Колледжде кураторлық жүйе қалыптасқан. Әрбір оқу тобына барлық оқу кезеңіне куратор тағайындалады.
Куратор
Оқу процесінде студенттерге көмек көрсетеді
Топ студенттерінің жиналысын, іс – шараларын ұйымдастырады
Студенттердің тәртіптері мен үлгерімдерін қадағалайды
Уақытында қажетті көмек ұйымдастырады
Топқа сабақ беретін оқытушылармен байланыста болады
Ата –аналарды студенттердің оқу нәтижесімен ақпараттандырады
Топ старостасын сайлауда және тағайындауда атсалысады.
Барлық сұрақтар бойынша (оқу, іс – шараларға қатысу, жатақхана, топқа деген қарым – қатынас т.б.) студент ең бірінші кураторға жүгіне алады.
Егер куратор болмаса, ал сұрақ шұғыл болса – бөлім меңгерушісіне жүгініңіз. Бөлім меңгерушісі кураторлар жұмысын басқарады және бөлімнің оқу процессін ұйымдастырады.
Студенттер ұсынылған қызметтердің сапасымен қанағаттанбағанда және оқуда шағымдары және ұсыныстары пайда болған жағдайда кураторға, бөлім меңгерушісіне, директордың орынбасарына және директорға жолыға алады.
Үндеу жедел түрде қарастырылады, оған байланысты нақты шаралар қолданылады, ол туралы студенттер хабардар болады. Колледждің фойесінде ұсыныстар мен шағымдарға арналған жәшік орналасқан.. Жүгінініз, сұрақтарынызды қойыңыз.
Оқу процессі
Глоссарий (терминдер сөздігі ) «Білім туралы» Заңынан
Колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беретін немесе ортадан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орны.
Студент – техникалық және кәсіптік білімді, ортадан кейінгі және жоғары білім берудің оқу білім бағдарламаларын жүзеге асырудағы оқу орнында білім алатын тұлға.
Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні бойынша меңгеруге тиісті білім мазмұны және көлемін, біліктілігі мен дағдысын және құзіреттілігін анықтайтын бағдарлама.
Студенттер үлгерімінің ағымдық бақылауы – бұл пәннің оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда мұғаліммен өткізілетін студенттердің білімін жүйелі бақылау (әрбір сабақта жүргізіледі, ағымдық баға журналға қойылады).
Студенттердің аралық аттестациясы – бір оқу пәнінің барлық көлемін немесе мазмұнның бөлігін оқылып болғаннан кейін оқытылушының меңгеру сапасын бағалау мақсатымен өткізілетін рәсім (семестр соңында бір рет өткізіледі, студент сынақ пен емтихан тапсырады).
Студенттердің қорытынды аттестациясы – білім деңгейіне сәйкес келетін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартымен қарастырылған оқу пәндерінің көлеміне қарай олардың меңгерілу деңгейін анықтау мақсатымен өткізілетін рәсім (бітіруші курста өткізіледі, онда мыналар кіреді – 1) кәсіптік дайындық деңгейін бағалау/тестілеу, тәжірибелік емтихан/, 2) қорытынды аттестация емтиханы).
Шәкірт ақы – тамақтануға, тұрғылықты орынға, оқу әдебиеттерін алуға жұмсалатын шығындарды жартылай жабу үшін студенттерге берілетін ақша көлемі.
Шәкірт ақы – ай сайын берілетін шынайы студенттің «айлығы». Қаншалықты жақсы оқысан, соншалықты көп аласын.
Достарыңызбен бөлісу: |