Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Несеп қуығы, құрылысы мен қызметі



бет65/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Несеп қуығы, құрылысы мен қызметі.
Несеп қуығы, мочевой пузырь, vesіca urіnarіa, грекше- cystos, сыйымдылығы 250-500мл жуық, несеп жинау қызметін атқаратын, тақ, қуысты мүше. Оның пішіні несеппен толуына байланысты өзгереді.
Топографиясы. Несеп қуығы кіші жамбас астауында орналасады. Несеп қуығының алдыңғы жағында шат симфизі, артында еркектерде шәует қуықшалары, шәует шығаратын түтіктердің ампуласы мен тік ішек, ал әйелдерде жатыр және қынаптың жоғарғы бөлігі орналасады.
Құрылысы. Несеп қуығының денесі, мойны, түбі және ұшы болады. Мүшенің құрсақтың алдыңғы қабырғасына бағытталған, алдыңғы жоғарғы бөлігі қуық ұшы, apex vesіcae, деп аталады. Қуық ұшы айқын шекарасыз қуықтың кеңейген бөлігі – қуық денесіне, corpus vesіcae, жалғасады. Қуық денесі артқа және төмен бағытталған қуық түбіне, fundus vesіcae, жалғасады. Несеп қуығының төменгі бөлігі оймыш тәрізді тарыла, несеп шығаратын өзекке өтетін жері қуық мойны, cervіx vesіcae, деп аталады. Қуықтың төменгі бөлігінде несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі,ostіum urethrae іnternum, болады.
Несеп қуығының қабырғасы шырышты қабық шырыш асты негізімен, бұлшықетті және дәнекер тінді қабықтардан тұрады. Шырышты қабығы өтпелі эпителиймен астарланып, көптеген қатпарлар түзеді. Несеп қуығы түбінің алдыңғы бөлігінде үш тесік орналасады: екі несепағар тесіктері мен несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі. Олардың арасында несепқуық үшбұрышы орналасады. Үшбұрыш аймағының шырышты қабығында шырышасты негізі болмайды және шырышты қабығы қатпар түзбей бұлшықетті қабықпен бірігіп кетеді.
Бұлшықет қабығы бір-бірімен тығыз байланысқан сыртқы-бойлық, ортаңғы-дөңгелек және ішкі-қиғаш-бойлық тегіс ет талшықтарынан тұрады. Несеп қуығы толған кезде қабырғасы 2-3мм дейін жіңішкереді. Несеп қуығы босап, оның көлемі кішірейгенде қабырғасы жиырылып, қалыңдығы 12-15мм дейін қалыңдайды.


Еркек пен әйелдің несеп шығарушы өзектері. Құрылысы мен қызметтері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет