УНИВЕРСИТЕТ ТАРИХЫ Университет жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру қызметтерін ұсынады. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына,
Болон декларациясына және білім беру саласындағы басқа да халықаралық
құжаттарға сәйкес жоғары оқу орны 2004 жылдан бастап оқытудың үш
деңгейін (бакалавриат – магистратура – докторантура) қамтитын және
студенттерге жеке білім алу траекториясы мен оқытушыларды таңдауды
қамтамасыз ететін оқытудың кредиттік технологиясын жүзеге асыра бастады.
Университет бакалавриат дайындаудың 29 бағыты бойынша (69 білім беру
бағдарламасы), магистратура дайындаудың 19 бағыты бойынша (61 білім беру
бағдарламасы), PhD докторантурасын дайындаудың 4 бағыты (6 білім беру
бағдарламасы) мен интернатура бағдарламасы мамандар әзірлеуді жүзеге
асырады.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ ББ тізімдемесі университеттің