Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы дуниеге келген.Ол аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.
31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу қаласында Қ. Сәтбаев қайтыс болған.
Ұзын бойлы, ақсары, кең маңдайлы, жүзінен нұры төгіліп тұратын қазақтың ер тұлғалы азаматы – Қаныш Имантайұлы Сәтпаев.

Қаныш Сәтбаев Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған.
Алматы қаласында орналасқан Қаныш Сәтпаев атындағы геологиялық ғылымдар институты жанынан ашылған ғылыми-зерттеу мұражайындағы мына деректерді ғалымның қызы Мейіз Сәтпаева көзі тірісінде жасатқан екен. Ал аталмыш институтты 1961 Қаныш Имантайұлы өзі ашқан. Ол мұражайды құру үшін біраз тер төгіп, Ресейдің барлық музейлерін аралап, Киевке дейін барған.