Көрініс
Тақырыбы: ”Мама”
Басты рөлдерде:
өңіндегі қыз-Махаббат
түсіндегі қыз-Айару
анасы(1)-Альбиназ
анасы(2)-Асылай
анасы(3)-Нұрай
Мама
(Сахнада бір қыз ұйықтап жатады.Түсіндегі қыз сахнаға кіреді.Сахнаны аралап,әдемі табиғатқа тамсанады.)
Түсіндегі қыз: Бұл неткен таңғажайып жер.Бәрі сондай әдемі көрінеді.(көбелекті көріп,соны ұстап алады )Алақай,мен көбелек ұстап алдым!Мен көбелек ұстап алдым.Ұстап алдым.( Көбелекті ұшырып жібереді. Анасы(1) сахнаға кіреді)
Анасы(1):Құлыныыым!Балапаным!
Түсіндегі қыз:Мама!(екеуі бір-бірін құшақтайды)Мен сізді сондай қатты сағынып кеттім, мама!
Анасы(1):Менде сені қатты сағынып кеттім, жаным-ау
Түсіндегі қыз:Мама,мама!Таңғажайып гүлдерді қараңызшы!
Анасы(1):Әдемі екен,жаным-ау
Түсіндегі қыз: Сол әдемі гүлдерді теріп келсем болама?
Анасы(1):Әрине, болады!
(Қыз барып, таңырқана гүл тереді.Сол мезетте анасы сахнадан шығып кетеді.)
Түсіндегі қыз:Бұл гүлдердің иісі сондай тамаша!(қыз анасын іздейді)Мама!Мамаа!Мама!
(Мына жақтан екінші анасы шығады)
Анасы(2):Құлыншағым,келе ғой!
Түсіндегі қыз:Сіз мында екенсіз ғой ,мама!
(қыз анасына жүгіре бергенде анасы орамалын тастап,ғайып болады.Қыз орамалды алып орнынан тұрады)
Түсіндегі қыз:Мама!Мамааа!
Анасы(3):Ханшайымым менің!Жаным!Келші маған!
Түсіндегі қыз:Мама!
Анасы(3):Келе ғой жаным!
Түсіндегі қыз:Мама бұл сізбе?
Анасы(3): әрине, менмін.Келші жаным,келе қойшы.(қыз анасына «мама»деп жүгіріп барып құшақтайды)Жаным сен тоңып қалыпсың ғой!(үстіне орамалын жабады)
Түсіндегі қыз:Мама, сіз менен бұдан былай кетпейсіз ғой иә?
Анасы(3): жоқ жаным,ешқайда да кетпеймін
Түсіндегі қыз:бұл рас қой иә?
Анасы(3):Әрине рас!
Қызының алдына тізерлеп отырып:
Анасы(3):қараш маған!Мен сені ешқайда да тастамаймын, жарай ма?
(Қызы басын изейді)айтшы маған, сабағың қалай