Қанды зерттеу әдістері: nb! жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық



бет1/6
Дата02.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#194654
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қан түзу жүйесі насқастарды тексеру әдістері


.
Тақырыбы: Қан түзу жүйесі ауруларының зертханалық аспаптық диагностика әдістері

Қанды зерттеу әдістері:

NB! жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық.

Клиникада қанды морфологиялық зерттеу кеңінен қолданылады. Бұл тәсілмен қанның пішіндік элементтерінің сандық және сапалық жағдайын бағалайды: эритроциттердің саны мен оның құрамындағы гемоглобин мөлшерін, лейкоциттердің жалпы саны мен әр түрлі пішіндерінің өзара қатынасын, тромбоциттердің санын анықтайды

  • Клиникада қанды морфологиялық зерттеу кеңінен қолданылады. Бұл тәсілмен қанның пішіндік элементтерінің сандық және сапалық жағдайын бағалайды: эритроциттердің саны мен оның құрамындағы гемоглобин мөлшерін, лейкоциттердің жалпы саны мен әр түрлі пішіндерінің өзара қатынасын, тромбоциттердің санын анықтайды

Қан алу.

  • Қан сол қолдың төртінші саусағынан немесе шынтақ венасынан алынады. Ол үшін қанды бір рет қана қолданылатын скарификатор – инелермен алу міндетті. Спиртпен , кейін эфирмен сүртіп дайындап, саусақтың басын жұмсақ жерінен теседі. Алғашқы қан тамшысын құрғақ мақтамен сүртіп тастайды.

Гемоглобин.

  • Ер адамдарда 130-160 г/л, әйелдерде 120-140 г/л Гемоглобин (Hb) –бұл оттегі тасымалдауға қабілеті бар, темір атомы бар белок (ақуыз). Гемоглобин эритроциттерде болады. Гемоглобин өлшем бірлігі грамм/литр. Гемоглобин деңгейі қалыпты болу ағза үшін маңызды, себебі гемоглобин жетіспеу кезінде ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады.
  • Гемоглобин жоғарылау себебі:

  • Сусыздану (су ішудің азаюы, шөлдеу, бүйрек жұмысының бұзылуы, қант диабеті, көп мөлшеде құсу және іш өту, зәр айдағыш заттарды пайдалану);
  • Жүректің немесе өкпенің туа пайда болған ақауы;
  • Жүрек немесе өкпе жетіспеушілігі;
  • Бүйрек аурулары (бүйрек артериясының стенозы, қатерсіз ісіктер)
  • Қан түзу ағзаларының аулары (эритемия);


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет