Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АЛТЫ АЛАСЫҢ, БЕС БЕРЕСІҢ БАР



Pdf көрінісі
бет25/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АЛТЫ АЛАСЫҢ, БЕС БЕРЕСІҢ БАР
Бір кедей жігіт темір ұстасына көрікші болып жалданады. Жалақысына күн сайын үш
теңге алып тұруға уәделеседі. Бұған жігіттің әке-шешесі қуанып қалады. «Әрқайсымызға
күніге бір теңгеден келетін болды ғой», дейді шешесі мәз болып. «Балам, жылына бір мың сек-
сен теңге алатын болыпсың», —дейді әкесі. Жігіт ұстаханада мінсіз еңбек етеді. Көрік басумен
бірге балға соғады, көмір тасиды, су әкеліп, от та жағады. Ұста жасаған ат тағаларын,
кетпені мен орағын базарға апарып сатып, ақшасын әкеліп беріп тұрады.
Ұста мекерлеу адам болып шығады. «Көріктің шанағын жардың, балғаның сабын сын-
дырдың, көмірді күл етіп жібердің, сатқан бұйымдардың ақшасын түгел әкелмедің», —деп, ол
жігітті әр жолы кінәләй береді.
Жыл өтеді. Есеп айырысатын күн келеді.
– Балам, алты аласың болса, бес бересің де болады, —деп, ұста көрікшіге
Запыс* – ығыры шығу.
Пәтуа* – келісім.
жарты қалта теңге беріп, арқасынан қағып, шығарып салады.
Жігіт үйге келгенде, әке-шешесі одан қанша теңге әкелгенін сұрайды.
– Ақшаның алты аласын алып, бес бересін беріп келдім, —дейді.
Ұста көрікші жігітке қанша ақша төлеген?


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
19
Түсінектемесі: Ұста келісім шарттағы бір мың сексен теңгені алтыға бөліп, соның бір
бөлігін ғана көрікші жігітке берген. Басқасын «бес бересі» ретінде ұстап қалған.
Жауабы: Көрікші жігіт бір жүз сексен теңге алған.
«Алты аласың, бес берешегің бар ма» деп те айтылады.
«Маған өткізіп қойғаның бар ма» деген сөзбен мәндес қанатты сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет