Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады және нақты мамандық пен оқу формасына байланысты оқу жоспарына сәйкес 30 маусым аяқталады.
Жылына екі рет студенттер үшін демалыс беріледі: қысқы кезеңде – екі апта, жазғы кезеңде – 9-10 апта.
Сабақтар 1-2 курс студенттері үшін алты күндік оқу аптасында жүргізіледі. Бес күндік апта бойынша 3-4 курс студенттері оқытылады.
Оқу сабақтарының кестесі, оқу процесінің кестесі, сессияға шығарылатын пәндер тізімі, аралық және қорытынды аттестация емтихандарының кестесі, курстық және димпломдық жұмыстарды қорғау кестесі, әртүрлі хабарландырулар қағаз жүзінде ақпараттық стендтерде бірінші қабатта және екінші қабатта бөлім меңгерушілері кабинетінің жанында орналасады. Оқу процесінің кестесі сондай-ақ, колледж сайтында орналасқан.
Колледждің әр мұғалімдерімен түрлі себептер бойынша сабақты босатқан және сабақ үлгерімі нашар студенттер үшін пән бойынша кеңестер өткізіледі, босатылған сабақтарды өтеуге арналған сағаттар беріледі.
Колледжде келесі оқу сабақтарының түрлері орнатылады: сабақ, дәріс, семинар, практикалық сабақ, лабораториялық жұмыс, бақылау жұмысы, өзіндік жұмыс, кеңес, практика, курстық және дипломдық жобалар (курстық және дипломдық жұмыстар), сондай-ақ басқа да оқу сабақтарының түрлері өткізіледі.
Сабақтың басталуы:
Бірінші ауысым - 8.00
Екінші ауысым -12.40,14.05 (кесте бойынша)
Аралық аттестацияға (сессияға) барлық практикалық, лабораториялық, курстық жұмыстарды тапсырған, әр пәннен сынақ тапсырған және аралық қорытынды бойынша қанағаттандырылмаған бағалары жоқ (яғни семестр аттестациялары бойынша) студенттер жіберіледі.
Аралық аттестацияға дайындық кезінде (яғни сессияға) оқытушылар студенттерге кеңес өткізеді.
Сынақтар дифференциалданған болып табылады, яғни бағалар қойылады («үздік», «жақсы», «қанағаттандырылған», «қанағаттандырылмаған»). Сынақтар жұмыс оқу жоспарына сәйкес анықталатын тізімдегі арнайы пәндер бойынша, курстық жұмыстар бойынша, іс-тәжірибенің барлық түрлері бойынша өткізіледі.
1-2 пән бойынша қанағаттандырылмаған бағалары бар студенттер, өздерінің жеке өтініштері негізінде колледж директорының рұқсатымен емтиханға жіберіледі (рұқсат директордың бұйрығымен беріледі), ал егер екіден көп қанағаттандырылмаған бағалар болса, онда педагогикалық кеңес шешімімен жіберіледі.
Аралық аттестация өткізу барсында емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін ауызша емтиханға әрбір оқушыға 25 минуттан көп емес уақыт беріледі.
Денсаулығына байланысты немесе түрлі дәлелді себептерге байланысты аралық аттестациядан өтпеген студенттерге (сессияны тапсырмағандарға) сессияны тапсыру, студенттің жеке өтініші негізінде директордың бұйрығымен жеке уақытпен орнатылады. Өтініш бөлім меңгерушісімен және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары тарапынан жүзеге асырылады.
«Қанағаттандырылмайтын» баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыру мүмкіншілігі бір пән бойынша бір рет қана беріледі.
Аралық аттестация нәтижесі бойынша үштен аса қанағаттандырылмайтын бағасы бар студенттер, директор бұйрығымен педагогикалық кеңес шешімі негізінде орнатылған үлгі бойынша анықтама бере отырылып оқудан шығарылады.
Белгілі курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, барлық сынақтарды және аралық аттестацияның емтиханын ойдағыдай тапсырған студенттер директор бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
Колледж түлегіне оның пәндерді меңгеру бойынша (соның ішінде барлық қорытынды емтиханда (дипломдық жоба) үздік бағалары 75% болу шартында үздік диплом беріледі.
Толығырақ мәліметті сіз колледжіміздің (Интернет-залында) локалды торында орналасқан электронды анықтамалық-сілтемесінен ала аласыздар.
Ауысу және қайта қабылдау ережелері. Оқудан шығару.
Студенттердің ауысуы курстан курсқа, бір білім беру ұйымнан басқасына, бір оқу формасынан басқасына, бір тіл бөлімінен басқасына, бір мамандықтан басқа мамандыққа, ақылы бөлімнен мемлекеттік тапсырыста білім алу бөліміне ауысу арқылы жүзеге асады.
Студенттердің ауысуы және қайта қабылдау туралы өтініштері білім беретін ұйымның басшыларымен жазғы және қысқы демалыс кезінде бес күн аралығында, білім беретін ұйымның кезекті академиялық кезеңі басталуына дейін қарастырылады
Курстан курсқа, бір білім беру ұйымнан екіншісіне, бір оқу формасынан басқа оқу формасына, бір тіл бөлімінен басқа тіл бөліміне, бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысу барысы академиялық айырмашылық төрт оқу пәнінен артық болмаса ғана жіберіледі.
Бұрын соңды білім беру ұйымдарында білім алған тұлға, бұрын білім алған немесе басқа да оқу орнына қайта қабылдана алады. Қайта қабылданудың міндетті шарты студент бір семестрді толық аяқтауы болып табылады және қайта қабылдау туралы сұрақ тек оның жеке өтініші негізінде қарастырылады.
Студенттерді бірінші курсқа қайта қабылдау бірінші семестрді аяқтаған жағдайда рұқсат етіледі.
Егер басқа мамандыққа немесе басқа оқу бөліміне ауысқыңыз келсе және т.б бойынша кураторға жүгініңіз.
Ақылы бөлімде оқитын студенттер, семестр ішінде оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылғандар, оқу ақысы төленген жағдайда және студент қарызының өтелуі жайлы құжатты үш жұмыс күн ішінде көрсеткен кезде білім беру ұйымы студенттің оқудан шыққан күнінен бастап төрт апта ішінде қайта қабылдайды.
СТУДЕНТТІ ОҚУДАН ШЫҒАРУ РӘСІМІ
Студенттерді оқудан шығару рәсімі директордың бұйрығына сәйкес және колледж Жарғысымен жүзеге асады.
Студенттердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға ішкі тәртіп ережелерімен және колледж Жарғысымен қарастырылған тәртіптік әрекеттегі шаралар қолданылуы мүмкін (ескерту, сөгіс, оқудан шығару, құқық бұзушылықты алдына алу бойынша кеңесінде және педогогикалық кеңесте қарастыру).
Оқушылар оқу орнынан келесі жағдайларда шығарылуы мүмкін:
өз еркімен;
Медико-санитарлық эксперттік комиссияның қорытындысы негізінде денсаулығына байланысты;
Басқа оқу орнына ауысуымен байланысты;
Академиялық үлгере алмауына байланысты;
Оқу тәртібін, ішкі тәртіпті және колледж Жарғысын бұзғаны үшін;
Оқу ақысын төлемеген жағдайда (4 апта ішінде қайта қабылдау құқығымен);
Қазақстан Республикасың заңнамасымен қарастырылған басқа да жағдайларда.
Достарыңызбен бөлісу: |