Біз университеттің Сізге ұсынатын барлық мүмкіндіктерін
пайдаланып, жоғары білікті маман болатыныңызға және өз кәсібіңізде
биік белестерге қол жеткізетініңізге сенеміз!
5
М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ-дың ӘДЕП КОДЕКСІ
Көпғасырлық тарих барысында университеттер тек білім беру мен
зерттеу қызметін ғана емес, студенттердің мәдени және азаматтық тәрбиесінен
білім алу процесін бөлмей, біртұтас философия аясында дүниетанымды
қалыптастыру мен маманданған даярлық бірлігін сақтай отырып этикалық
нормалар
мен
құндылықтарды
дамыту
мен
таратуды
өз
миссиялары ретінде санады.
Қазіргі
білім
беру
кеңістігі
университеттердің
әртүрлілігімен
сипатталады, бірақ олардың мәні біртұтас болып қалады: олар зияткерлік
элитаның ақыл-ойын қалыптастырады және біріктіреді, интеллигенция қатарын
сақтайды және кеңейтеді, қоғамның жасампаз күштерін нығайтады және
дамытады. Жаһандану жағдайында өзекті демократиялық және әлеуметтік
құндылықтардың жолсерігі ретінде университеттердің маңызы өсуде, соның
ішінде – өзін-өзі көрсету және бірлестіктер еркіндігі, қол жеткізу теңдігі, қоғам
алдындағы жауапкершілік, заң билігі, ақиқат үшін ақиқатқа ұмтылу, жоғары
білім беруде сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және қарсы тұру.
Жоғары білімнің осы құндылықтарына қосылып, университет миссиясын
қолдап және өзінің бар күшін оның жүзеге асыруына бағыттай отырып, М.
Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің академиялық
қоғамдастығының мүшелері Этикалық кодексті институционалдық және
корпоративтік мәдениеттің, сондай-ақ сапа мәдениетінің ажырамас бөлігі
ретінде қабылдау қажеттілігін мойындайды.
Этикалық кодекстің қолданылу саласы:
1) Мақалалардан тұратын осы нормативтік құжат «М.Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті» БАҚ (бұдан әрі – университет) моральдық-
этикалық принциптерін, нормаларын, мінез-құлық және іскерлік қарым-
қатынас ережелерін қамтиды.
2) Бұл Кодекс білім алушыларға, профессорлық-оқытушылық құрамға
және университет қызметкерлеріне (бұдан әрі – академиялық қоғамдастықтың
мүшелеріне) арналған.
3)
Этикалық
кодекс
университеттің
академиялық
мәдениетін
қалыптастыруға,
академиялық
қауымдастық
мүшелерінің
арасында
Университеттің тиімді білім беру қызметіне және перспективалық дамуына
ықпал ететін өзара сыйластық пен сенім атмосферасын құруға бағытталған.
4) Академиялық қауымдастық мүшелерінің өз міндеттерін орындағаны
және университет миссиясын іске асырудағы рөлі үшін жеке жауапкершілігін
арттыру. Бұл Кодекс университеттің ішкі құжаты болып табылады, ол әр адам
үшін қол жетімді және университеттің ашықтығы қағидасына қызмет етеді.
6
5) Академиялық қоғамдастықтың әрбір мүшесі жұмысқа қабылдануы
немесе оқуға түсуі кезінде
Достарыңызбен бөлісу: |