Анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы



бет1/7
Дата14.03.2023
өлшемі62,36 Kb.
#172418
түріАнықтамалық
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Презентация на тему ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ


ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
Оқыту құралдары - мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен тұп деректер, яғни оңушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетіндердің бәрі. Оқыту құралдарына мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, т.б. техникалық құралдар, бағдарламалық оқытудың арнаулы құралдары - бағдарламалық оқулықтар, оқу құралы, үйрететін машиналар жатады.


Оқыту құралдарының дидактикалық мұмкіндіктері
Оқу кұралдары жүйесінің қалыптасуы - білім беру құралдарының тұріне өзіндік белгілері бойынша классификациялық тұрғыдан жатқызуды ғана емес, сонымен қатар олардың дидактикалық қасиеттері мен қызметтерін білуді де қажет етеді.
Дидактикалық қасиеттер дегеніміз - оқу құралдарының басқалардан айырмашылықтарын көрсететін белгілері мен дидактикалық функцияларында (қызметінде) көрініс табатын өзіндік ерекшеліктері. Дидактикалық қасиеттер тек қана оку құралдарына тән болып келетін мұмкіншіліктерді ғана қамтиды. Оқу-тәрбие жұмысында тұрлі әдістерді қолданудың объективтік тенденциялары (бағыттары) ретінде қарастырылатын дидактикалық мұмкіндіктер дидактикалық функциялар мен дидактикалық қасиеттердің өзара байланыстарына дәнекер болып отырады. «Дидактикалық қасиет» пен «дидактикалық мүмкіндік» ұғымдарының өзара жақындығынан да болар, педагогикалық әдебиетте оларды бірге қарастыру дәстұрге айналған.
Оқыту құралдарының дидактикалық қызметтерінің әр-тұрлі болып келетіндігіне қарамастан, олар ортақ қызметтер атқарады. Атап айтқанда:
- оқушылар қабылдаған хабарларды ұғынып тұсінуді, тұсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын көрнекілік қызмет;
- хабарлау қызметі, өйткені оқу құралдары білімнің нақты көздерінің бірі болып саналады, яғни белгілі бір хабарларды жеткізушінің рөлін де аткара береді;
- орнын толтырушылық қызмет оқу процесін жеңілдетеді, көздеген мақсатқа көп күш, денсаулық, уақыт жұмсамай жетуге бағытталған;
- бейімделушілік қызмет оқу процесіндегі қолайлы жағдайлар туғызуға, демонстрацияларды, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұғымдар мазмұнының бірдей болуына, білімнің бір қалыпты сабақтастығына бағдар алған;
- интеративтік қызмет белгілі бір объектіні немесе кұбылысты тұтастай да және оның бір бөлшегі ретінде қарастыруға мұмкіндік береді. Бұл қызмет (функция) оқу құралдарын комплексті тұрде қолдану мен жаңа информациялық технологияның құралдарын қолдану арқылы жұзеге асырылады.
Жалпы қызметке (функцияға) оқушылардың іс-әрекеттерінің, қызметінің, операциялардың белгілі бір түрлерін жүзеге асыру мен алға қойған мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге бағытталған инструментальдық функция мен оқу процесінің сыртқы тұрақты мотивациясын қалыптастыру мақсатын көздейтін мотивациялық қызметті жатқызуға болады. Оқыту кұралдарының барлық функциялары бір-бірлерімен тығыз байлаыысты болып келеді және оқу-тәрбие процесіне комплексті тұрде әсер ете отырып, оның ұйымдастырылуының дұрыс жолға қойылуы мен басқарылуын ұнемі қамтамасыз етіп отырады.
Жоғарыда біз жалпы дидактикалық тұрғыдан оқу құралдарының қалай жіктелетіндігін атап өттік. Ал сол белгілердің ішіндегі ең мәндісі ­­- бізді қоршаған ортаның заттарын бейнелеу тәсілі арқылы ғана олардың жалпы дидактикалық функцияларын белгілі бір дәрежеде көрсетіп бере алған сияқтымыз. Ендігі жерде өзіміз атап өткен оқу құралдарының топтарына сипаттамалар беріп көрелік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет