Анықтамалық АҚпар-кітапшасы петропавл, 020 мазмұНЫ


түрлерінің аталмыш тізімдемесі толық болып  табылмайды және қажеттілігіне қарай толықтырылуы мүмкін



Pdf көрінісі
бет10/46
Дата11.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#141997
түріАнықтамалық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
SKUguide kaz

 
түрлерінің аталмыш тізімдемесі толық болып 
табылмайды және қажеттілігіне қарай толықтырылуы мүмкін. 
 
АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ТҮРЛЕРІ, ДЕҢГЕЙЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК
 
Университетте академиялық адалдық саясатын бұзу білім беру үдерісінің 
сапасын төмендетуге алып келеді, кемелденген, жоғары оқу орнында оқуға 
дайын тұлғаның дамуын қамтамасыз етпейді, білім алушылардың өз бетінше ой 
толғауына, көптеген фактілер мен көзқарастарды талдай отырып, оларды сыни 
бағалауға негізделген өз көзқарастарын қалыптастыруына кедергі жасайды. 
Академиялық адалдықтың бұзылуы білім алушы, ПОҚ, университет 
қызметкерлері өздерінің заңға қарсы әрекеттерін түсіне тұрып, бірақ сол 
әрекеттерді жасаған сәтінен басталады.
Академиялық әділетсіздіктің кез келген түрі анықталған жағдайда, осы 
бұзушылықты анықтаған адам тарапынан (оқытушы, ғылыми жетекші, кафедра 
меңгерушісі, декан / институт директоры, эдвайзер (куратор), қызметкер, 
университет әкімшілігінің өкілі немесе басқа тұлға) академиялық адалдық 
ережелерінің бұзылуы туралы Акт жасалады. 
Тиісті дәлелдермен бірге академиялық адалдық ережелерін бұзу туралы 
Акт және білім алушының жұмысы (білім алушылардың) академиялық адалдық 



анықталған күні немесе келесі күні Әдеп жөніндегі комиссия төрағасының 
назарына жеткізіледі. Болжамды тәртіп бұзушылыққа қатысты барлық 
дәлелдемелер әдеп жөніндегі комиссия төрағасына бергенге дейін академиялық 
әділетсіздік фактісін анықтаған тұлғада сақталуы тиіс. 
Әдеп жөніндегі комиссия төрағасы тарапынан әдеп жөніндегі комиссиясы 
шақыртылады, отырысқа академиялық адалдық ережелерін бұзу туралы акт 
жасалған адам шақырылады. 
Әдеп жөніндегі комиссияның отырысы дауыс беру құқығы бар кемінде 
2/3 мүшелері болған жағдайда өткізіледі.
Әдеп жөніндегі Комиссия академиялық адалдық ережелерін бұзу туралы 
актімен, болжамды тәртіп бұзушылықтарға қатысты дәлелдемелермен 
танысады, осы Ережені басшылыққа ала отырып, академиялық адалдық 
ережелерін бұзу туралы акт жасалған тұлғаның академиялық әділетсіздік түрін, 
тәртіп бұзушылық деңгейін және жауапкершілігін анықтайды

Әдеп жөніндегі комиссияның барлық шешімдері отырыстарда ашық 
дауыс беру жолымен, қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.
Әдеп жөніндегі комиссия отырысы хаттамаланады. Әдеп жөніндегі 
комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі түріндегі Әдеп жөніндегі 
комиссияның шешімі Академиялық адалдық ережелерінің бұзылуы туралы акт 
жасалған тұлғаның назарына жеткізіледі.
Әдеп жөніндегі комиссияның қызметіне араласуға жол берілмейді.
Академиялық адалдық ережелерінің бұзылуы туралы акт, әдеп жөніндегі 
комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі негізінде факультет деканы 
тарапынан Академиялық адалдық ережелерін бұзуға жол берген тұлғаға 
қатысты санкция шығаруға ұсынысхат дайындалады. Деканның ұсынысхаты 
негізінде ректордың Академиялық адалдық ережелерін бұзуға жол берген 
тұлғаға қатысты санкциялары туралы бұйрығы шығарылады.
Білім беру үдерісіне қатысушылар өздерінің академиялық адалдық 
қағидаларын бұзғаны үшін жауапты екендіктерін есте сақтауы және түсінуі 
тиіс. 
Академиялық адалдықтың бұзылуы төмендегідей жағдайларда анықталуы 
мүмкін:
-
ағымдағы бағалауды өткізу кезінде; 
-
қорытынды бағалауды өткізу кезінде; 
-
академиялық үдерістің басқа кезеңдерінде. 
Бұзу қасақана немесе әдейі болмауына табылатындығына, бірінші рет 
немесе қайталанған болуына байланысты тәртіп бұзушыға төмендегідей 
санкциялар қолданылуы мүмкін:


10 
-
ескерту; 
-
сөгіс; 
-
ұсынылған жұмыстың немесе тапсырылатын емтиханның бағасын 
қанағаттанарлықсыз деген бағаға дейін төмендету; 
-
қосымша жазбаша жұмыс тағайындау; 
-
пәнді қайта оқу; 
-
ректордың грантынан немесе академик М. Қозыбаев грантынан айыру; 
-
басқа ұйымдарға сұраныс жасаған кезінде (гранттарға, атаулы 
шәкіртақыларға, жарияланымдарға, конференцияларға және т. б. қатысуға 
өтініштер.) 1 жылға дейінгі мерзімге М. Қозыбаев атындағы СҚУ 
қолдауынан бас тарту; 
-
1 жыл мерзімге университеттен шығару; 
-
қайта оқуға қабылдану құқығынсыз университеттен шығару
.
Білім алушыларға қатысты басқа білім алушылардың жұмысына кедергі 
келтіру немесе білім алушыны алдау фактілері бірінші рет анықталған 
жағдайда ескерту жарияланады, мұндай жағдай қайталанатын болса білім 
алушыға оның жеке ісіне енгізіле отырып сөгіс беріледі. 
Білім алушыларға қатысты плагиат фактілері алғаш рет анықталған 
жағдайда білім алушыға ескерту жасалады және ол өз жұмысындағы плагиатты 
жоюға міндетті.
Плагиат фактілері қайта анықталған жағдайда білім алушы ректор 
грантынан немесе академик М. Қозыбаев грантынан айырылады, басқа 
ұйымдарға сұраныс жасаған кезінде (гранттарға, атаулы шәкіртақыларға, 
жарияланымдарға, конференцияларға және т. б. қатысуға өтініштер.) 1 жылға 
дейінгі мерзімге М. Қозыбаев атындағы СҚУ қолдауына ұсынған өтініші 
қабылданбайды. Тәртіп бұзушылық тағы қайталанған жағдайда білім алушы 1 
жыл мерзімге университеттен шығарылады. 
Білім алушыларға қатысты бірінші рет сөз байласу фактілері анықталған 
жағдайда, бұрмалау, зерттеудің адал еместігі, жазбаша жұмыстарды ұсыну, 
бағаланатын жұмыстарды және емтиханды орындау кезінде ақпаратты немесе 
құрылғыларды заңсыз пайдаланғаны үшін бағаны төмендету немесе 
тапсырылатын емтиханға қосымша жазбаша жұмыс тағайындау, егер ағымдағы 
бақылау аясында баға қанағаттанарлықсыз деңгейге дейін төмендетілсе немесе 
емтихандағы бағасы қанағаттанарлықсыз болса пәнді қайта оқу туралы шешім 
қабылданады.
Сөз байласу, ақпаратты бұрмалау, зерттеудің адал еместігі, білім алушы 
ақпаратты немесе құрылғыларды заңсыз пайдалану фактілері қайта анықталған 
жағдайда білім алушы ректордың грантынан немесе академик М. Қозыбаевтың 
грантынан айырылады, сондай-ақ егер аталған Академиялық әділетсіздік 


11 
фактілері ағымдағы бақылау аясында анықталса, онда білім алушы пәнді қайта 
оқиды, көрсетілген фактілер аралық бақылау аясында анықталған жағдайда 
білім алушы 1 жыл мерзімге университеттен шығарылады.
Білім алушыларға қатысты бірінші рет ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу, 
имперсонация, бірлескен зерттеулердің нәтижелерін беру туралы фактілері 
анықталған жағдайда білім алушыға сөгіс жарияланады және ол ректор 
грантынан немесе академик М. Қозыбаев грантынан айырылысады.
Ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу, имперсонация, бірлескен зерттеулердің 
нәтижелерін тағайындау фактілері қайта анықталған жағдайда білім алушы 
оқуға қайта қабылдау құқығынсыз оқудан шығарылады.
Сыбайлас жемқорлық немесе алаяқтық фактілері анықталған жағдайда 
білім алушы қайта қабылдау құқығынсыз оқудан шығарылады.
Білім алушылардың академиялық әділетсіздігінің барлық нәтижелері 
студенттердің, магистранттардың, докторанттардың оқыту нәтижелерін 
тіркейтін транскриптерде, анықтамаларда, жеке істер мен өзге де құжаттарда 
көрсетіледі.


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет