Анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы



бет3/7
Дата14.03.2023
өлшемі62,36 Kb.
#172418
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Презентация на тему ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

Муляждар (макеттер) деп табиғи объектілерді өздеріне өте ұқсас етіп көрсететін көрнекілік құралдарды атаймыз. Муляждар мен макеттерді жасаған кезде нақты объектілер нақты бейнеленеді, яғни шартылыққа жол берілмейді. Дәлірек айтқанда олардың көлемі, тұсі, формасы және құрылымы өте дәлдікпен берілуі қажет.
Муляждар мен макеттер бізді қоршаған ортаның кұбылыстары мен заттарының сыртқы қасиеттері мен өзіндік белгілерін жан-жақты зерттеп білу мақсатында қолданыс табады. Үлгілер зерттелетін объектілердің ішкі құрылысын және олардың іс-әрекеттерінің принциптерін, одан қалды машина мен механизмдердің кинематикасьн және т.б. зерттеп білуге мұмкіндік береді.
Өздерінің қалай қолданылатындығына байланысты ұлгілер, муляждар (макеттер) табиғи объектілер сықылды демонстрациялық (көрсетілетін) және үлестірілетін болып екіге бөлінеді.
Түрлі үлгілерді жобалаған уақытта дидактикалық мұмкіндіктері мен оқу құралдарының белгілі бір тұрінің функцияларына негізделген жалпы педагогикалық-экономикалық талаптарды ескеріп отырған жөн. Ал олар төмендегідей болып келеді: информативтілік, белгілі бір қызметке бейімделушілік, инструменталдылық, комплементарлылық (жетпейтін белгілердің орнын толтыруға тырысушылық) және т.б. Сонымен қатар бұлардың қатарына оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне және оқушылардың көңілінен шығатын көрнекілік құралдарды тандауға байланысты туындайтын талаптарды да жатқызуға болады.
Үлгілердің құрамы, оларды жасаудың ерекшеліктері, көрнекілік сипаты, үлгісі жасалынатын объектінің немесе оның жекелеген жақтарының өздеріне ғана тән ерекшеліктеріне тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, жанды және жансыз объектілер заттарының құрылымы, зерттелетін аппараттардың, механизмдердің, электротехникалық бұйымдардың, құрал-жабдықтардың, технологиялық байланыстардың жұмыс істеу принципі, зерттелетін объектідегі компоненттердің өзара байланыстарының ерекшеліктері, информациялық қабылдау кұралдары және т.б. оқу кезінде үлгілердің сан алуан түрлері арқылы берілуі мүмкін.
Оқу кестелері (плакат, схема, диаграмма, графика және т.б.). Бұлардың барлығы да білім берудің жазықтықтық сипаттағы материалдық құралдары болып саналады. Олар зерттелетін объектілер және құбылыстар жайында, дәлірек айтқанда олардың құрылымы, өзіндік қасиеттері, белгілі бір ұғымдарды, дағдыларды, тәжірибені калыптастыруға қажетті түрлі операциялар мен іс-әрекеттерді орындау кезіндегі қолданатын әдістері мен тәсілдері жайындағы толып жатқан ғылыми мәліметтерді нақты көрнекілік тұрғыдан бере алады.
Оқу кестелеріне қалыптасқан дәстүр бойынша оқу барысында көрсетілетін құралдарды жатқызамыз, алайда соңғы уақытта үлестірілетін материалдар түріндегі кестелер сериялары (әсіресе, анықгамалық мазмұндағы) кеңінен қолданыс таба бастаған сияқты.
Қажетті хабарларды беруге байланысты кестелерді бірнеше түрге бөледі: түрлі табиғи объектілер мен құбылыстарды бейнелейтін (суреттер, фотосуреттер) және олардың өзара ұйлесімділігін бейнелейтін (плакаттар) объектілік-композициялық; графикалық (чертеждар, графикалар, диаграммалар, схемалар және т.б.); белгілер, формулалар, әріптер, жасанды және табиғи тілдердің сөздері арқылы берілетін белгілік (рәміздік).
Іріктелуіне қарай кестелерді жекелеген және сериялық деп екіге бөлеміз. Кестелердің ең соңғы тұрінде жекелеген тақырыптар бойынша жасалған кестелер сериясын, анықтамалық және нұсқаулық кестелерді жатқызуға болады.
Соңғы кездерде тұрлі пәндердің оқу тәжірибесінде электрлендірілген кестелер (стендтер) барған сайын жиі қолданылуда. Оларға, ең бірінші кезекте анықтамалық және нұсқаулық кестелер (әсіресе, техника қауіпсіздігі бойынша) жатқызылады.
Кәсіби білім берудің тәжірибесінде кестелердің ең көп тараған тұрі - плакаттар болып табылады. Олар кей жағдайларда (жаппай мамандықтарға оқыту кездерінде) бір орталықтан шығарылады. Алайда плакаттарды мұғалімдер мен өндірістік оқу шеберлерінің өздері немесе олардың басшылығымен оқу орнының өзінде де дайындап, жасайтын кездер аз болмайды. Ал мұндай оқу плакаттарының мазмұнын жасау мен оларды дайындау барысында төмендегі талаптар ескеріліп отырады:
плакаттың мазмұны оның атауында көрсетілген тақырыптарға сәйкес, ал мазмұны мұмкіндігінше түсінікті және көрнекілік жағы басымдау болуы керек; плакатка салынған бейнелерді оқушылар оқу бөлмесінің кез келген жерінен көре алатындай ұлкен болуы керек;
иллюстрациялардың (бейнелердің) объектілері плакаттарда өздерінің табиғи қалыптарында бейнеленулері қажет;
плакатгардағы бейнелерді жасаған кезде олардың бөліктерінің көлемдік сәйкестіктерін дәл сақтауға тырысып отыру керек (әсіресе, бұл талап мәнді бөлшектерге байланысты болып келген сәттерде);
бейнелердің ең мәнді бөлшектерін бояу арқылы бөліп көрсетуге де болады. Мұндай жағдайда тым ашық бояуларды қолдануға болмайды;
іс-әрекеттердің принципін немесе объектілер мен иллюстрациялардың конструкциясын ашып көрсететін элементтер мен сол бейненің бөлшектерін ашық тұске, ал қалғандарын ашық емес түстерге де бояған дұрыс болады;
плакаттардағы жазулар ірі, анық жазулар арқылы берілуі керек: плакатты текстермен (әсіресе, ұсақ әріппен жазылған) толтыра бермеу керек;
плакаттың мазмұнын анықтаған кезде оған салынатын суреттердің санын мұмкіндігінше 3-4-тен асырмаған жөн;
ал егер ұсақ бөлшектер өте маңызды болатындай жағдай туындаса, оларды ұлкейтіп қосымша көрсетуге де болады;
плакатқа соншалықты көп бейнелерді орналастыру қажет бола қалатындай болса, оларды оқытылу ретімен орналастыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет