«Анемия» сөзі қазақша »қаназдық» дегенді білдіреді, яғни анемиямен ауыратын адамның
қаны аз деген сөз. Кейде қаны толық жеткілікті бола тұра, гемоглобині және қан құрамындағы эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) аз болуы да қаназдықтың пайда болуына әсер етеді. Қаны аз адамдар шаршағыш болып, әлсіреп, басы айнала беретін болады. Тіпті кей жағдайда, қанның құрамында темір тапшылығы баланың психикалық ауытқуларына да әсер етеді екен. Ол көп жағдайда білінбей жүреді, сондықтан дер кезінде ем қабылдаған дұрыс.
Гемоглобин туралы. Гемоглобин — қанды бояп тұратын қызыл дақ. Гемоглобин екі бөліктен тұрады: гемо молекуласы және глобин 4 түрлі ақуыз молекуласынан тұрады. Гемоглобин синтезі үшін темір (темір ионы) керек, темірге нәр беретін заттар — түрлі тағамдар.
Фолий қышқылы (Фолиевая кислота). Бала организімінде темір жеткілікті бола тұра, қаназдық бола береді. Гемоглобин синтезі үшін фолий қышқылы қажет. Сондықтан оны дәрумендер қатарына жатқызады.
Анемияны анықтау Эритроциттер құрамы мен гемоглобин құрамын тексергеннен кейін дәрігер анемияның ненің әсерінен болғанын анықтайды. Гемоглобин синтезі тек темірдің жетіспеушілігінен ғана емес, ақуыздың да жетіспеушілігінен де орын алып жатады.
Фолий қышқылы тек қан айналымының дұрыс жүруіне ғана пайдалы емес, сонымен қатар, іште жатқан баланың да дамуына зор ықпал етеді. Балаларға да Фолий қышқылы қажет. Ол емшек сүті, сиыр сүті, жануарлар еті, жасыл жемістердің, жаңғақтардың құрамдарында бар.
Анемия қай кезде өршиді? Бала темірді, фолий қышқылын, ақуызды қажетті мөлшерде тамақ құрамынан ала алмағандықтан анемия пайда болып, ауру өршиді. Өнеркәсіп көп орналасқан экологиясы нашар қалаларда, көп жағдайда, 3-6 жас аралығындағы балалар қаназдыздық ауруымен жиі ауырады.
Сиыр сүтін қайнатпай ішу қан азаюына өз септігін тигізеді екен. Оның құрамында темір аз болса да, ақуыз көп болғандықтан қанды азайтады. Сондай-ақ, түрлі инфекциялық аурулар кезінде де анемия пайда бола