Активті таратушы материалдар ( АТМ ) (Hands –outs )– сабақ барысында білім алушыға тақырыпты жетік түсінуі үшін берілетін көрнекі иллюстрациялық материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарий, өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар) және т.б..
Ақпараттық технология (АТ) – өндірістік үдерістердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жинақталу, өңделу, сақталу, таралу және ақпаратты қолдану тәсілдерінің жүйесі.
Аппарат кешенінің орталық бөлігі (сервер) – Интернет желісінің көмегімен контентті, мәліметтер базасын реттелген түрде орналастыруды және онда орналастырылған ақпаратқа білім үдерісінің барлық қатысушыларының қол жеткізуін қамтамасыз ететін компьютер немесе компьютерлер жиынтығы.
Ассистент, доцент, профессор (Assistant Professor, Associate Professor, Professor) – ЖОО-ғы профессорлық-оқытушылар құрамының қызметкерлері.
Аудиоконференция – телекоммуникациялық құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын бір-бірінен алшақ орналасқан студенттер мен оқытушылардың (тьюторлар) тілдік өзара қарым-қатынасын болжайтын ақпараттық технологияның бірі.
Аудиоқосымша – аудиожазба, онда көбінесе оқытушының кейбір сызбаларға, кестелерге, иллюстрацияларға арнап айтылған көзқарастары жазылады.
Аудиолекция – интерактивті аудиоқатар ретінде көрсетілетін оқу материалдарының бір түрі.
Бакалавр, магистр, доктор (Bachelor, Master, Doctor) – бұл аталған білім беру бағдарламаларын игерген тұлғаларға берілетін академиялық дәрежелер.