Тақырыбы
Анықтамалық және жарнамалық функциялар
Орындаған – Кабиева Молдир
Тексерген – Хибадуллина А.С.
Топ – ЖУ-001
Семей қаласы -2020 жыл
Жарнама – спектакль концерт жиналыс лекция немесе көрермендерге арналған басқада мәдени шаралар спорттық жарыстар ойын - сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі.
Спирттік және салқын сусындар шығаратын ірі фирма өз тауарларын елде жоқ бір әдіспен жарнамалауға бел байлайды.
«Жарнама» түсінігінің көптеген анықтамасы бар.Жарнама сөзі - французша reclame, немісше werbung деген, латынның reclamo«рекламо» сөзінен шыққан, үлгілеу «айқайлау» деген мағынаны білдіреді Ағылшын тілінде жарнама екі термин «advertising, advertisiement» және publicity қолданылады. «advertising» термині құрылу жағынан орысша “ жарнамалау” және «Жарнамалық іс - әрекет» сөзінің мағынасы жақын, ал «advertisiement» термині нақты жарнамалық іс - әрекеттің өнімін көрсетеді. Соңғы уақытта жарнаманы әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде көрсетуде кейбір авторлар «advertology» терминін жиі қолдануда. Қазір бұл терминнің орысша «адвертология» деген аудармасын көруге болады.
Ежелгі Римде, Грецияда базарларда, алаңдарда әр түрлі тауарларды мақтап қатты айқайлаған. Жарнамалық хабарландыруды ағаш тақталарына жазды, оны қатты қызығып оқитын алаңдарда және халық көп жиналатын жерлерге ілді. Жарнама копитализм дәуірінде жоғары дамыды. Копиталистік елдерде жарнаманың дамуы нарықта пайда берерлік өнім алу үшін күрес. Жарнама баспасының пайда болуы XYII ғасырдың басында У. Кекстон Англия және Т.Ренодо Франция аттарымен байланысты. 1611 жылы Лондонда әлемде біріншірет А. Горжа және У. Копа жарнамалық бюро құрды.
Жарнама – ең талантты, өз уақытын ерекше лидерімен ынтымақтасу мүмкіндігін береді, ол өз еліне, бүкіл әлемге белсенді әсер етеді. Сондықтан да жарнаманы бесінші өкімет деп босқа айтпайды. Жарнама информациялар беру құралы, әлемдегі ең бірінші жарнамалық хабарлама жасаған «күнделікті оқиғалар» газеті. 1630 жылы осы қызметін пайдаланып Т. Ренардо деген біреу мекен – жай және анықтама кеңсесін ашқан, содан ол жарнаманың әкесі болып саналады.
Жарнама жасаудағы шығармашылық ізденістер журналистік әдіс-тәсілдермен сәйкес келеді. Тыңдарманды селт еткізіп, көңілін аулауда юмор, метафора кең қолданыс тапты. Жарнама сценарийін жазуға ерекше талап қойылатын болды. Қысқа уақытта оқырмандар мен тыңдарманның назарын аудару, пайдалы ақпарат беру және соны санасына сіңіру шығармашылық иесінен еңбекқорлықты, ізденуді, жалықпай үйренуді талап етеді. Жарнаманың үздік үлгілері қалыптасып та үлгерді, жыл сайын үздік туындыларға бәйге тағайындалып та жүр. Міне, мұның бәрі журналистің шығармашылық шабытына қозғау салып, қиялын ұштайтын, қаламын қатайтып, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін факторлар болып табылады.
Барлық ақпарат құралдарының ең негізгі басты міндеті жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сай ақпараттық сұранысын қанағаттандыру болып табылады[7].
Бұқаралық ақпарат құралдары на анализ жасау.Жарнамалық агенттіктер бұқаралық ақпарат құралдарын тиражына, физикалық мүмкіндіктеріне, бағасына, жұртқа әсер етуіне қарай зерттейді.
«Ақпарат» сөзінің бірнеше баламасы бар, біз тар және нақты мағынасында қолданып отырмыз. Адамдарды әлемде және елімізде болып жатқан оқиғалар және жаңалықтармен таныстыруды ақпараттық қызмет деп танимыз. Ол арқылы тыңдарман өмірде болып жатқан құбылыстармен танысып, баға береді, білімін толықтырады, кеңестер алады, бағдар жасайды, түйсіктейді, қуанады, болмаса ренжиді. Бағдарламалар ішкі элементтері арқылы бірін-бірі толықтырып сол күннің оқиғаларынан толыққанды ақпарат береді. Мысалы, таңертеңгілік сол күні жүзеге асуға тиісті маңызды оқиғаларға назар аударады, түске қарай оның барысынан ақпарат таратады, әдетте, кешкісін қорытындыларын шығарып, түйіндейді.
Кез-келген адам үшін әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұдайы естіп отыру қазіргі өмірдің қажеттілігіне айналған, сол арқылы қоғамдық процестерге де араласады. Сондықтан радиостанциялар жаңалықтар топтамасына баса назар аударады, олар хабар тарату кестесінде турақты уақытқа ие болып, жүйелі тарап отырады. Бірақ, ішкі ақпарат әртүрлі орналасуы мүмкін. Мысалы, бір топтамада шетел, екіншісінде ел жаңалықтарына назар аударылса, таңертеңгісін ауа райына, жұлдыз жорамалға, ақша бағамдарына ықылас ауады, мәдениет, спорт жаңалықтары да тұрақты сұранысқа ие болады.
Қазақстанда бұл тәжірибені жандандыратын уақыт келді. Қазір радиоарналар мен телеарналар қаржылық жағынан аяғынан тұрды, енді шығармашылық өсудің жолдарының бірі ретінде тікелей репортаждарды жиірек қолдануға болады. Одан радиостанция да, тыңдарман да ұтады. Радиоақпараттың жеделдігі артады, имиджі жақсарады, тыңдарман еш боямасыз оқиға ортасынан берілген хабарға құлақ түріп, қиялымен жаһанды кезеді.
Халықтың ақпаратты еркін алуы, оның мазмұнының әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағалануы, әр түрлі көздердің қамтылуы қоғамның дамығандығынан, өркениеттілік дәрежесінен хабардар етеді. Әсіресе, төтенше оқиғалар жағдайында, саяси науқандар кезінде дәл және сенімді ақпарат берудің маңызы артып отыр. Адамдар табиғатынан күмәншіл, бір ақпаратты бірнеше көзден естіген соң ғана барып, сенім ұялайды. Мысалы, жапондықтар жиі болып тұратын жер сілкіністері жағдайында ең алдымен NHK (Ен-ейч-кей) телерадиокорпарациясының хабарларына назар аударып, соған байланысты өз іс әрекеттерін жоспарлап отыратын көрінеді. Жапондықтарда бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім мықты. Қазақстан жағдайында оны айтуға ертерек. Мысалы, Алматы қаласы жер сілкіну мүмкіндігі жоғары аймақта орналасқан және осыған байланысты түрлі қауесеттер жиі естіліп қалады. Жергілікті БАҚ көп жағдайда кешігіп, ақпаратты кеш түсіндіреді, көбіне материальдық жағдайы мәз емес болжау мекемелерінен сұхбат ұйымдастырады. Ал, тұрғындар оған аса сене қоймайды. Мәселенің екінші қыры, балама ақпарат көздері көп жағдайда назардан тыс қалады
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстанда осыған байланысты ақпаратқа сұраныс артты. Көп адамдар шағын және орта бизнес саласында істейді, бәрі де тұтынушы болып табылады. Қазақ радиосынан басқа радиостанциялар экономикалық саясатты түсіндіру, көпшілік көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеуге аса көңіл бөлмейді. Мұндай ақпараттың қажеттігі сезіледі. Екінің бірінің телехабарларды ертеден кешке дейін көруге мүмкіндігі жоқ. Ал, радиоақпаратты басқа тірлікпен айналысып отырып та қағып алуға болады. Радиоақпараттың және телеақпараттың мақсат-мұраты бағыт-бағдар беру, жаңа істерге жігерлендіру, кеңесші, көмекші болу. Солай екен деп, ақпаратқа үгіт-насихаттық сипат беруге, міндеттеуге, үндеуге болмайды. Журналистің басты мақсаты ақпаратты сол күйінде боямасыз, нақты жеткізу, ал оны тыңдарман өз білімі мен парасаты, тәжірибесіне сай қорытуы тиіс.
Осыдан келіп, жарнамалық міндеті шығады. Жарнама да ақпараттық міндетпен ұқсас, тек өзіндік ерекшелігі бар. Жарнаманың міндеті айқындау, ол-белгілі бір тауар, болмаса кәсіпорын туралы құлағдар ету, оның жағымды имиджін қалыптастыру және тұтынушы ретінде назарын аудару болып табылады. Жарнама қажет емес деп ешкім айта алмайды. Өйткені, қазіргі тауарлар мен қызметтердің сан алуан түрі ұсынылатын жағдайда дұрыс ақпарат беру, түсіндіру, сендірудің еш артықтығы жоқ. Жарнама жасауға радиожурналист те белсенді араласады, оның өзі кәсіби біліктілікті, сауаттылықты, тыңдарман көңілін дөп басуды қажет етеді. Қысқа уақытта тартымды сөзбен тыңдарманды баурап алу, айтқан уәжіңе сендіру, тұтынуға итермелеу айрықша әдіс-тәсілдерді, ыждаһатты еңбекті қажет етеді.
Радиожарнама мен тележарнама соңғы 10-15 жылда ғана қалыптасты деген пікір айтылып қалады. Радиожарнаманың да, тележарнамада тарихы тереңде жатыр, оның элементтері қай кезде де болған. Тек кеңестік идеология салтанат құрған дәуірде оны жасанды шектеді, онсыз да хабарлардың үгіт-насихаттық сипаты басым болды, барлық іс-әрекет бір арнаға жұмылдырылды. Кеңестер одағының күш-қуаты мен болашағына еш күмән келмеуі тиіс еді. Бұқаралық қуатты құралдардың бірі ретінде радио тікелей мемлекет тарапынан қаржыландырылды, мүмкіндігінше дамуына қамқорлық жасалды, соған сәйкес қалтқысыз қызмет ету талап етілді.
Жарнамадан түсетін қаражат БАҚ-ның бірден-бір табыс көзі болып отыр. БАҚ-ның өмір сүруі, барлық техникалық тарату шығындарын өтеуі, қызметкерлеріне еңбекақы төлеуі, уақыт талабына сәйкес материальды-техникалық жарақтануы-бәрінің көзі жарнама, одан түсетін қаражат. Соңғы жылдары Қазақстанда радиожарнама мен тележарнама ісі жедел дамыды, тұрақтылыққа қол жеткізді. Бұл көбіне орталық республикалық радиостанцияларға қатысты, енді жергілікті радиостанциялар мен телеарналарда да осындай дәрежеге көтерілсе, тыңдармандарға берілетін ақпараттың мазмұнына да оң ықпал ететіні күмәнсіз. Сондықтан, радиожарнаманың болашағы зор деп есептеледі[9].
Кез-келген бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде хабар таратушылар да, әртүрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан тыс қала алмайды, белгілі бір дәрежеде осындай науқандардың жетегінде кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларға баға беруде, деректерді екшеуде, жаңалықтар топтамасын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу журналистен өте сарабдал білгірлікті талап етеді. Көп жағдайда журналистердің өзі де қоғамдық процесстерге араласып, соған атсалысып кетеді, соның жетегінде әртүрлі хабарларды әуе толқынына шығарады. Кей хабарлар еш өңдеусіз, тікелей эфирге тарайды, оған тосқауыл қойып, айтар ойды шектеу мүмкін де болмайды.
Ақпараттарды іріктегенде оларға жақпайды-ау дегендер эфирден түсіп қалады, керісінше, жарнама сипатындағы жағымды хабарларға көбірек орын беріледі. Журналистикаға жат жағымпаздық, жағынушылық қасиеттер өтпелі кезең тәжірибесінде кеңінен орын алды.
Сонымен бірге, мемлекеттік ұстанымдар мен әлеуметтік, адамгершілік ахуал да белгілі бір мақсатты алға шығарады да, кейбір жақсы мүдденің өзі екінші қатарда қалып қояды. Оның бәріне уақыт төреші, радио да уақыт ағымында қызмет атқарады. Мысалы, күні кешегі кеңестік кезеңде радионың дамуына айрықша мән берілді, ол ұжымдық насихатшы, үгітші және ұйымдастырушы деп бағаланып, ақпараттық саясаты осы мүдде тұрғысынан екшелді, цензура болды, сөз еркіндігі шектелді. Сөйтіп, идеологиялық қуатты қару радио мемлекеттік биліктің қатаң бақылауында болды, қызметі жоғарыдан реттеліп отырды.
Қоғамдық дамудың демократиялық жолын таңдаған егемен Қазақстан жағдайында БАҚ шынайы сөз бостандығын алды, цензура жойылды, жекеменшіктік қатынас орнықты, бәсекелестік күшейді, ақпараттық саясаты көбіне тыңдарман ықыласына қарай өзгерді. Енді БАҚ ақпараттық, демалыстық міндеттері алдыңғы қатарға шығып, ағартушылық қыры бәсеңсігендей болды. Адамның еркін ойлауы мен еркін жүріп тұруына, өз іс-әрекетіне толық жауап беретін қоғамдық қарым-қатынастар орнықты және соны жетілдірудің жолдары қарастырылуда.
Қоғамда ақпарат туралы өзгеше пікір, бұқаралық ақпарат құралдарына деген жаңа көзқарас қалыптасуда. БАҚ эволюциясын ақпараттық қоғамдағы өскелең сұраныстырмен түсіндіруге болады. Ал, технологиялық төңкерістің қозғаушы күші Интернет желісінің дамып, кең тарауы және компьютерлердің есептеу қуаты шексіз өскендігі, бағдарламалардың кең ауқымдылығы болды. Интернет ақпарат өндіру, тарату мен тұтынудың құнын едәуір арзандатып, коммуникациялық ландшафтты түбегейлі өзгертті.
Сонымен қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде ақпараттық орта – медиаорта пайда болды, ақпараттық қоғамның өскелең талаптарына жауап беретін инфрақұрылымы түзілді.
Жаңа ақпараттық кеңістікте журналистика да қиын кезеңді бастан кешіруде. Бірінші кезекте оған қойылатын талаптар деңгейі де тым жоғарылап кетті
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1-Омашев Н. Қазақ журналистикасы. 3-ші том. – Алматы, 2008
2-Омашев Н. Радиожурналистика негіздері. – Алматы, 1983
3-Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. – Алматы, 1979
4-Қабылғазина К. Дәуір үні. – Алматы, 2002
5-Основы радиовещания. – М., 1993
6-Барманкулов М. Журналистика для всех. – Алматы
7-Исакович М. Общая акустика. – М., 1973
8-Бернштейн С. Язык радио. – М., 1977
9-Любосветов Д. По законам эфира. – М., 1979
Достарыңызбен бөлісу: |