Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АҚҚОЖА БАТЫРДЫҢ ЖАТУЫ ЖОҚ



Pdf көрінісі
бет17/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АҚҚОЖА БАТЫРДЫҢ ЖАТУЫ ЖОҚ,
БҰЛ ТАҢНЫҢ АТУЫ ЖОҚ
Ертеректе Атырау өңірінде Аққожа деген кісі болыпты. Аты аңызға айналған аңқау,
ұмытшақ, қорқақ екен. Бірде бәйбішесі баласының ауырып жатқанын айтып, оны күндік
жердегі емшіге жұмсапты. Аққожа атына мініп жүре береді. Күн кешкіріп, емшінің ауылы-
ның шетіне кіре бергенде, абалап қарсы ұмтылған ауыл иттерінен есі шыға қорқып, неге
келе жатқанын да ұмытып, күншілік жердегі өз ауылына кері шабады. Өзі де, аты да шар-
шайды. Далаға жата кетуге, қоңырлықта жыланнан, шағыл басында бөрі-қарыдан қорқып жүре
береді. Алайда, шаршаған ат пен таң ұйқысы еріксіз кідіртеді. Атынан түскен Аққожа дойы-
рын қолына қысып ұстап, көзін ілмей, қауіп күтіп отыра беріпті. Таңғы ұйқы қойсын ба, бір
қалғып кеткенінде, басындағы киіз қалпағы алдына жалп ете түседі. Шошып оянған Аққожа
оңтайлап отырған дойырымен ал төпейді кеп. Жарық түсе қараса, ұзақ таң төпейлегені өзінің
жүн болып ұшып жатқан киіз қалпағы екен. «Аққожа батырдың жатуы жоқ, бұл таңның атуы
жоқ», – деген сөз содан қалыпты.


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
15
Бұл сөз тіркесінің мағынасы – сен де тыным таппай, тыншымай қойдың, уақыт та
өтпейді деген ұғымды аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет