ЭТЭ көптеген ауруларда қан белок плазмаларының сапалық және сандық өзгерістері әсерінен жоғарылауы мүмкін.
2 % науқастарда (тіпті ауыр жағдайда да) ЭТЖ қалыпты болып қала береді;
ЭТЖ аурудың бірінші күні жоғарыламайды, тек екінші күнінен бастап жоғарылайды;
Аурудан жазылғаннан кейін ЭТЖ бірнеше апта, кейде 1 ай бойы жоғары сақталуы мүмкін.
Кей кезде сау адамдарда ЭТЖ 100мм/сағ дейін жоғарылауы мүмкін.
ЭТЖ тамақ ішкеннен кейін 20 мм/сағ дейін жоғарылайды.
Сондықтан анализді аш қарынға алу аса маңызды.
Егер лабараторияда температура 24 граддустан жоғары болса, эритроциттер жабысу процессі бұзылып, ЭТЖ төмендейді.
Бұл анализдің жалған нәтиже көрсетуіне алып келеді. ЭТЖ жалпы қан анализінің міндетті критерийлерінің бірі.
ЭТЖ-да 2 әдіс жүргізіледі:
Вестергрен әдісі. 2 мл веналық қанды 0,5 мл натрий цитраты және антикгулянтпен бірге араластырады. Қоспаны жіңішке пробиркаға 200 мм деңгейге дейін құйып, вертикальді штативке орналастырады. Бір сағаттан кейін милиметр бойынша плазманың жоғарғы шекарасынан эртироциттер деңгейіне дейін өлшейді. ЭТЖ өлшеу бірлігі мм/сағ.
Панченкова әдісі. Бұл зерттеуде саусақтан капиллярлы қанды пайдаланады. 1 мм диаметрі бар шыны пипетка көмегімен 50 мм натрий цитратын алып, пробиркаға құяды. Кейін 2 рет пипеткамен саусақтан қан алып, натрий цитраты бар пробиркаға құяды. Осылай антикогуянт пен қан ара қатынасы 1:4 тең болады. Осы қоспаны шыны капилярға 100 мм деңгейге дейін құйып, вертикальді жағдайға орналастырады. Нәтижелерін бір сағаттан кейін бақылайды.
Сүйек миын, көк бауырды, лимфа түйіндерін зерттеу
Пункция (лат. punctio - укол) - шприц инесі арқылы дене қуысын тесу. Пункция арқылы дене қуысына жиналған сұйықты немесе газды сыртқа шығарады. Мысалы: іш кепкенде, құрсақ ішіне сарысу жиналғанда және жұлын миға сұйық жиналғанда пункция жасаймыз .Пункция диагностика қою немесе емдік мақсатта жасалады. Диагностикалық пункция адам тінінде немесе ағзасындағы патологиялық процестерді зерттеу мақсатында, сол ағзадан не тіннен сұйықтық (ірің, сарысу) алу үшін жасалады.