Анықтама справка



Дата26.06.2018
өлшемі23,24 Kb.
#44354

«А.Байтұрсынов атындағы РГП «Костанайский

Қостанай мемлекеттік государственный университет

университеті» РМК имени А.Байтурсынова»



АНЫҚТАМА СПРАВКА

ректорат отырысына на заседание ректората

12.10.2016 ж. 12.10.2016 г.

Қостанай қаласы город Костанай


«Білім жарысы» газеті және «Жас өркен-Қостанай» журналының жағымдылығын және студенттердің БАҚ-на қатысуын арттыру туралы
Соңғы уақытта университет сайтында, «Білім жарысы» газеті мен «Жас өркен-Қостанай» журналында және университеттің ішкі теледидарлық хабар тарату жүйесінде ҚМУ-да өтіп жатқан оқиғалар туралы материалдар тұрақты түрде беріліп келеді.

Қазіргі уақытта «Білім жарысы» газеті А-3 форматында 1200 таралыммен айына бір рет жарық көреді. Газет редакторы журналистика кафедрасының аға оқытушысы Аманкүл Өстемірова. Ондағы материалдар әралуан: студенттер проблемалары, оқиғалар, шәкірттер мен ұстаздар жетістігі, студенттік өмірге байланысты барлық мәселелер. Кафедралар апталығы, факультеттер жаңалықтары – осылардың барлығы газет бетінде көрініс табады, газет бетінде мақала жазуға оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы да белсене қатысады. Газет  журналистика мамандығында оқитын студентер күшімен шығып келеді. Газет жұмысы студенттер үшін бір жағынан тәжірибе мектебі болса, екіншіден олардың оқу процесіндегі рейтингін анықтауға да септігін тигізеді. Университет түлектері және студенттері Гаухар Төлепкбаева, Әділ Нұртай, Жансая Қожахметова, Әлия Сапарова, Дархан Қастеров, Әсия Аймағамбетовыа, Дамир Айдаров, Анна Рахманинова, Лаура Жүсіпбекова, Заңғар Санай осы газет арқылы жұртқа танылып, қазіргі уақытта еліміздің әртүрлі бүқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеп жүр. Медиа-студияға шығармашылық күнді өткізу үшін 3 курс студенттері арнайы бекітілді.

Өткен жылы «журналистика» мамандығында оқитын студенттердің ұсынысы бойынша газет дизайны өзгерді, журналистер әртүрлы тақырыпқа қалам тербейді, ресми жаңалықтармен қатар студенттер демалысы, спорт, жатақхана проблемалары секілді тақырыптар қамтылады, түрлі олимпиадалар мен жарыстарда, конкурстарда жеңіске жеткен оқытушылар мен студентер турады материалдар жазылды. Газеттің қағаздық нұсқасымен қатар оның электронды версиясы жасалды. Алайда, біраз уақыт оның эл. версиясы уақытылы сайтқа салынбағанын мойындау керек.



«Жас өркен-Қостанай»  журналы екі айда бір рет шығып тұрады. Оның таралымы 763 дана. Оның 682-не университет оқытушылары мен студенттер жазылған. Яғни журналдың тағдыры біздің өз қолымызда. Журналда ұлттық идея, кәсіптік бағдар, Ахметтану, жастар шығармашылығын қолдау, университет түлектерін оқырманға таныстыру бағытында көп жұмыс жүргізілді.

«Жас өркен-Қостанай» журналы ғылыми-танымдық, публицистикалық сипатта. Журналдың көркемделуі және безендірілуі өзге басылымдардан кем емес, жылтыр қағазда, түрлі-түсті бояумен басылады. Журналда мәдени-ағарту,тарихи тақырыптармен қатар жастар саясатына арналған материалдар жиі жарық көреді. Журнал тек қана қазақ тілінде шығады. Бұл Қазақстанның солтүстік өңірінде ЖОО-да қазақ тілінде жарық көріп отырған жалғыз журнал. Ол жастармен қатар ересектер аудиториясына да арналған. Журнал мерзімді басылымдардың республикалық каталогына енгізілген. Бірақ, оның негізгі жаздырып алушылары біздің оқу орны.

Университет газеті мен журналда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті оқытушыларының тарихи оқиғалар мен мерейтойларға және Қазақстан халықтары Ассамблеясы жылына және ҚР Конституциясының мерекесіне орай жазылған мақалалары жарық көрді. «Серпін» бағдарламасына байланысты материалдар жарияланды.

«Білім жарысы» газетінде және «Жас өркен-Қостанай» журналында 2012-2019 жылдар аралығында жоо-дағы күш көрсету мен трафиктің алдын алу туралы материалдар жарияланды. Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің Этникалық және дінаралық конфессиялық проблемалары бойынша Оқу орталығы оқу орнында ай сайын дерлік іс-шаралар өткізеді. Мақалалардың авторлары орталық қызметкерлері ғана емес, студенттер де бұл тақырыпқа жиі қалам тербейді. 2015 жылдың қазан айында ҚМУ №2 ғимаратында Қазақстандағы Рухани келісім күніне арналған шара өтті. Дөңгелек үстел басында барлық діндер өкілдері, қаланың қоғамдық ұйымдарының мамандарыі, ғалымдар мен мәдениет қызметкерлері бас қосып, жастарға дәстүрлі құндылықтарпды насихаттады, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім туралы пікірлерін ортаға салды.Университеттің БАҚ-ы гендерлік саясатқа байланысты әйелдер ролін көтеру мәселесіне де үнемі назар аударады. Газетте және журналда әйел-аналар және іскер әйелдер туралы материалдар жиі жарық көреді.

Біздің басты міндетіміз ҚР Президенті РК Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөздері мен Жолдауына, еліміздің стратегиялық бағытына қолдау жасау, Білім күніне және басқа салтанатты шаралар мен университетте болып жатқан оқиғалар туралы хабарлап отыру. Келешекте ҚМУ тәрбие жұмысының тұжырымдасына орай журналда бірнеше жаңа айдар ашпақ ойымыз бар. Олар: «ҚМУ – азаматтық бірлік және патриоттық аймақ», «Қайырымдылық істер», «Студенттер шығармашылығы» және «Салауатты өмір салты» деп аталады. Медиа-студияға басылымдар жұмысын жандандыру үшін диктофон, фотоаппарат, компьютер қажет. Ал басылымдар тартымдылығын арттыру тек бізге ғана емес, әрбір оқытушыға, студентке де байланысты. Сондықтан сіздерден сапалы материалдар күтеміз.


Медиа-студияның меңгерушісі Шаяхмет А.Қ.

Каталог: images -> uchЕnii sЕkrЕtar -> rЕktorat
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
rЕktorat -> На заседание ректората


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет