Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет16/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АҚҚАН СУҒА ДА БІР ТОСУ
Алуа заманында ақын да, керекті жерінде тапқыр екен. Сол елде Кенже деген атағы
шыққан адам болыпты. Сол Кенже көптің алдында, тар жерде Алуаға:
– Әй, қатын, бері кел! – депті. Алуа:
– Кенже, атың бар-ау, әйтпесе барып сыбағаңды берер едім, – дегенде, көптің арасында
отырған қарт:
– Шырағым, реті келген жерде тартынып қалма, – депті.
Сонда Алуа:
Кел дейсің, келгің келсе, сен келе кет,
Кел дағы, жігіт болсаң, сертіңе жет.
Кел деген ауыз байлық неге керек,
Келмесең, келгендерден садаға кет! – дегенде, отырғандар жадырай бір күліп. «Аққан
суға да бір тосу!» десіпті.
Бұл – бетімен кеткен, бейпіл сөзді адамға да бір тосу бар дегені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет