Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АҢДАМАЙ СӨЙЛЕГЕН АУЫРМАЙ ӨЛЕДІ



Pdf көрінісі
бет34/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АҢДАМАЙ СӨЙЛЕГЕН АУЫРМАЙ ӨЛЕДІ
(Екінші нұсқа)
Көтібар деген батырдың аты қалай қойылған? Қазақ кейде не болса соны қоя береді деуге
бола ма? Жоқ. Ел ішіндегі аңыз бойынша, бір қатал бай бір кедейдің қызын қалың мал беріп,
тоқалдыққа алады. Ол қыздың аяғы ауыр (жүкті) болып, айы-күні жетіп, босануға таянғанда
бай былай депті:
– Егер тоқал қыз туса, оны сол бойда өлтіріңдер. Ал егер ұл туса, онда сәбиді алақанға
салыңдар.
Сәби дүниеге келгенде босандырушы әйелдердің бірі: «Әй, көті бар, көті бар», – деп
айқаласыпты. Сірә, мұнысы қуанғанынан ер бала, ұл бала туды дегені ғой. Осы хабар сол бойда
байға жетеді.
Бай айтыпты:
– Сол көті бар деп айқайлағанды құдай да, сәби де естіпті ғой. Олай болса сәбидің аты
Көтібар болсын!
Сөйтіп, сәбиге Көтібар деген ат осылай қойылған екен.
Ал Көтібар кім? Ол – әрі батыр, әрі мырза, әрі заманының абзал азаматы болған адам.
Сол Көтібардың үйінде бір жолаушы қарт кісі намаз оқып, сусындап кетейін деп түседі.
Намазын оқып, бір аяқ қымыз ішіп отырғанда, Көтібар батыр әлгі қарттан:
– Қосағасы, атыңыз кім? – деп сұрайды.
– Атым Адыраспан, – дейді қарт.
– Апыр-ай, адыры адыр болсын, аспаны несі екен? – леп таңданады Көтібар.
– Қазақ атты қоя береді ғой. Атты тауып қойса, өзінің ғұрпындағы атты қояды. Егер таба
алмаса, өзінің бұтындағы көтін қояды ғой, – депті қарт.
Сонда Көтібар: «Қазақта аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген мақал бар еді. Сол рас
екен. Мен ұтылдым. Ал сізге кетуге рұқсат жоқ, бір малдың басын жеп кетіңіз», – деп жібермей
мал сойып, қонақ етіп аттандырыпты әлгі қартты. (М. Жадановтан).
Мұндағы Көтібар батырдың толық аты-жөні: Көтібар Бәсенұлы (шамамен 1757—
1833) – Кіші жүз құрамындағы Әлім тайпасының Шекті руынан шыққан батыр. Атақты
Бәсен батырдың алты баласының біреуі. Жастайынан Шекті руы мен түркімендердің ара-
сындағы шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Соңғы жылдары негізгі өмірі Ресей отаршыл-


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
23
дық саясатына қарсы күреспен өткен. Көтібар бейнесін М. Әуезов өзінің «Айман-Шолпан»
пьесасында пайдаланған.
Ал мәтелдің мағынасы: Аты-жөні жоқ ойланбай, аңғырт сөйлеген адам жазасын
алады, сазайын тартады дегенге келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет