Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет29/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126

Зерттеу зертханасының бастығы

Лауазымдық міндеттері. Отандық және шетелдік озық сапа стандарттарына және экологиялық қауіпсіздікке жауап беретін, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қамтамасыз ететін қолданылатын технологиялық процестер мен жабдықтарды жетілдіруге, жаңа техника мен технологияны игеруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады. Өнімнің ақаулығының себебін анықтау және алдын алу, сапасын жақсарту, қолданыстағы өндірістік стандарттар мен техникалық қарттарға, экологиялық стандарттар мен нормативтерге сәйкес келуін, сондай-ақ жаңа, анағұрлым өнімді және қауіпсіз негізгі және қосалқы материалдардың қолданылуын қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік жұмыстардың жүргізілуіне басшылық жасайды. Әзірлемелердің тиімділігін айқындайды, зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек шығынын қысқарту және зерттеудің, сынаудың анағұрлым жетілген әдістерін табу бойынша жұмысты басқарады. Жаңа технологиялық процестер мен өндіріс режимдерін енгізу және шығарылатын өнім мен жаңадан игерілетін өнімді сипаттайтын сапа көрсеткіштеріне талдау жүргізуге қатысады. Зертхана жұмысының перспективалық және жылдық тақырыптық жоспарларын әзірлейді. Ұйымның бизнес-жоспарларын әзірлеуге қатысады. Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша техникалық есептер жасауды, сондай-ақ оларды пайдалану бойынша ұсынымдарды әзірлеуді қамтамасыз етеді, оларды енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсетеді және олардың орындалуы бойынша есеп дайындайды. Ұйым шығаратын өнімге ұқсас өнім өндірісін жетілдіру технологиясын жетілдіру саласында отандық және шетелдік озық тәжірибені зерттеуді ұйымдастырады. Зертхананың қызметкерлерiне басшылық етедi. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: ғылыми-техникалық қызметке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және басқа да материалдар; ұйымның және экономикалық қызмет түрінің техникалық даму перспективалары; ұйымның өнім өндіру технологиясы; лаборатория жабдықтары, оны пайдалану ережесі; экологиялық стандарттар мен нормативтер; шикізатқа, материалдар мен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі; зерттеу жүргізуді, әзірлемелердің экономикалық тиімділігін айқындауды ұйымдастыру және әдістері; есеп құрастыру тәртібі; ұқсас өнім өндіру технологиясы саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе; экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; есептеуіш техника, коммуникация мен байланыс құралдары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі мен тиісті мамандық лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.




Өндірістік зертхананың (өндірісті бақылау бойынша) бастығы

Лауазымдық міндеттері. Экологиялық қауіпсіздік талаптары мен техникалық шарттары, сондай-ақ қолданыстағы стандарттарға шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің сапалық сәйкестігін зертханалық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында химиялық талдау, физикалық-химиялық пен механикалық сынақ және басқа да зерттеулер өткізуді ұйымдастырады. Өндіріске зертханалық бақылаудың жаңа әдістерін, сондай-ақ бар әдістерді жетілдіру және енгізу жұмыстарын басқарады. Өнімдердің жаңа және түрленген үлгілерін сынақтан өткізуге, сонымен қатар оның сапасын тиімді бақылауға жағдай жасау мақсатында, оның техникалық құжаттамасын келісуге қатысады. Өнімді аттестаттау мен сертификаттауға дайындауға арналған жұмыстарға қатысады. Өнімнің сапасына талаптар қоюшы нормативтік техникалық құжаттаманы жетілдіру және еңбек шығындарын қысқарту мақсатында өндірісті бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту туралы ұсыныстарды дайындайды. Бақылау-өлшеу аппаратураларының жұмыстарының жай-күйін қарайды, олардың мемлекеттік тексеріске уақтылы көрсетілуін бақылайды. Зертхана қызметкерлерінің жұмыс орны мен зертхана жабдықтарының жай-күйін, олардың еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бақылайды, кемшіліктерді жоюда шаралар қолданады. Зертхана журналдарының нақты жүргізілуін және сынақтар мен анализдердің нәтижелерін уақтылы ресімделуін ұйымдастырады. Зертхана қызметкерлеріне басшылық етеді.



Білуге тиіс: өндірісті техникалық дайындау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де құқықтық нормативтік актілері, әдістемелік және басқа материалдар; өндірістің тәртібі мен технологиялық процесстері, зертхананың жабдығы, оның жұмыс принциптері мен пайдалану ережелері, ұйымның техникалық даму перспективасы, зерттеу жұмыстарын өткізудің әдістері мен ұйымдастырылуы, стандарттар, техникалық шарттар, өндірісті зертханалық бақылау нұсқаулығы мен әдістемесі, өнімді қолданыстағы мемлекеттік аттестаттау мен сертификаттау жүйесі, ұқсас өнім өндіру технологиясы саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе; экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары; есептеуіш техника, коммуникация мен байланыс құралдары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тиісті мамандық лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.




Өндірісті басқару және еңбекті ұйымдастыру жөніндегі зертхананың (бюроның) бастығы

Лауазымдық міндеттерi. Өндірісті басқару мен еңбекті ұйымдастыру саласында өндірісті басқарудың ұйымдастыру құрылымын жасауға бағытталған еңбектің тиімділігін арттыру және сыртқы ортаның өзгерістеріне (нарық конъюнктурасы) оперативті бейімделуі мен инновацияларды енгізуге қабілетті зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз етеді. Өндірісті басқару мен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бағдарламаларын енгізу мен жасауда зертхананың (бюро) қатысуын ұйымдастырады. Еңбек жағдайларын зерттеуде, оның ұйымдастырылуын, еңбектің социологиялық және психофизиологиялық аспектілерін, оның еңбектің сапасы мен жемістілігіне ықпалын, еңбек кооперациясы мен бөлісу формаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасаудың, еңбек уақытын тиімді пайдалануын, еңбектің озық әдіс-тәсілдерін кеңейту, жұмыс орындарын рационализациялау мен аттестаттау, ауыр дене еңбегін қолдануды қысқарту, психофизиологиялық және санитарлық гигиеналық тұрғыда жайлы еңбек жағдайларын жасау, еңбек пен демалыстың анағұрлым тиімді тәртібін енгізу, өндірістің мәдениетін өсіруді зерттеуді өткізуді басқарады. Ұйымды басқарудың жүріп тұрған құрылымын зерттеуді, ұқсас өнімді шығарушы озат ұйымдардың құрылымымен салыстыру негізінде нарықтың иелік шарттарына сәйкес оның тиімділігінің анализін жасауды ұйымдастырады. Басқару құрылымын автоматтандырылған жұмыс орындарын, желі мен жеке компьютерлерді, ақпараттың өңдеудің техникалық құралдарын енгізу, құжат айналымын ұйымдастыру мен ұйымдық-өкімдік құжаттамасын жетілдіру, өндірісті басқарудың қолданыстағы әдістерін, ұйымның стратегиясы мен мақсаттарына сәйкес рационализациялау бойынша ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастырады. Өндіріс көлемінің өзгеруі жағдайында ұйымда жұмыс істейтіндердің санын орынсыз қысқартудың алдын алу (жұмыс уақытын реттеу, басқа жұмыс учаскелеріне көшіру, т.б.) бойынша ұйымдастырушылық шараларды жасауға қатысады. Қызметкерлердің еңбегін регламенттеу, олардың лауазымдық нұсқаулықтары мен ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді жасау бойынша жұмыстарды үйлестіру мен әдістемелік басшылықты іске асыруды жүргізеді. Нормативтік зерттемелерді бекіткеннен кейін енгізуді қамтамасыз етеді, ұйым шарттарына экономикалық қызметтерінің барлық түрлерінің нормативтік материалдарын, олардың қолданылуы бойынша нұсқаулықтар дайындау, үлгілік шешімдерді бейімдеу, өндірісті басқару және еңбекті ұйымдастыру саласында отандық және шетелдік тәжірибедегі жетістіктерді қорытындылау және зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралардың тиімділігін анықтау мен талдауға, есеп жүргізуге және белгіленген есептілік жасауға басшылық етеді. Зертхана (бюро) қызметкерлеріне басшылық етеді.


Білуге тиіс: өндірісті басқару мен еңбекті ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де құқықтық нормативтік актілер, әдістемелік және басқа материалдар; ұйымның мақсаты мен стратегиясы; экономика, еңбек, басқару мен өндірістің ұйымдастырылуы, ұйымның құрылымы мен штаты, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды жасау тәртібі, еңбекті ұйымдастырудың негізгі бағыттарының мазмұны және осы бағыттар бойынша ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың өткізілу әдістері, еңбекті ұйымдастыру бойынша шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері, еңбек, басқару және өндірісті ұйымдастырудың деңгейін бағалау, өндірісті басқару мен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру саласында отандық және шетелдік жаңа тәжірибесі, ұйымдастырушылық техника, басқарушылық және инженерлік еңбекті механикаландыру құралдары, өндіріс технологиясының негіздері, еңбек физиологиясы, психология, социология негіздері, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негізі; есептеуіш техника, коммуникация мен байланыс құралдары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.





Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет