Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АЛТЫ ШАҢЫРАҚТЫҢ ІРГЕСІ АЖЫРАМАСЫН



Pdf көрінісі
бет26/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АЛТЫ ШАҢЫРАҚТЫҢ ІРГЕСІ АЖЫРАМАСЫН
Ертеректе Сырым батыр бес-алты серігімен жол жүріп келе жатып, Мөңке бидің ауылы-
ның үстінен түсіпті. Мұнда той қызып жатыр екен. Кенже баласы аяқтанып, жаңа құдалар да
осында болып шығады. Жекжаттарымен қатар келіп қалған құдайы қонақтарды Мөңке би өзі
отырған үйге түсіреді. Астан соңғы бата беру сәтінде Сырым сөзін:
– Алты шаңырақтың іргесі ажырамасын, – деп бітіреді.
Бұған Мөңкенің құдасы түсінкіремей қалып, «алты шаңырақтың іргесі ажырамасын-
ның» сырын сұрайды. Сонда Мөңке оған:
– Құдай қосқан екеуміз жакжат болып отырмыз. Сенің қызың маған келін болып түсті.
Ол үш шаңыраққа ие болады. Біріншісі – келген жұрты, екіншісі – нағашы жұрты, үшіншісі –
өз төркіні. Сол сияқты менің ұлым саған күйеу бала болады. Ол да үш шаңыраққа ие: өз
жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Екі бала қосылып, алты шаңырақты шығарып тұрған
жоқ па? Осы алты шаңырақты құрап отырған алты рулы елдің аузы бір, ынтымағы берік болмай
ма? – деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет