Баянауыл ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті



бет1/21
Дата09.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#110352
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
дизартрия туралы түсінік



Баянауыл ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті






Әдістемелік құрал

Мазмұны

Кіріспе ..............................................................................................3

Дизартрия түсінігі .............................................................................5

Дизартрияның түрлері................................................................................6

Логопедиялық массаж.........................................................................9

Мойдың массажы.................................................................................10

Маңдай массажы..................................................................................10

Беттік массажы.....................................................................................11

Жақ бұлшық еттерінің массажы..........................................................12

Ерін бұлшық еттерінің массажы................................................................12

Тіл бұлшық еттерінің масажы.............................................................13

Белсенді және енжар артикуляциялық гимнастика...............................14

Енжар артикуляциялық гимнастика...................................................14

Тілдің енжар гимнастикасы........................................................................15

Еріннің енжар гимнастикасы......................................................................15

Белсенді артикуляциялық гимнастика.................................................16

Мимикалық беттік бұлшық еттерінін дамытуға арналған жаттығулар..16

Тіл бұлшық еттеріне дамытуға арналған жаттығулар..............................17

Қолдың ұсақ моторикасы....................................................................18

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту тәсілдері........................................19

Тыныс алу гимнастикасы.....................................................................20

Тыныс алу жаттығулары.......................................................................21

Сөйлеу дамуына арналған ойындар.....................................................22

Қорытынды...................................................................................................28

Пайдалынылған әдебиеттер................................................................... 29


Кіріспе
Дизартрия дегеніміз – дыбыс шығарудың және сөйлеудің просодиялық жақтарының бұзылуы, сөйлеу қозғалысы анализаторларының орталық бөлімдерінің органикалық бұзылуы, ол артикуляциялық бұлшық етте сал ауруының дамуына немесе парезге әкеп соқтырады.

Дислацияға қарағанда дизартрия дыбыс шығарудың бұзылуымен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар дауыс шығару, сөйлеу демалысы, дауыс ырғағының мәнері, ырғақ пен қарқын бұзылады.

Дыбыстардың бұзылуында артикуляциялық бұлшық еттердің сал болуы немесе парезі көрінеді, сонымен қатар апракция бар болуы - өзінше қимылдарды бұзылады. Сипаттардың дәрежесі бойынша дизартрияның мына формалары ерекшеленеді: анартрия, дизартрия.

Анартрия мен дизартрия – әр түрлі дәрежедегі сипаттың біркелкі бұзылуы.

Анатрия – аса ауыр бұзылуы, сөйлеудің мүлдем жоқтығымен немесе артикуляциялық қозғалыстың мүлдем жоқтығымен сипатталады.

Дизартрия сөйлеудің мүшелік бөлігінің бұзылуы байқалады, дыбыс пен демалудың бұзылуы, яғни сөйлеудің толығымен фонетикалқ сәтсіздігі көрінеді.Қазіргі уақытта ұрықтың дұрыс дамымауына әсерін тигізетін 400 деректер саналады. Ұрықтын миына әр түрлі теріс факторладың әсер ету механизмі көбінесе оттегі жетіспеуінен болады. Созылмалы гипоксияда бәрінен бұрын нерв жүйесінің дамуы азап шегеді. Ана құрсағының ішінде жарақат алған ұрық қорғаныс және бейімделу механизімдері туу кезінде жарақат алуына көп мүмкіндік болдырады. Ана құрсағындағы потология қазіргі уақытта дизартрияның туындауының ең негізгі себептерінің бірі.

Дизартрияда сөйлеудің бұзылуы. Дизартрия бар болғанда сөйлеудің бұзылуының ерекшеліктері олардың патогенетикалық ортақтықпен артикуляциялық моторика болып табылады.

Сонымен қатар дизартрияда әрқашан тыныс алу бұзылады. Оларда ауыр потогенез болады, олардың координациясының бұзылуымен, олардың тонусының өзгеруімен, тыныс алу бұлшық еттерінің сал болуымен байланысты, сонымен қатар тыныс алу жүйесі қызметінің өсуінің тежелуімен де байланысты.

Дизартриясы бар балалар үшін жеткіліксіз терең тыныс алу алмау және үлкен жиелілік тән. Сонымен қатар, тыныс алу ритмінің бұзылуы да тән:

сөйлеу кезеңінде тыныс алу қиындайды, дыбыстарды шығарғаннан кейін бала үстіртін тез – тез дем алады. Көбінесе тыныс алу мен артикуляция арасындағы үйлесімділік бұзылады. Барлық жағдайларға белсенді тыныс шығару бұзылады, ол ауыздың әр дайым ашық тұратынына қарамастан, мұрын арқылы шығарылатын жол қысқарған. Тыныс алудың бұзылуының ауырлығы көбінесе жалпы қозғалыстың бұзылу ауырлығына сәйкес келеді.

Дизартриядағы ерекшелік дауыстың бұзылуы болып табылады. Методика – интонациялық бұзылуға көбінесе дизартрияның күшті белгілері жатады. Нақ солар сөйлеудің анықтылығына, мәнерлілігіне әсер тигізеді. Дауыстың бұзылуы тіл бұлшық етінің, таңдайдың, көмей бұлшық етінің кесілуінен сезіледі. Көбінесе дауыстың жеткіліксіз күшінен көрінеді. Дауыс қырылдаған, жылдамдатылған, үзік-үзік болуы мүмкін, әлсіз мәнерлілік немесе дауыс үнінің жоқ болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет