Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АЙДАБОЛ, ҚАРЖАС – ЕМШЕКТЕС



Pdf көрінісі
бет13/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АЙДАБОЛ, ҚАРЖАС – ЕМШЕКТЕС
Көшкіншілік-үркіншілік кезінде Мейрамсопыдан туған Қуандық пен Сүйіндік бір бала
тауып алады. Балаға екеуі таласып, бір пәтуаға келе алмайды. Сөйтіп, шешесі Нұрпияға жүгі-
неді. Нұрпия ана асық қаржылаңдар (иіріңдер) депті. Қуандық жасының үлкендігіне, мінезінің
адуындығына бағып, «алшы түссе де, тәуке түссе де, бүк түссе де, шік түссе де менікі» деп
отырып алыпты. Сүйіндік шешесіне шағынып: «Апа-ау, осындай да қиянат бола ма екен?» –
десе, Нұрпия шешесі: «Балам, бұйырғаны болар, асықтың омпа деген бесінші жағы да бар емес
пе?» – депті. Содан, асықты қаржып жібергенде омпа түсіп, бала Сүйіндікке бұйырып, сол
баланың Қаржас атануы осыдан еді дейді.
Бұл кезде Сүйіндіктің әйелі жас босанып отырса керек, Айдабол деген баласы бар екен.
Жас ана Айдабол мен Қаржасты қатар емізіп өсіріпті. Әлгі, «Айдабол, Қаржас – емшектес»
деген сөз содан қалған дейді.
Шежіре деректерінде Арғыннан – Дайырқожа, одан – Қарақожа туыпты дейді.
Қарақожаның бәйбішесінен – Мейрамсопы туады. Мейрамсопының бәйбішесі Нұрпиядан
(кейде Нұрқия, Әргүл) – Қуандық, Бегендік, Жегендік, Сүйіндік туған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет