Бауыр қызметі, асқорытудағы маңызы
Бауыр адам денесіндегі ең ірі без. Оның салмағы ересек адамда шамамен 1,4-1,5 кг, жаңа туған нәрестелерде 135гр. Бауыр құрылысы күрделі, қызғылт қоңыр түсті. Бауыр жасушалары гепатоциттер деп аталады. Бауыр тіні 60% гепатоциттерден 30% жұлдыз тәрізді Купфер жасушаларынан тұрады.
Бауыр тіршілік үшін маңызды мүше болып табылады. Оны Л. Людвиг ағзаның орталық лабораториясы деп атады. Бауырдың қабынуын гепатит деп атайды. Бауыр ағзадағы барлық зат алмасуға қатысады.
1.Көмірсу алмасуға қатысады. Қан арқылы келген артық қантты гликогенге айналдырып, қор етіп сақтайды.
2.Бауыр ақуыз алмасуына қатысады. амин қышқылдары дезаминденіп, мочевина түзіледі. Қан белоктары: альбумин, глобулин, фибриноген түзіледі.
3.Май алмасуға қатысады: оның тотығуы нәтижесінде кетондық заттар пайда болады, сондай-ақ май қышқылдарынан фосфолипид түзіледі.
4.Витаминдер алмасуына қатысады. Мұнда А витамині түзіледі. Майда еритін дәрумендер алмасуы осы жақта өтеді. Кейбір дәрумендер бауырда қор болып жиналады.
5.Өт түзу қызметі: кейбір заттар өтпен бірге сыртқа шығарылады.
6.Бауыр ұрықтың дамуының бірінші айында пайда болып, тез өседі, сондықтан да салыстырмалы салмағы көбірек болады. Екі ай толғаннан кейін, бауыр қан жасайтын мүшеге айналады. Бала дүниеге келгеннен соң, ол жұмысын тоқтатып, қан қоймасы ретінде айналасындағы барлық қанның 20 - 30%-ын тамырға айдап отырады.
8.Гомеостаздың тұрақтылығын сақтайды.
9.Терморегуляция, яғни ағзадағы жылуды реттеуге қатысады.
10.Дененің қорғаныс қызметіне қатысады-мұнда иммундық жүйеге қатысатын бірқатар глобулиндер түзіледі.Нәрестенің құрсақта дамуы кезінде В- лимфоциттер, Т- супрессорлар бауырда жетіліп, қанға түседі.
11.Пигменттер алмасуға қатысады-өт құрамындағы билирубин пигменті ішекте стеркобилин мен уробилинге ыдырайды.
12.Бауыр уыт қайтарғыш мүше- Ішектен қақпа венасына өткен улы заттар бауырда бейтараптанады.
Достарыңызбен бөлісу: |