Көлденең жолақты қаңқалық: қаңқа еттері, тіл, көз, жұтқыншақ, өңештің жоғары бөлігі, көмей.
Адам салмағының 40%-ын алады.
Қызметі: -ми қыртысымен байланысты,адамдағы ерікті қимыл әрекетке жауап береді,
-кеңістікте дененің қозғалуы,
-денені бірқалыпта ұстау,
-қан мен лимфаның жылжуын қамтамасыз етеді,
-жылу өндіру.
Бірыңғай салалы бұлшық ет: теріде, ішкі ағзалардың, сөл мен несеп түтіктерінің, қан және лимфа тамырлары, өкпе, кеңірдек, жыныс ағзалардың қабырғалары.
Жалпы бұлшық ет тіндеріне қозғыштық, қозуды өткізу қасиеті тән. Ет тіндерінің 2-типті талшықтары болады: - интрафузальды
-экстрафузальды
Ет талшықтарының қозуды өткізу шапшаңдығы сомалық жүйке талшықтарынан төмен. Қозу ет талшығының сарколеммасы арқылы әртүрлі жылдамдықпен өтеді. Мысалы: қаңқа етінде секундінде 3,5-14м; бірыңғай салалы етте 0,5мм-ден 5-10 см-дей өтеді.
Ет тіні серпімді болады. Ет талшығын босатсаң, ұзындығы сол бастапқыда қалай болды, сол орынға қалпына келеді.
Өткізгіштік қасиет та тән болады. Яғни, қозуды өткізу қабілеттілігі.
Еттің лабилдігі- 200-300.
1 бұлшықеттегі мифибриллар саны 2000 жоғары. Ұзындығы 2-3мм болатын саркомер жиырлғыштың бірлігі болып саналады.
Ең басты қасиеті мен қызметі- жиырылу.
Жүрек етінде- автоматиялық қаисеті бар. Орталық жүйке жүйесінің әсерімен жиырылады. Қаңқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен байланысты.
Егер әртүрлі себептермен ет ұзақ уақыт жиырылмаса- атрофия.
Етті арнайы әдіспен шынықтырып, жеке ет талшықтары үлкейеді- гипертрофия.
Практикада етті тікелеі не болмаса жүйке арқылы әсер етіп қоздырып көруге болады. Жиырылу- сырттан келген тітіркеніске жауап. Бір эфференттік жүйе тармақталып, талшықтармен мионевралдық түйіспе құрайды. Ет талшықтарының саны : 3-6дан 2000-ға дейін.
12. Бұлшықет жиырылуының механизмі. ӘП, саркоплазмалық ретикулумның, Са иондарының, АТФ ролі. Енді, алдымен миофбирилланың құрылымын білу керек. Қаңқа еті-көлденең жолақты миоциттен тұрады. Талшығы цилиндр тәрізді, ұзындығы 10-см. Миоцитті қаптап тұратын сарколемманың саркоплазмаға қарай шығатын Т-өсінділері болады. Олар миофибрилді саркомераға бөлетін Z мембрана тұсында пайда болады. Сарколемманың ішінде цистерна болады. Жиырылуы мен босаңсуы саркоплазмадағы миофибрилдердің ұзындықтарының өзгеруіне байланысты болады. Олар осылай қатар-қатар орналасқан жіпшелердің будасы. Саркомердің құрамында актин және миозин талшықтары болады. Актиннің ұшы миозинге жартылай кіріп орналасады. Миозин жіпшесі күңгірт, актин ашық бөлігінде болады. Бұл бөліктер кезек орналасқан. Бірінші қатар күңгірт, екіншісі ақ болып келетіндіктен, долақ-жолақ болып көрінеді.
Миозин 150 молекуладан тұрады. Әр жіпшеде 2 басы болады. Осы басымен миозин актинге жабысады. Осы өсіндінің АТФ-ты ыдырататын қасиеті болады.
Актин шиыршықты жіпшеден тұрады. Құрамында тропонин және тропомиозин белогі бар. Тропомиозин-актиннің миозинге жабысатын жерді жауып, миозиннің актинге жабысуын кедергі жасайды. Тропонин- ТпІ,ТпС,ТпТ суббірліктерінен тұрады. Тропонин І- миозиннің актинмен әрекеттесуіне кедергі келтіреді. Тропонин С-өзіне кальцийді байлайды, тропонин Т-барлық кешеннің тропомиозинге бекінуін қадағалайды.