Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет21/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АЛАШ – АЛАШ БОЛҒАНДА,
АЛА ТАЙ АТ БОЛҒАНДА,
ТАҢБАСЫЗ ТАЙ, ЕНСІЗ ҚОЙ БОЛҒАНДА,
АЛАША ХАН БОЛҒАНДА
Есте жоқ ескі заманда Сыр бойында отыз екі баулы (рулы) елді билеген Қызыларыстан
атты хан болса керек. Күндердің бір күнінде Қызыларыстанның жорықта олжа болған әйелінен
ерекше бір ұл бала туады. Баланың тұла бойы алапес болса керек. Қызыларыстан хан баласы-
ның алапес болып туғанын жаман ырымға балап, Бетпақтың шөліне апарып тастайды (аңыздың
келесі бір нұсқасында Сырдың суына ағызып жібереді). Тағдыр жазып алапес балаға перзент-
тен зарығып жүрген бір пақыр тап болып, асырап алады. Бала ақылына қайраты сай жігіт болып
ер жетеді. Төңірегіне даңқы жайылып, Алаша атанады.
Алашаның даңқы Қызыларыстан ханға да жетеді. Содан, хан өзінің қараша биі Қотанмен
ақылдасқан екен (аңыздың кейбір нұсқасында Майқы бидің де аты аталады), Қотан би: «Нағыз
ер болса, елге қорған, жұртқа пана болар, ордаға шақырайық», – деп, Үйсін деген үлкен ұлы-
ның жанына жүз жігіт қосып аттандырады. Үйсін Алашаны іздеп тауып, таныс-біліс болған


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
17
соң, сонда қалып қояды. Келесі жылы Қотан би Ақжол (Болат деп те айтылады) деген бала-
сының жанына жүз жігіт қосып аттандырған екен, ол да Алашаның жанында қалып қояды.
Қотан би үшінші жылы Алшын деген кіші ұлының жанына жүз жігіт қосып аттандырса, олар
да қайтпапты.
Сөйтіп, Алашаға келіп қосылған үш жүз жігіт үлкен күшке айналып, төңірегіне ықпалын
жүргізіп, өсіп-өнеді. Алаша хан болып, қарауындағы ел Алаш жұрты атанады. Алаш жұрты
өсіп-өне келе Үйсін бастаған жүз жігіттің әулеттері – Ұлы жүз, Ақжол бастаған жүз жігіттің
әулеттері – Орта жүз, Алшын бастаған жүз жігіттің әулеттері – Кіші жүз болып белгіленеді.
Қазақ арасында күні бүгінге дейін айтылатын «Алаш – Алаш болғанда, ала тай ат болғанда,
таңбасыз тай, енсіз қой болғанда, Алаша хан болғанда» деп басталатын қария сөз сол заманнан
жетсе керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет