Сапалы орта білім беруге тең қолжеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру;
Ел экономикасының қарқынды әртараптануы және тұрақты дамуы үшін ғылымның нақты үлесін қамтамасыз ету.
Міндеттер:
Педагогтер кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттыру;
Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету;
Орта білім берудің мазмұнын жаңарту;
Мектеп оқушыларының бойында «МәңгілікЕл» жалпы ұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
Орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;
Іске асыру мерзімі: 2016 – 2019 жылдар
Нысаналы индикаторлар:
Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі
- 2017 жылы – 87,5 %, - 2019 жылы – 100 %;
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұданәрі – НЗМ) тәжірибесі бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнына өткен мектептердің үлесі 2016 жылы – 100 %, - 2019 жылы – 100 %;
үлгерімі «жақсы» және «үздік» оқушылардың үлесі (оқытудың сапасы) 2017 жылы – 62 %, 2019 жылы – 70 %;
Қаржыландыру көздері және көлемі:
Бағдарламаны іске асыру үшін 2016 – 2019 жылдары бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалады.
Бағдарламаны іске асыруға бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар 1 423,4млрд. теңгені (РБ – 1153,0 млрд. теңге, ЖБ – 252,4 млрд. теңге) құрайды.
Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар жүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибесіне жақындату перспективасымен білім және ғылым жүйесін одан әрі жаңғырту үшін аталған проблемаларды шешуге ықпал ететін болады.
Білім мен ғылым саласында іске асырылған қадамдық іс-қимылдарды талдау мыналарды айқындайды:
1. Күшті жақтары:
1) білім мен ғылымның, мемлекеттік жастар саясатының заңнамалық базасының жаңартылуы;
2) инфрақұрылымдық шешімдердің жеделдетілген қарқыны;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуы;
4) НЗМ мен Назарбаев Университеті тәжірибесінің таратылуы;
5) білім сапасының халықаралық рейтингтердегі орнының жақсаруы;
6) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің қайта құрылымдалуы;
7) Назарбаев Университетінің және Инновациялық технологиялар паркінің базасында зияткерлік кластерлердің дамытылуы.
2. Әлсіз жақтары:
1) педагог пен ғалым мәртебесінің төмендігі;
2) ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық циклі (бұдан әрі -ЖМЦ) пәндерін оқытатын мұғалімдер үлесінің төмендігі;
3) үш ауысымды және авариялық мектептердің болуы;
4) оқушылардың қосымша білім берумен жеткіліксіз қамтылуы;
5) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейінің төмендігі;
6) мектептерді ақпараттандыру деңгейінің төмендігі;
7) ҰБТ-ның жетілдірілмеуі;
8) мектептердің нәтижелерін теңестіру тетіктерінің жоқтығы;
9) мектептердегі кәсіби бағдарланған жұмыстың жеткіліксіздігі;
10) инклюзивті білімнің жеткіліксіз дамуы;
11) педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;
12) білім мен ғылым ұйымдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;
13) білім мен ғылым саласындағы бақылаудың бюрократталған және икемсіз жүйесі.
3. Мүмкіндіктер:
мемлекет үшін:
1) қазақстандық білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2) адами капиталдың сапасын арттыру;
3) балалардың өмір сүру сапасының әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
4) халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білім мен ғылымды инвестициялық қолдау;
5) білім мен ғылым саласындағы басқарудың жаңа тиімді әдістері;
6) білім беру және ғылым саласының қолжетімділігі, тартымдылығы, сапасы және ашықтығы;
7) халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерді жақсарту;
8) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
9) әзірленген инновациялық жобаларды өндіріске енгізу.
4. Қауіп-қатер: 1) қаржыландыру деңгейінің төмендігі;
2) педагог еңбегін ынталандырудың төмендігі;
3) ғалымдар үшін шетелде жұмыс істеу жағдайларының барынша тартымды болуы;
4) педагог кадрлардың арасында өздігінен білім алуға және кәсіби өсуге ұмтылыс деңгейінің төмендігі;
5) білім беру объектілерін пайдалануға енгізу мерзімдерінің бұзылуы;
6) Бағдарламаны іске асыру барысында бірлесіп орындаушылардың үйлесімсіздігі.
Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты
2015 жылдың 25 сәуірінде ҚР Үкіметінің №327 Қаулысымен бекітілген
Қолданыстағы МЖББС
Жаңа МЖББС
Оқушы тұлғасында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Оқытудың тәжірибеге бағытталуы
Жобвлық және зерттеушілік жұмыстар
Коммуникацияның түрлі тәсілдері
Оқуға, жазуға, санауға, тілдік қатынас тәжірибесіне дағдыландыру
Тілдерді деңгейлеп оқыту:
«Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі»
Жаңа пәндер:
«Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдарының негіздері),
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»,
Пәннің мазмұны өзгерген:
«Дүниетану» (қоғамдық-гуманитарлық ғылым негіздері)