7
АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың Академиялық саясаты – академиялық
адалдық, ішкі сапа кепілдігі, инновация және интернационализация
қағидаларына негізделген.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың Академиялық саясаты студенттерге
бағытталған білім беруді жүзеге асыруға және білім беру сапасын арттыруға
бағытталған білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және оқу үдерісін
тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар мен ережелер жүйесін білдіреді.
Академиялық саясат білім беру бағдарламаларын таңдау саясатын; оқуға
қабылдау саясатын; университеттің академиялық қауымдастығының өзара
қарым-қатынас саясатын; білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу саясатын; оқу
үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру саясатын; кәсіби практиканы
ұйымдастыру және өткізу және практика базасы ретінде кәсіпорындарды
(ұйымдарды) анықтау саясатын; білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
саясатын; қайта оқуға қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару және академиялық
демалыстар
беру
саясатын;
академиялық
ұтқырлық
саясатын,
интернационалдандыру саясатын; дуальді оқыту элементтерін іске асыру
саясаты; кәсіптік бағдарлау саясатын, түлектердің жұмысқа орналасуы және
олардың мансаптық өсуін қамтамасыз ету саясатын қамтиды.
Академиялық
саясат
университеттің
барлық
құрылымдық
бөлімшелерінің, ПОҚ, қызметкерлер мен білім алушылардың орындауы үшін
міндетті.
Академиялық саясат талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына және жоғары оқу орнының ішкі нормативтік
құжаттарына сәйкес университеттің лауазымды тұлғаларына, ПОҚ,
қызметкерлері мен білім алушыларына тәртіптік ықпал ету шараларын
қолдануға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: