Анатомия кафедрасы



Дата26.01.2022
өлшемі151,13 Kb.
#129928
Байланысты:
1 сабақ 1 нұсқа






«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»


Анатомия кафедрасы


Әдістемелік нұсқау

«Стоматология»



Редакция: 1

беттің -сі



«Стоматология» мамандығы бойынша 1 курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау

Сабақтың тақырыбы: Анатомияға кіріспе. Халықаралық анатомиялық номенклатура. Адам денесінің негізгі біліктері мен жазықтықтары. Остеологияға кіріспе. Қаңқаға жалпы шолу. Тұлға және қол-аяқ сүйектері.

1 вариант



1 тапсырма. Тест сұрақтары (бір және бірнеше дұрыс жауаптарымен).

Әр сұрақ – 5 балл. Максималды балл – 35.
1. VI мойын омыртқасының ұйқы төмпешігі орналасады:

А) көлденең өсіндіде

B) қылқанды өсіндіде

C) жоғарғы буындық өсіндіде

D) омыртқа денесінде

E) төменгі буындық өсіндіде

2. Төстің құрылымдық бөліктері:

A) қабыршағы

B) денесі

C) ұшы


D) сабы

E) семсертәрізді өсіндісі

3. Жалған қабырғаларға жатады:

А) І-қабырға

B) VII-қабырғада

C) VIII-қабырғада

D) IХ-қабырғада

E) Х-қабырғада

4. Алдыңғы және артқы доғалары болатын мойын омыртқасы:

A) VII


B) I

C) II


D) V

E) VI


5. Көлденең өсіндісінде тесік болатын омыртқалар:

А) мойын омыртқалары

B) кеуде омыртқалары

C) бел омыртқалары

D) сегізкөз омыртқалары

E) құйымшақ омыртқалары

6. Медиалды толарсақ орналасады:

А) тоқпан жілікте

В) асықты жілікте

С) жіліншікте

D) жамбас сүйекте

Е) ортан жілікте

7. Түтікті сүйектердің денесінің ортаңғы бөлігі аталады:

А) диафиз

B) эпифиз

C) метафиз

D) апофиз

E) диплоэ




2 тапсырма. Суретте 5 қадам. 1 қадам - 7 балл. Максималды балл - 35 балл.

.



3

5

2

1

4




1 анатомиялық құрылым




2 анатомиялық құрылым



3 анатомиялық құрылым



4 анатомиялық құрылым



5 анатомиялық құрылым

3 тапсырма. Жағдайлық есептерді шешу. Дұрыс орындалған бір тапсырма үшін - 15 балл. Максималды балл - 30 балл.

1 есеп. Қабырғалардың реттік нөмірін анықтау үшін клиникада кейбір сүйектік бағдарларды қолданады. Ондай бағдарларға кеуде қуысының алдыңғы бетінде - бұғана, төс, қабырға доғасы, ал артқы бетінде – жетінші мойын, барлық кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділері, жауырынның төменгі бұрышы жатады. Сүйектік бағдарларды кеуде қуысында орналасқан ағзалардың проекциясын анықтау үшін және патологиялық үдерістің кеуде қуысында таралуын анықтау үшін қолданады.

1. Кеуде торының алдыңғы бетнде орналасқан сүйектік бағдарларды атаңыз.



2. Кеуде торының артқы бетінде орналасқан сүйектік бағдарларды атаңыз.

Жауап:
Сұрақ: Жамбас белдеуінің сүйектерін атаңыз. Олар қай жаста толығымен бтітседі?
Жауап:


Дайындаған: Искиндирова А.М.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет