Анықтамалар Жобалау лат projectus



Дата07.02.2022
өлшемі16,42 Kb.
#91056
Байланысты:
Автоматтандырылган жобалау жуйеси

Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) – жобалау функцияларын орындайтын ақпараттық технологияны іске асыратын автоматтандырылған жүйе. Персоналдан және автоматтандырудың техникалық, бағдарламалық және басқа құралдарынан тұратын жобалау үрдісін автоматтандыруға қажет ұйымдастырушы-техникалық жүйе болып саналады.


Автоматтандырылған жобалау жүйесіне (орыс тілінде САПР - система автоматизированного проектирования) түрлі түсініктер беріледі. Мысалы:

  • «САПР – система автоматизации проектных работ», яғни «жобалау жұмыстарының автоматтандыру жүйесі» деген түсінік дұрыстау, бірақ сирек қолданылады;

  • «САПР – система автоматического проектирования», яғни «автоматты жобалау жүйесі». Бұл түсінік дұрыс емес, себебі «автоматты» түсінігі жүйенің адамның қатысуынсыз жеке жұмысын көздейді, ал автоматтандырылған жобалау жүйесінің функцияларының бір бөлігін адам орындайды, қалған жеке операциялар мен процедуралар автоматты түрде атқарылады. Сондықтан «автоматты» сөзімен салыстырғанда «автоматтандырылған» түсінігі жобалау үрдісінде адамның қатынасы бар екендігін білдіреді.

  • «САПР – программное средство для автоматизации проектирования», яғни «жобалауды автоматтандырудың бағдарламалық құралы» деген түсінік толық мазмұндама бермейді. Себебі жобалау іс-шараларын тек қана қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен атқару мүмкін емес. Сондықтан әдебиет көздерінде және мемлекеттік стандарттарда «автоматтандырылған жобалау жүйесіне» кең ауқымды түсінік беріледі.

Анықтамалар
Жобалау (лат. projectus - «алға ұмтылған», «алдын алу») объектіні жасауға қажетті және жеткілікті техникалық құжаттарды, тәжірибелік үлгілерді, моделдерді құру үрдісі.
Жобалық процедура – орындалуы жобалық шешіммен аяқталатын бастапқы мәліметтерді өңдеудің жобалық операциялар жинағы.
Жобалық операция – жобалық процедураның бөлігі ретінде саналатын және жобалық шешім фрагментін алумен аяқталатын жобалаушы әрекеттерінің жинағы.
Жобалық шешім – жобалық процедураны аяқтау үшін қажетті және жеткілікті жобалау объектісінің аралық ннемесе ақырғы түсініктемесі.
Жоба – құрылыстық және технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесінің талаптарына сәйкестендірілген, жобалау нәтижелері келтірілген жобалық құжаттар (техникалық құжаттар) жинағы немесе тәжірибелік үлгі.
Жобалау құралдары – жобалаушының аспаптары (техникалық және бағдарламалық құралдары).
Қысқартулар
CAD – Computer Aided Design;
АБЖ – автоматты басқару жүйесі
АЖЖ – автоматтандырылған жобалау жүйесі;
АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;
АҚ – ақпараттық қамтамасыз ету;
ӘҚ – әдістемелік қамтамасыз ету;
ӘТ – әзірлеушінің терминалы;
БӘК – бағдарламалық-әдістемелік кешен;
БҚ – бағдарламалық қамтамасыз ету;
БТК – бағдарламалық-техникалық кешен;
ДЭЕМ – дербес электронды-есептеуіш машина;
ЖАҚК – жобалауды автоматтандыру құралдарының кешені;
ЖТ – жобалаушылар терминалдары;
ЖТС – жобалаушылардың терминалдық станциялары;
ҚҚ – құқықтық қамтамасыз ету;
ҚҚБЖ – құрылыстық құжаттардың бірыңғай жүйесі;
ҚТ – құрастырушының терминалы;
ЛҚ – лингвистикалық қамтамасыз ету;
МББЖ – мәліметтер базасын басқару жүйесі;
МҚ – математикалық қамтамасыз ету;
ОЕК – орталық есептеу кешені;
СТ – сынаушының терминалы;
ТҚ – техникалық қамтамасыз ету;
ТҚБЖ – техникалық құжаттардың бірыңғай жүйесі;
ТТ – технологтың терминалы;
ҰҚ – ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
ЭЕМ – электронды-есептеуіш машина;
ЭҚ – эргономикалық қамтамасыз ету;
1. Жобалауды автоматтандыру түсінігі
Автоматтандырылған жобалау жүйесін ағылшын тіліне аударғанда CAD аббревиатурасын жиі қолданады.
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңында Массачусетс технологиялық институтында (АҚШ) алғашқы рет CAD түсінігі пайда болды. Сол ғасырдың 70-ші жылдары ол есептеу техникасын қолданып, құрастыру жұмыстары технологиясының халықаралық белгіленуі ретінде таралды. Мұнда CAD ретінде машиналық графика құралдарымен мәліметтерді өңдеу мағынасы түсіндірілді.
CAD аббревиатурасы басым түрде Computer Aided Design деген сөздерден құралған. Оның мағынасын ЭЕМ көмегімен жобалау және құрастыру деп түсінуге болады. Көбінесе CAD Computer Aided Drafting, аудармасы «компьютер көмегімен сызба жұмыстарын орындау» (автоматтандырылған сызба жұмыстары) мағынасын білдіреді.
Автоматтандырылған жобалау түсінігін, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің кеңінен қолдануының және солардың мүмкіншіліктерінің дамуының арқасында, көп жағдайларда графика шығару мүмкіншіліктері бар кез келген жүйелерді белгілеу үшін негізсіз пайдаланды. ЭЕМ көмегімен құрастыру және сызу – автоматтандырылған жобалау жүйелері орындайтын аз ғана қызметтер бөлігі. Жүйелердің көбісі едәуір көп қызметтер атқарады.
Мысалы:
CAE (Computer Aided Engineering) – инженерлік есептерді автоматтандыру, физикалық үрдістерді талдау және имитация жасау құралдары;
CAM (Computer Aided Manufacturing) – өндірісті технологиялық дайындау құралдары, жабдықтарды сандық бағдарламалық басқарумен (ЧПУ) қамтамасыз етеді. «Өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі» деп те аталады;
CAQ (Computer Aided Quality Assu) – сапаны бақылаудың автоматтандырылған жүйесі;
CAP (Computer Aided Planning) – жоспарлауды автоматтандыру құралдары;
CIM (Computer Integrated Manufacturing) – өндірісті тұтас компьютерлендіру жүйесі.
Бұлар автоматтандырылған жобалау жүйелерінің жоғарғы деңгейдегі түрлері болып табылады. Олар, өндірістерді құрастыруға жақын салаларды белгілеу үшін қолданылады.
Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің басым көпшілігі жобалаудың түрлі аспектілеріне жататын есептерді шешуге бағытталған. Мұндай жүйелерді кешенді немесе тұтасталған CAD/CAM, CAD/CAE, CAD/CAE/CAM деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет