К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
24
Бұрынғы заманда Арсалаң деген бір қыңыр кісі өмір сүріпті. Жұрт не айтса соның бәрін
керісінше істепті. Біреу: «Қой, өйтпе!» десе, одан сайын өршелене түседі екен. Өзі соншама
қайратты
болғанымен, аңғалдау екен.
Осындай кері кеткен дүлейден әбден ығыры шыққан халық одан қалай құтылудың жолын
іздестіреді. Содан бір күні келісіп, жардың басына ас беретін болады. Оған Арсалаң да барады.
Арсалаңға: «Жардың жағасына отырма», – дейді. Ол барады да жардың жағасына отырады.
Жайғасып болған кезде біреуі: «Арсалаң, бері отыр!» – дейді.
Арсалаң ары отырамын деп
қозғалған кезде, жардан құлап кетіпті. Содан ел ішінде қырсық, кесір адамдарды әжуалап айта-
тын: «Арсалаң,
бері отыр десе, ары жығылыпты», – деген сөз қалған екен.
Достарыңызбен бөлісу: