Баянауыл ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті



бет2/21
Дата09.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#110352
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
дизартрия туралы түсінік
Лекции - Дефектология, план логопеда с родителями, годовой пдан дефектолога, def karta
Дизартрия
Дизартрия – сөйлеу аппараттының иннервациясының жеткіліксіздігінің салдарынан сөйлеу тілінің дыбыс айтуының бұзылуы. Дизартрияда негізгі кемістік дыбыс айту мен сөйлеу тілінің просодикалық жағының орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуына байланысты бұзылуы болып табылады.

Дизартрия гректің Armstrong – мүшелеу, dis – бұзылу сөздерінен шыққан. Дизартрияның негізгі белгілеріне дыбыс айтуы мен дауысының, артикуляциялық моторикасының, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының бұзылуы жатады. Дизартрияда дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады. Дыбыс айтудың антрофониялық (бұрмалап айту) және фонологиялық (алмастыру, шатастыру) түрінде айтылуы кездеседі. Фонологиялық түрлерінде айтылуы ұқсас дыбыстарды артикуляциялық, акустикалық сипаттамалары бойынша ажырату қиындық туғызады. Сондықтан, көп жағдайда ондай балаларда жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы, бұлшық еттердің артикуляциялық аппараттың,беттің, мойынның) қатаюы – гипертонус, әлсіреуі, босансыуы – гипотония байқалады.

Д
изартрияның себептері баланың құрсақта жатқанда, туылған кезде, туғаннан кейінгі уақыттағы әр түрлі жағымсыз факторлардың салдарынан орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуы болып табылады. Атап айтсақ, асфиксия, туу, кездегі жарақаттар, мидың қан айналысының бұзылуы, бас мидағы ісіктер,интоксикация,екіқабат кезіндегі токсикоздық және басқа да соның нәтижесінде құрсақтағы зақымдалуы,инфекциялық аурулар, нерв жүйесінің тұқым қуалаушылық аурулары. Кейбір жағдайларда дизартрия ананың баламен қан тобының резус – факторының сәйкес келмеуі.

Дизартрия сал ауруына шалдыққан балаларда жиі байқалады.Балалық шақтағы дизартрия мәселесі клиникалық, нейролингвистикалық, психопедагогикалық бағытта қарқынды жетілуде.

Дизартриясы бар балалар жалпы психофизиологиялық дамуына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:


  • Психофизиологиялық дамуы қалыпты балалардағы дизартрия;

  • БЦСА балалардағы дизартрия;

  • Гидроцефалиямен зақымдалған балалардағы дизартрия;

  • ПДТ балалардағы дизартрия;

  • Минимальді дисфункциясы бар балалардағы дизартия.

Дизартрияның ақырғы түрі мектепте дейінгі, мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі.Дизартриячның әр алуан түрлерінің көптеген ортақшылығы бар, бірақ олар терең айырмашылық та сипат алады, оларды білу логопедке түзету жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет