер foramen quadrilaterum , деп аталады. Бұл латералді орналасқан тесік болып табылады ,оның шекаралары:
• жоғарыдан – кіші дөңгелек төменгі жиегі;
• төменнен – үлкен дөңгелек бұлшық ет;
• ал латералді - иық сүйегінің хирургиялық мойны;
• медиалді - иықтың үш бас бұлшықетінің ұзын

71.Жамбас бұлшықеттері, олардың қызметтері.
Жамбас бұлшықеттері жамбас сүйектері мен омыртқа бағанасының бел және сегізкөз бөлімдерінен басталып, ұршық буынын қоршайды және ортан жіліктің жоғарғы шетіне бекиді.Топографиясына байланысты ішкі және сыртқы топ бұлшықеттерге бөлінеді. Жамбастың ішкі топ бұлшықеттері:
1.Белдің үлкен бұлшықеті m.psoas major, XII кеуде, I-IV бел омыртқалардың бүйір бетінен және барлық бел омыртқаларының көлденең өсіндісінен басталып, бел-мықын бұлшықетін m.iliopsoas құрайды.
2.Белдің кіші бұлшықеті m.psoas minor, тұрақсыз, жіңішке. Ол бел омыртқаларының бүйір беттерінен басталады.Қызметі: мықын бұлшықетінің фасциялық қабықшасын керіп тұру
3.Мықын бұлшықеті m.iliacus, мықын сүйегінің мықындық ойысында fossa iliaca орналасқан. Ол мықын-бел бұлшықетін m.iliopsoas қалыптастырады. Санды үршық буынында бүгіп, сыртқа бұрады.
4.Бел-мықын бұлшықеті m.iliopsoas, бекіну орнында қосылатын екі жеке бұлшықеттен тұрады: үлкен бел бұлшықет m.psoas major және мықын бұлшықеті m.iliacus. Қызметі: санды жамбас буынында бүгіп, сыртқа қарай бұрады. Тұлғаны қалыпты ұстаған жағдайда алға қарай иілтіп төмен тартады. 5.Ішкі жапқыш бұлшықеті m.obturatorius internus, жалпақ пішінді Қызметі: санды сыртқа қарай айналдырады.
6.Алмұрт тәрізді бұлшықеті m.piriformis, сегізкөдің алдыңғы бетінен басталып, кіші жамбас астауынан шонданайдың үлкен тесігі арқылы бөксе аймағына өтеді және ортан жіліктің үлкен ұршығына trochanter major бекиді. Қызметі:ортан жілікті сыртқа қарай бұрады, сонымен қатар оның әкетілуіне қатысады. Жамбастың сыртқы топ бұлшықеттері:
1.Үлкен бөкселік бұлшықет m.gluteus maximus,өте мықты жалпақ бұлшықет. Ол мықын сүйегінің бөкселік артқы сызықшада, сегізкөз бен құйымшақтың сыртқы бетінен басталып, ортан жілік сүйегінің шонданайлық бұдырына бекиді. Қызметі: санды жазады, тұрғанда жамбасты бекітеді және онымен бірге тұлғаны да бекітеді.
2.Ортаңғы бөксе бұлшықеті m.gluteus medius, үлкен бөксе бұлшықеті астында орналасады. Қызметі:санды әкетеді, алдыңғы будалары санды ішке бұрады, артқы будалары сыртқа бұрады. Ортан ділікті бекіткен кеуде жамбасын бүйірге бүгеді. Алға бүгілген тұлғаны тік ұстауға қатысады.
3.Кіші бөкселік бұлшықеті m.gluteus minimus, ортаңғы бөксе бұлшықетінің астында орналасады, жалпақ пішінді. Ол мықын сүйегінің сыртқы бетінің алдыңғы бөкселі сызықшадан linae glutea anterior және төменгі бөкселік бұлшықеттер арасында басталып, ортан жіліктің үлкен ұршығының алдыңғы жиегіне trochanter major бекиді. Қызметі: ортаңғы бөкселің бұлшықеттің қызметіне ұқсас, аяқты алшақтатып, иілген тұлғаны тік ұстауға қатысады.
4.Санның шаршы бұлшықеті m.guadratus femoris, сыртқы пішіні төртбұрышты текше тәрізді болғандықтан, санның шаршы бұлшықеті аталады. Қызметі: санды сыртқа қарай бұрады.
5.Жоғарғы егіз бұлшықеті m.gemellus superior, сүйір келген бұлшықет. Ол шонданай сүйегінің қылтанағынан басталып, ортан жіліктің ұршықтық шұңқырына fossa trochanterica бекиді.Қызметі: санды сыртқа қарай бұру. 6.Төменгі егіз бұлшықеті m.gemellus inferior,шонданай сүйегінің бұдырынан tuber ischiadicum басталып, ортан жіліктің ұршық аралық қырқасына crista intertrochanterica бекиді. Қызметі: санды сыртқа қарай бұрады. 7.Сыртқы жапқыш бұлшықеті m.obturatorius externus, ұшбұрыш пішінді.Жамбас сүйегінің жапқыштық жарғағынан membrana obturatoria басталып, ортан жілік мойнының артымен латералды бағытталып, санның шаршы бұлшықеті m.guadratus femoris асытмен өтіп, ортан жіліктің ұршықтық ойысына fossa trochanterica бекиді. Қызметі: санды сыртқа қарай бұру.
8.Санныі жалпақ шандырын керуші бұлшықеті m.tensor fascia latae, жалпақтау және сәл ұзыншалау келген. Жамбастың латералды қапталында орналасады. Қызметі: санның жалпы фасциялық шандырын керіп, ию кызметін атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет