Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Еркектің несеп шығаратын өзегі, мужской мочеиспускательный канал, urethra masculіna



бет66/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Еркектің несеп шығаратын өзегі, мужской мочеиспускательный канал, urethra masculіna, ұзындығы 16-22см жуық болатын жұмсақ эластикалық түтікше. Ол несеп шығарумен қатар шәует те шығару қызметін атқарады.
Несеп қуығындағы несеп шығаратын өзектің ішкі тесігінен басталып, жыныс мүшесі басында орналасқан несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігіне, ostіum urethrae externum, дейін созылады. Еркектің несеп шығаратын өзегі қуықасты, жарғақты және кеуекті бөліктерден тұрады. Қуықасты бөлігі, pars prostatіca, қуықасты безінің ішінде орналасады. Өзектің жарғақты бөлігі, pars membranacea, қуықасты безінің түбінен басталып, жыныс мүшесінің жуашығы тұсында кеуекті бөлігіне өтеді. Кеуекті бөлігі, pars spongіosa, жыныс мүшесінің басында аяқталады.
Әйелдің несеп шығаратын өзегі, женский мочеиспускательный канал, urethra femіnіna, еркектікімен салыстырғанда жалпақ, ұзындығы 2.5-3.5см, диаметрі 7-10мм болатын тік түтік тәрізді мүше. Өзек қынап тесігінен жоғары әрі алдыңғы жағына ашылады.
Оның қызметі – тек несепті сыртқа шығару. Өзектің несеп-жыныс көкетінен өтер жерінде, адам еркіне бағынатын несеп шығаратын өзектің сыртқы қысқышы, m.sphіncter urethrae externus, болады. Өзектің қабырғасы шырышты, кеуекті, бұлшықетті және дәнекер тінді қабықтардан тұрады.
Несеп түзілу кезеңдері
1) Шумақтағы сүзілу- фильтрация;
2) Түтікшелердегі қайта сіңу- реабсорбция.
Шумақтағы сүзілу фильтрация. Мальпиги шумағындағы капиллярларда қан плазмасы құрамындағы заттар фильтрациядан яғни сүзгіден өтеді. Фильтрация кезінде қандағы ақуыздар мен пішінді элементтер өте алмайды. Шумлянский Боумен капсулады алғашқы несеп түзіледі. Алғашқы несептің қан плазмасымен бірдей, бірақ несепте ақуыз болмайды. Алғашқы несептің көлемі тәулігіне 150-180 литрді құрайды. Осынша көп болу себебі, шумақтағы қан қысымының жоғары болуына байланысты.
Түтікшелердегі қайта сіңу реабсорбция. Капсулада пайда болған алғашқы несеп түтікшелерге қарай өтеді. Осы бүйрек түтікшелерде алғашқы несептің құрамындағы кейбір заттар таңдамалы түрде қанға қайта сіңіреле бастайды. Мұны түтікшелердегі қайта сіңу немесе реабсорбция деп атайды. Қанға тұздар, су, глюкоза, аминқышқылдар сіңеді. Нәтижеде жинақтаушы түтікшеде соңғы несеп пайда болады. Соңғы несептің құрамында мочевина, несеп қышқылы, креатинин шлактары қалады. Соңғы несептің тәуліктік мөлшері 1-1,5 литр.Мұнда несеп түзілуінің үшінші кезеңі секреция жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет