2 тапсырма Тақырыбы: Критериалды бағалау жүйесінің ғылыми-педагогикалық негіздері
Сабақтың мақсаты: Тапсырма Критериалды бағалау жүйесіндегі теориялық негіздерінің аспектілерін «Сыни талдау» кестесіне түсіріңіз.
Критериалды бағалау жүйесіндегі теориялық негіздері
Критериалды бағалау жүйесіндегі теориялық негіздеріне сипаттамалық талдау жасаңыз.
Критериалды бағалау жүйесіндегі теориялық негіздеріне салыстырмалы сыни талдау жасаңыз.
Құзыреттілікке негізелген тәсілдеме
Кері дизайн
Әлеуметтік-конструктивтік оқу теориясы
Скаффолдинг теориясы
Қалыптастырушы бағалау теориясы
Білімді толық меңгеру теориясы
Сөйлеу әрекетінің
Теориясы
Әдебиеттер: 1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. – Астана, 2016. – 48 б. ISBN 978-601-7905-72-9
2. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік нұсқаулық /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ/ О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен/ – Астана, 2016. – 46 б.
3. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 115 б.
4. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы, Студентке арналған нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, – Астана. «Педагогикалық шебердік орталығы». 2015 ж. – 183 б. www.cpm.kz.
Бағалау жүйесі оқудағы негізгі мәселелерді анықтаудың және кері
байланысты жүзеге асырудың негізгі құралы болып, сонымен қатар тұтас
алғанда білім беру процесінің негізіне салынған қағидаттарды анағұрлым анық
бейнелейді.
Білім берудің жаңа стандарттары әзірлеу ісі білім алушылардың
жетістіктерін бағалау жүйесімен де байланысты ғылыми және әдіснамалық
мәселелерді анықтады.
Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал бола тұра,
бағалау жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті
және тиімді болуы тиіс.
Білім берудің қазіргі жүйесінде білім алушылардың білімділік
жетістіктерінің сапасын бағалаудың критериалды-бағдарлы көзқарасы
негізіндегі қадағалау және бағалау өзекті болып отыр.
Критериалды-бағдарлы көзқарастың қолданылуы білімділік жетістіктерін
бағалаудың объективтілік және сенімділік деңгейін айтарлықтай арттырады.
Заманауи мектепте білім алушылардың білімділік жетістіктерін бағалауға
критериалды көзқараспен келу талапқа ие, себебі ондай көзқарас білім беру
процесінің барлық қатысушыларына өлшенетін критерийлерді және білім беру
нәтижелерін көруге мүмкіндік беретін кері байланысты орнатуға көмегін
тигізеді.
Бағалау жүйесінің маңызды сипаттамасы қатарында оның тек баға қою
кезінде ғана қолданылмай, мұғалім, білім алушылар және ата-аналар арасында
білім беру процесінің сәттілігі бойынша қадағалаушы-диагностикалық
байланысты тұтас жүзеге асырады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда
бағалау жүйесі осындай балалардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті
көрсетіп қоймай, мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру процесінде
қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс.
Бағалау жүйесі білім беру процесінің сапасын нықтауға, оқудағы стратегия
және тактика бойынша түбегейлі шешімдері қабылдауға, білім беру мазмұнын
да, күтілетін нәтижелерді бағалау нұсқаларын да жетілдіруге мүмкіндік беретін
оқу жетістіктерін өлшеу және оқу қиындықтарын диагностикалаудың негізгі
құралы болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік
жетістіктерін бағалауда алған нәтижелердің және ерекше білімділік
қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы жоспарланған мақсаттардың арақатынасы мәнді болады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ерекшелігін ескеріп, бағалау жүйесін
көп функционалды етіп, оны жетілдіру керек. Бағалау жүйесінің бірнеше
функциясын атауға болады:
Нормативтік функция білім алушылардың бекітілген мемлекеттік
стандартқа қатысты тіркеп, жеке оқушылардың мектеп сыныптарының
үлгерімін, мұғалімнің дайындық деңгейі мен жұмыс сапасын қадағалайды.
Ақпараттық-диагностикалық функция білім беру процесінің барлық
5
қатысушылары арасында баланысты, білім алушылардың, соның ішінде ерекше
қажеттіліктері бар балалардың да, мазмұндық және эмоционалдық
рефлексиясын қамтамасыз етеді. Бағалау жүйесі білім беру процесінде, нақты
сыныпта, нақты бала үшін барлығы дұрыс жүргеніне көз жеткізуге мүмкіндік
береді.
Бағалау жүйесі қайсыбір оқу материалының қаншалықты сәтті
меңгерілгенін, білім алушылардың қайсыбір дағдыларының қаншалықты
қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беруі тиіс. Оқу нәтижелеріне бақылау
өлшемдерінің, талаптарының белгілі минимумында білім алушылардың жеткен
деңгейін салыстыруға берілген осындай мүмкіндік мүмкіндіктері шектеулі
балалар үшін өте маңызды.
Бұл кезде есепті бастау табалдырығы ретінде осындай балалар үшін нақты
анықталуға жататын дәл осы міндетті минимумды алу анағұрлым ұтымды
көрінуде.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім жетістіктерін бағалау білім
алушылар дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, оқудағы
жетістіктерінің және білім беру процесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларда
орын алатын қиындықтарының шынайы сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін
оның танымдық қызметінің түрлі салаларындағы табыстарының (ақпаратты
меңгеруі, ақпаратты өңдеуі, шығармашылық және жобалық қызмет, ойын
жеткізу және т.б.) динамикасын да тіркеуі тиіс.
Бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, оның ата-анасы, сынып жетекшісі,
сонымен бірге әкімшілік пен білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы
арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етуі тиіс, бұл білім беру процесін
қалыптастыруға жүйелі көзқарасты қалыптастырып, онысымен оның
тұтастығын қамтамасыз етеді.
Одан басқа, мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін
бағалауда білім алушылардың психикасына мейлінше ұқыптылықпен қарап,
оларды зақымдайтын жағдайларға жол бермей, мүмкіндіктері шектеулі
балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін ескеру қажет.
Бағалауға деген жоғарыда аталған көзқарастар білім беру процесінің
барлық қатысушыларымен бағалау жүйесіне білімді сәтті алу, кері байланысты
орнату, бірақ одан артық емесіндей қажетті құрал ретіндегі қатынасын түсінуін
қамтамасыз етуі керек.
Аталған ереже баптары мүмкіндіктері шектеулі балаларды бағалау
жүйесінің негізін қалыптастырып, оның қызметінің жалпы шеңберін белгілеп,
онымен бір уақытты әрбір нақты алынған білім беру жүйесінің табыстылығы
мен толыққандылығына критерий ретінде қызмет атқаруы тиіс.
Критериалды бағалау жүйесінің әдіснамалық негізі ретінде
В.П. Беспальконың критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясы шыққан [1].
Оның критериалды бағалау теориясындағы негізгі ережелер дәстүрлі білім беру
процесінде оқу шарттарының параметрлері әрдайым тіркелген (барлығына
бірдей оқу уақыты, ақпаратты беру амалы және т.б.), ал тіркелмеген болып оқу
нәтижелері қалуда жүргені негіз ретінде алынған. Американдық психологтар
Дж. Керолл және Б. Блумның тұрақты, тіркелген параметр ретінде дәл осы оқу
6
нәтижелерін бөліп көрсету қажеттігі туралы әзірленген ержелерін негізге алып,
В. П. Беспалько бағалау жүйесіне көзқарастарды өзгертуге тырысқан [2]. Бұл
жағдайда, американдық психологтардың теориясына сәйкес, оқудың басқа
шарттары білім алушылардың барлығымен берілген нәтиже-критерийге жетуі
үшін өзгеріп отырады. Осындай көзқарастың негізінде критериалдық-бағдарлы
оқыту технологиясы әзірленген, оны сонымен қатар толық меңгеру
технологиясы деп те атайды, себебі оның бастама беретін сәті ретінде барлық
білім алушылардың қажетті оқу материалын меңгеруге қабілетті болатыны
алынған. Барлық мектептегі пәндер бойынша ұсынылатын стандарттар
меңгерудің анық критерийлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясының тиімділігі тапсырмалар
түрлерін, бақылау нұсқаларын, білім алушыға көрсетілетін түрлі көмектердің
қолданылуы әр оқушыға оларды меңгермей жеке тұлғаның толыққанды оқуы
мен дамуы мүмкін болмайтын білімділік критерийлердің белгіленген деңгейіне
жетуге мүмкіндік беретінінде.
Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:
1. Тақырыпты (сабақты) меңгеру критерийлері дәл анықталады, бұл нақты
оқу нәтижелерінің тізімінде мәнін табады (білім беру бағдарламасының
шеңберінде меңгеру деңгейлерін анықтаумен алынған оқу мақсаттары).
2. Тексеру жұмыстары әзірленеді – тестер, олардың негізгі тағайындауы
ретінде негізгі тағайындалуы түзетуші оқу ресімдерінің қажеттілігін
анықтау шығады.
3. Оқу материалы жеке үзінділерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді, зерделеу
барысында қол жеткізуге жататын нәтижелер (критерийлер) анықталады,
ағымды тексеру жұмыстары құрастырылады, олар әрбір оқу бірлігін зерделеу
мақсаттарына қол жеткізілгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
4. Сәйкес оқу әдістері таңдалады, білімділік тапсырмалар құрастырылады.
5. Әр тест сұрағы бойынша балама түзету материалы әзірленеді.
Критериалды бағалау критерийлерге сүйенеді, яғни баға оқушылардың
олардың оқу-танымдық құзыреттілігінің дамуындағы түрлі бағыттар бойынша
жетістіктерін бейнелейтін құрамдастардан (критерийлерден) қалыптасады.
Критериалды бағалау – шеңберінде бағалаудың және өз бетінше
бағалаудың түрлері, нұсқалары мен әдістері қолданылатын көзқарас.
Критериймен бағалауда:
оқушы өз оқуында шынайы субъект болады;
оқушының мектептегі алаңдаушылық деңгейі төмендейді;
мұғалім «соңғы инстанциядағы сот» рөлінен кеңес беруші, маман, тьютор
рөліне ауысады.
Осылайша, критериймен бағалау өз құрамында оқушылардың және
мұғалімдердің денсаулығын сақтау әлеуетін алып жүреді.
Критериймен бағалау мұғалімге арналған түбегейлі мақсат тұтатын
ережелердің бір қатарын қарастырады:
1. Баға көмегімен оқушының жеке тұлғасы емес, тек оның жұмысының
ғана бағалануын.
2. Оқушының жұмысы өзге оқушылардың жұмыстарымен тікелей
7
салыстырумен емес, эталонмен (үздік орындалған жұмыстың үлгісімен)
салыстырылуын.
3. Нақты тапсырмалардың түрлі формаларының қолданысын және
мұратты орындалған тапсырмалардың нақты және анық сипаттамаларының
болуын.
4. Эталонның оқушыларға алдын-ала белгілі болуын.
5. Оқушы өз бетінше өзінің жеткен деңгейін және өз бағасын анықтай
алатын бағаны шығарудың нақты алгоритмінің әзірленуін. Өз бетінше бағалау,
сонымен қатар, оқушылардың өз жұмысына рефлексиясын да қарастырады.
Рефлексия білім алушы жеке тұлғасының дамуындағы міндетті шарт, оның
оқушы ретінде дамуының қажетті құрамдас болып табылады.
6. Оқушылардың өз бетінше бағалауға өтуге бет алып, бағалау үрісіне
қосылуын.
7. Бағалауға тек оқытып-үйретіп отырғанды ғана салуға болады,
сондықтан бағалау критерийлері – бұл оқу мақсаттарының нақты мән табуы.
8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың нақты осы пән
бойынша жетістіктерін бағалауда критерий болып табылып, оқушының жеке
жұмыстарымен айқындалған нәтижелерді жинақтауға мүмкіндік береді.
Осылайша, критериалды бағалау білім алушының оқу жетістіктерін нақты
анықталған, ұжымдасып әзірленген, оқу процесінің барлық қатысушыларына
алдын-ала белгілі критерийлермен салыстыруға негізделген, білім беру
мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін. Білім алушылардың оқу-танымдық
құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс ретінде дәріптеледі.
Бүгінгі күні білім алушылардың жетістіктерін критерийлермен бағалауға
екі басым көзқарас белгіленді. Критериалды көзқарасқа бірінші көзқарас оқу
үрлісінің типологиясына және бағалардың сәйкес шкаласының ара-қатынасына
негізделген. Осылайша, жағдай түрлерінің әрбіреуінің ішінде оқушы «1»-ден
бастап «5»-ке дейінгі бағаларды алуы мүмкін. Бұл жағдайда тапсырмалардың
күрделілігі бойынша кезектестігі қамтамасыз етіледі. Онымен бір уақытта бұл
көзқарас білімдерді сынып-сабақ жүйесінің жағдайларында қолданып отырғаны
кезеңінде шектеледі, «білімнің өмірге шығуы» жүйелігін қамтамасыз етпейді,
бұл функционалдық сауаттылығының толық көлемінде қалыптаспайды.
Критериалды бағалауға екінші көзқарас білімді өңдеу - ұғынудықолданысты-жүйелендіру мен жинақтау деңгейлеріне және оларға сәйкес
бағалау шкаласына негізделген. Ең алдымен білім алушылардың икемдерін
қадағалайтын осындай бағалаудың нәтижелері олардың функционалдық
сауаттылығына қол жеткізу қырынан толықтыруды талап етеді. Нақты көзқарас
білімдегі күтілетін нәтижелерге жетудегі және оларды бағалаудағы
қажеттіліктерді толық қамтымайды.
Критериалды бағалау білім алушылардың жеке психологиялықпедагогикалық ерекшеліктеріне сәйкестікте іске асырылады.
Критериалды бағалау жүйесі білім алушылардың оқу-танымдық
белсенділігін, олардың шығармашылық және зерттеушілік аясын, оқудағы
дербестігін және ақпарат ағынында бағдарлануын қалыптастыру және дамыту
үшін жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау мақсаттарын анықтайды.
8
2 Критерийлерді жобалау: тәсілдері және құралдары
Оқушыларды оқытудың нәтижесі білім, икем, дағды және құзыреттілік
болатын жаңа білім беру парадигмасын енгізудің аясында оқу жетістіктерін
бағалау жүйесін өзгерту мәселесі өзекті болып отыр.
Оқушылардың оқу мақсаттарға жету деңгейін анықтау оқу жетістіктерін
бағалаудың мақсаты болып табылады, яғни:
оқу деңгейін, оқыту деңгейін;
бағдарламалық материалдарды жетік меңгеру және оқыту нәтижесінің
сапасын арттыру үшін оқушылардың жеке дара траекторияларын анықтау.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың міндеттері:
оқу материалдарды меңгеру деңгейін анықтау;
оқытудың нәтижесі мен күтілетін нәтижелердің сәйкестігін айқындау;
оқушылардың оқудағы кемшіліктерін жою бойынша түзету жұмыстарын
жүргізу;
оқушылардың оқуға уәждерін арттыру;
сын тұрғыдан ойлау және өзін өзі бағалау дағдыларын дамыту болып
табылады [3].
Оқыту жетістіктерін бағалау сұрақтары бойынша ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерді талдау кезінде оқу жетістіктерді бағалаудың көптеген әдістәсілдері бар екенін көруге болады. Ғылымда және тәжірибеде онбалдық
(В. Симонов), он екі балдық (В.П. Беспалько), рейтингтік және басқа да бағалау
жүйелері бар. Бағалауда бірнеше түрлі балл қолданылып және ғалымдардың
бұл сұрақ бойынша ойлары әр түрлі болса да, барлық жүйенің бір ортақ түйіні
бар, ол -бағалаудың критериалдығы және оқу материалдарын меңгеру
деңгейлерін саралау болып табылады. Оқылатын материалдарды терең меңгеру
деңгейлерін нақты саралау әрбір бағаның критерийін тұжырымдауға мүмкіндік
береді, яғни, ол оқыту нәтижесін бағалауда субьективизмнің болдырмауына
әкеледі.
Оқушылардың оқу іс-әрекеттерін критериалды бағалау дегеніміз – төменде
көрсетілген критерийлер жинағы бойынша оқушылардың оқу іс-әрекеттері
нәтижесіне мағыналық сипаттама беретін жеке іс-әрекеттік оқыту шарттарында
қолданылатын баға:
ойлау іс-әрекеттер деңгейі;
жобалық іс-әрекетті жүзеге асыру деңгейі;
өздігінен білім алу деңгейі;
аналитикалық білім деңгейі;
арнайы және жалпы оқу икемдерін меңгеру;
танымдық белсенділік және креативтілік деңгейі.
Сонымен қатар басқа да критерийлер болуы мүмкін. Критериалды бағалау
баланың дамуына және оның оқу іс-әрекетінің белсенді субъектісі ретінде
қалыптасуына бағытталған. Ол оқушының тәжірибелік іс-әрекетінде орындаған
мазмұны мен сапасын сипаттайды, сонымен бірге кемшілік пен жетіспеушілікті
белгілемейді, яғни критериалды бағалау жүйесінде теріс бағалар жоқ.
9
Бағалау критерийі бірмәнді, бір мағыналы және оқу жұмысының
масқаттарын бейнелеу қажет, және ол педагогикалық бағалаудың құралы болып
қана табылмайды, сонымен қатар оқушының өзін - өзі бағалау және бір бірін
бағалау құралы болып табылады.
Қазіргі уақытта оқушылардың оқу іс-әрекеттерін бағалаудың біртекті
критерийлері әзірленбеген. Ол, яғни, критерийлердің негізінде қандай да бір
педагогикалық мақсаттар таксономиясы болу қажеттілігіне байланысты. Бүгінгі
күні деңгейлердің санымен ерекшеленетін көптеген таксономиялар түрлері бар.
Әртүрлі авторлар үштен онға дейін деңгейлерді ұсынады (1-кесте).
1-кесте – Оқу материалдарын меңгеру деңгейлеріне сәйкес оқу жетістіктерін
бағалау критерийлері
Авторлар Оқу жетістіктерін бағалау критерийлері
Блум Б. Білу, түсіну, қолдану, анализ, синтез, бағалау
Симонов В.П. Ажырату, есте сақтау, түсіну, қарапайым икем мен
дағды
Королева В.Г. Репродуктивті өздігінен айту, репродуктивті
алгоритмдік іс-әрекет, продуктивті эвристикалық ісәрекет, продуктивті шығармашылық іс-әрекет
Беспалько В.П. Оқушылық (таным бойынша іс-әрекет), алгоритмдік
(типтік есептерді шешу), эвристикалық (іс-әрекеттерді
таңдау), шығармашылық (іс-әрекеттерді іздеу)
Максимова В.Н. Тану, есте сақтау, түсіну, қолдану (тақырыптық
жалпылама, пәндік жалпылама, пәнаралық жалпылама)
Скаткина М.Н. Түсініктемелерді айту, түсініктемелерді тану,
түсініктемелерді қолдану, түсініктемелер жүйесін айту,
түсініктемелер жүйесін қолдану
Хижнякова Л.С.,
Синявина А.А.
Сипаттау, салыстыру, классификациялау, түрлендіру,
модельдеу, жүйелеу, интерполяция, экстраполяция,
дивергенция, конвергенция
Оқушылардың жеке жетістіктерін бағалау келесі критерийлер бойынша
жүзеге асырылады:
оқушылардың ақпараттық және таңбалық жүйелер, адам, табиғат, қоғам
туралы ғылыми-білім жүйелері негізінде оқу-практикалық есептерді шешуге
қабілеттіліктері;
оқу-танымдық, зерттеушілік, құрастырушылық, жобалық ісәрекеттердің болуы;
коммуникативтік, ақпараттық және аналитикалық іс-әрекеттің
жалпыланған тәсілдері.
Критериалды бағалаудың барлық жүйесі ерекше оқытуды қажет ететін
балалардың мүмкіндіктеріне бейімделген болуы тиіс, ал критерийлер олардың
10
ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленуі қажет.
Бағалаудың жаңа жүйесі мектеп түлегі тұлғасына деген жаңа білім беру
парадигмасының талаптарын ескеріп, сондай-ақ ерекше оқытуды қажет ететін
балалардың түрлі мүмкіндіктерін ескере отырып құрастырылу қажет.
Сондықтан, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі мектептегі
құзыреттілік білім беру шарттарында келесі қағидаттарды ескеру арқылы
әзірлену қажет:
меңгеру деңгейін саралау;
критериалды бағалау;
бағалаудың объективтілігі;
бағалауды дараландыру;
бағалауды жариялау.
Оқушылардың оқу материалдарды меңгеру деңгейін саралау қағидаты
бағалау шкаласының критериалды бағалау негізін әзірлеуге мүмкіндік береді,
яғни ол оқушылардың оқу жетістіктері объективті болуын қамтамасыз етеді.
Бағалауды жариялау психологиялық сипаттағы көптеген мәселелерді шешуге
мүмкіндік береді. Яғни, олар қанағаттанарлықсыз баға үшін оқушылар мен ата
аналар арасындағы дауласу, соңғы алынған бағаға наразы көрсеткені үшін
оқушылар мен мұғалімдер арасындағы дауласу, екі жақты түсінбеушілік
болғанда мұғалімдер мен ата-аналар арасында дауласу болып табылады.
Оқушылар, олардың ата-аналары және мұғалімдер әрбір оқушының қандай
да бір уақыт аралығында (тоқсан, жыл) оқу жетістіктерін салыстыра отырып,
даму динамикасын әрқашан қадағалап отырады. Сонымен, мектепте
құзыреттілікті білім беру шарттарында жоғарыда айтылған бағалау
қағидаттарын ескере отырып оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін
әзірлеу мектеп тәжірибесі қажеттіліктері мен жаңа білім беру парадигмасы
талаптары арасындағы келіспеушілікті болдырмауға мүмкіндік береді.
Бағалау жүйесін жетілдіру, көп атқарымды және жұмысқа қабілетті ету
қажет, әсіресе инклюзивті білім беру жағдайында, яғни ол:
оқушының оқу материалдарын қаншама табысты меңгергенін немесе
практикалық дағдыны қалыптастырғанын анықтауға мүмкіндік беру;
әртүрлі танымдық іс-әрекет салаларында оқушылардың табыс
динамикасын көрсету;
оқушылардың өз-өздерін бағалауға жағдай жасау, мадақтау, дамыту
негізінде механизм құру;
«мұғалім-оқушы», «ата-ана -сынып жетекшісі», «әкімшілікпедагогикалық ұжым» байланыстарын қарастыру қажет.
Жоғарыда айтылғандар оқу үдерісінің қалыптасуына жүйелік көзқарасты
қамтамасыз етеді, ендеше оның тұтастығын қамтамасыз етеді.
Критериалды бағалау оқушы дағдысын дамуын бағалауға мүмкіндік
беретіні анықталған (білу және түсіну, білімді қолдану, сын турғыдан ойлау,
топтағы ынтымақтастық және жеке жұмыс, тыңдау, айту, жазу, оқу,
зерттеулерді жүргізу, шешімдерді тұжырымдау, рефлекция). Критериалды
бағалау, біріншіден оқушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау үшін
11
енгізіліп отыр. Екіншіден, ол оқушылардың білім сапасы деңгейін нақты
анықтауға негіз болады.
Критерий – қандай да бір қойылған талаптарға сәйкестікті бағалау
бойынша шешімді қабылдау ережесі, негіздемесі немесе қасиет болатыны
белгілі. Сонымен, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері
Б. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының сипаттамасы, сонымен
қатар В.П. Беспальконың меңгеру деңгейінің сипаттамасы бола алады (2 кесте).
2 кесте –оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері
Деңгейлер Бағалаудың көрсеткіштері
1 2
Төменгі
(рецептивті)
Оқу нысанына қызығушылығы жоқ және танып білуге
талпынысы жоқ
Қанағаттанарлық
(рецептивтірепродуктивті)
Оқу нысанын тану, терминдердің мағыналарын білмей
олармен жұмыс жасау, имитациялық есептерді орындау
(үлгі бойынша), өзгерген жағдайларда алгоритмдерді
қолдана алмау. Берілген оқу материалының жалпы
құрылымын білмеу, оны жартылай айту, жауапта
қателер жіберу, орындау алгоритмін біреудің көмегімен
қолдану, тапсырмаларды орындауда өзіндік
дағдылардың болмауы
Орташа
(репродуктивтіпродуктивті)
Оқу материалын репродуктивті деңгейде мағынасын
түсінбей механикалық меңгеру, сұрақтарды жетелеу
негізінде жауапты жартылай айту, алған білімін
тәжәрибеде қолдана алмау, есептерді шешудің
алгоритмін өздігінен қолдануға тырысу.
Оқу материалын түсіну, оны айту, оқуға қызығушық
көрсету, нәтижеге жетуге ынтасын салу, әрі қарай
танымдық үдеріс үшін мағынасын толық түсінбей оқу
икемдерінің орташа деңгейіне ие болу.
Жеткілікті
(продуктивті)
Оқу материалдарын жеткілікті меңгеру, әдеттегі
оқиғада үлгі бойынша тапсырмаларды орындау
дағдыларына ие болу, вариативті жағдайда
тапсырмаларды орындауда қиналу, тапсырмаларды
өздігінен орындауға тырысу, шығармашылық
жұмыстарды топта орындауға тырысу, есепті өздігінен
шығармашылықпен шешу дағдыларының болмауы. Оқу
материалдардың когнитивтік құрылымын анықтау
негізінде оны меңгеру, оқылатын материалдардағы
бөлімдер арасында байланысты көру, типтік,
вариативтік және мәселелі жағдайларда алған
білімдерін қолдана білу, көрсетілген қателіктерді
өздігінен шешуге қабілетті болу, шығармашылық
тапсырмаларды топта шешуге уәждену, қателерін жою
бойынша мақсат қоя білу.
12
2-кестенің жалғасы
1 2
Жоғарғы
(продуктивті
шығармашыл/
шығармашылықпен
қолдану)
Оқу материалдарын жетік меңгеру және типтік,
вариативтік және мәселелі жағдайларда өзбетімен
қолдану, алынған білімін шығармашылықпен қолдану
дағдыларына ие болу, өзінің жіберген қателерін өзгерте
алу, есептерді шешу дағдыларын жетілдіру бойынша ісәрекеттерді жоспарлау, алған білімдерін өмірлік
жағдайдағы мәселелерді шешу үшін қолдану.
Оқу материалдарын жетік меңгеру, өзінің қосуымен
және аргументтермен айтып беру, мәселелі жағдайларда
әртүрлі оқу материалдарымен жұмыс жасау,
шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындау,
өздігінен жұмыс жасау және шығармашылықпен
жақындаудың жоғары деңгейі, әрекет тізбегінде
кішігірім қателіктер жіберу.
Оқу материалдарына шығармашылық мағына беру,
оқиғалар мағынасын терең ойлау үшін қосымша
дереккөздерді қолдану, материалдың конгитивті
құрылымын түсіну, құрылымның жетіспейтін
элементтерін айқындау, толтыру, оқылатын
материалдардың мәселелік аспектілерін ерекшелеу,
пәнді оқудағы уәж, алған білімдерін мәселелерді шешу
үшін креативті қолдану, жалпылау, жүйелеу және ойлап
шығару.
Критериалды бағалау – бағалау мен өзін өзі бағалаудың әртүрлі пішіні,
әдістері аясында қолданылатын тәсілдеме. Критериалды бағалаудың
функциялары (нормативті, диагностикалық, оқытушы, ұйымдастырушы,
тәрбиелеуші, бағыттаушы, ақпараттық) мен қағидаттары айқындалған (3 кесте).
3 кесте ‒ критериалды бағалаудың қағидаттары
Қағидаттар Мазмұны
1 2
Білім беру үдерісі мен
тәрбиелеудің
байланысы
Өлшеу параметрлері оқыту мен тәрбиелеу
нәтижелеріне МЖМБС және оқу бағдарламаларының
талаптарымен анықталады
Маңыздылық Оқытудың маңызды нәтижелері мен оқушының іс
әрекетін бағалауға екпін қою
Объективтілік және
әділдік
Әсер ету құралы болмайтын бағалаудың нақты
критерийлерін таңдауды жүзеге асыру.
Адекваттық Оқытудың мақсаты мен нәтижесіне білім, икем,
дағды, құзыреттілік, құндылықтарды бағалаудың
сәйкестігі.
13
3-кестенің жалғасы
1 2
Біріктірілген Бағалау оқыту үдерісінің негізгі бөлігі ретінде болады
Ашықтық және
жарияық
Бағалау жолдары және критерийлер оқушыларға
алдын ала айтылады, оқушылар бағалау
критерийлерін әзірлеуге қатысады
Сенімділік Сенімділік деңгейі бірдей шарттарда жүргізілген
өлшеу нәтижелерінің ұқсастығын көрсететін
сенімділік коэфициентімен анықталады
Тиімділік Уақыт, шығындар, мақсатқа жету деңгейі сияқты
анықталған талаптарға сай мақсаттарды және
жоспарларды жүзеге асыру
Анықтық Өлшеудің анықтылығы зерттелетін педагогикалық
құбылыстың қажетті критерийлерін өлшеуге мүмкін
беретіндігін көрсетеді.
Жүйелілік және
бірізділік
Бағалау тәртібі тізбекті және мезгілді жүзеге
асырылады.
Жанжақтық Функциональдық сауаттылықты қалыптастыру
міндеті пәннің мазмұнын меңгеру бойынша өлшеу
жүргізуді талап етеді.
Ізгіниетшілділік Жетістіктің артуына әсер ететін мұғалім мен оқушы
арасында серіктестік қатынасты орнату
Педагогика критериалды бағалаудың жағымды аспектілері көрсетілген:
оқушы өзінің оқуында нақты субъект бола алады; оның мазасыздануы
төмендейді, мұғалім кеңесші, маман, тьютор рөлінде болады.
Сонымен, критериалды бағалау оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын
сақтау әуелетін, әсіресе ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту барысында
маңыздылығын көрсетеді.
Жалпы білім беретін ұйымдарда ағымдағы және қорытынды оқу
жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі оқушылардың функционалдық
сауаттылықтарының даму процесіне сәйкес болу қажет және оқу әрекетінің
барлық түрлерінің нәтижесін, оқу материалын меңгерудің процессуалдық жағы
мен оқушылардың жеке және тұлғалық сапаларының көрінуін ескеру қажет.
14
3 Оқушылардың түбегейлі құзыреттіліктерінің қалыптасуын бағалау
механизмі
Қазіргі уақытта білім беру саласының басымдылықтары ретінде мектеп
оқушыларын өмірге, еңбекке дайындау білім нәтижелерін қайта қарастыруды
талап етеді. Білімділік нәтижелерінің заманауи тұрғысындағы ұғымы оқу пәнін
меңгеруге қатысты білімдердің, біліктердің және дағдылардың әдеттегі
тізбегінің шегінен тыс шығуда. Білімділік нәтижелер оқушының мектепте
оқуының ақырғы өнімі болып, білім алушылардың жеке тұлғасында орын алған
сапалы өзгерістерді білдіріп, оның жүріс-тұрысында, әлеуметтік ортамен
қатынасқа түсуінде көрініс береді.
Бұл дегеніміз білімділік нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау маңызды
құрамдас ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығының
Қазақстанда дамуы мақсаттарының және іс-қимылдарының негізгі бағыттары
қатарына қосылған.
Оның адаммен жүре қабылданатын қабілетін түсіне отырып, «Мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың Ұлттық
жоспарында» қарастырылған жеті түбегейлі құзыреттілікті келтірейік [4]:
1. Жеке тұлға құзыреттілігі – өзін-өзі ұйымдастыруға, өз бетінше жетілуге,
өз бетінше өмірлік және кәсіби бағдарын анықтауға, өзін-өзі танытуға,
толеранттылыққа қабілеттілік.
2. Азаматтық құзыреттілік – түрлі өмірлік жағдайларда өзінің
айқындамасын білдіргенде өзінің отаны үшін жауапкекершілік алуға,
қазақстандық сана-сезімін көрсетуге қабілеттілік.
3. Әлеуметтік құзыреттілік – әлеуметті бейімделуге және қоршаған
ортамен өзара табысты әрекеттесуге қабілеттілік.
4. Басқарушылық қабілеттілік – түрлі өмірлік жағдайларда өзін-өзі
ұйымдастыруға, өзін-өзі басқаруға және түрлі мәселелерді шешуге қабілеттілік.
5. Коммуникативтік құзыреттілік – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде
ауызша және жазбаша өнімді коммуникацияға (қатынасға) қабілеттілік.
6. Ақпараттық құзыреттілік – өз бетінше танымдық қызметке қабілеттілік,
өмір бойында білім алуға икемі.
7. Технологиялық құзыреттілік – технологияларды, соның ішінде ғылыми,
санды түрлерін ұтымды пайдаланушы деңгейінде қолдану қабілеттілігі.
Білім беру саласындағы мәнді басымдылықтар деп іріктелген жеті
құзыреттіліктің жиынтығы мектеп оқушысының мектепте оқуы барысындағы
түрлі кезеңдерінде өмірлік тіршілігіндегі дайындығы үшін қажетті
функционалдық сауаттылықты білдіреді. Ол мектеп алды және мектептегі білім
деңгейлері бойынша нақтыланып, сонымен қатар қайсыбір құзыреттіліктері
әлдебір оқу пәнінің шеңберінде үстем танылады [5].
Арнайы сыныптардағы білім беру процесі оқуда, тәрбиеде және түзетедамыту жұмысындағы сараланған және жеке ықпал қағидаттарын сақтаумен
іске асырылады. Түзету компоненті бойынша оқу бағдарламалар оқушыларды
өмірге тікелей қосуға дайындауға деген еңбек қызметі мен әлеуметтікбейімдеуші бағдарына, жүріс-тұрыс нормаларын, әдеттегі гигиеналық,
15
коммуникативтік, тұрмыстық дағдылардан бастап, күрделі әлеуметтік
дағдыларға дейінгі әлеуметтік өмір үшін қажетті болатын сәйкес дағдылары
мен әдеттерін шыңдауға деген практикалық және түзетуші бағдарына ие.
Білімділік жетістіктердің нәтижелері мүмкіндіктері шектеулі (МШ)
балалардың білім сапасын бағалау үшін мәнді болып табылады. Мүмкіндіктері
шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауға көзқарастарды
анықтағанда келесідей қағидаттарға негізделген жөн:
білім алушылардың негізгі білімділік аясы, соның ішінде оларды жасы
мен даму мүмкіндіктеріне сай келетін өмірдің барлық маңызды салаларына
қосу үшін қажетті болатын әлеуметтік тәжірибесі (өмірлік құзыреттіліктер)
бойынша академиялық білімдердің меңгерілгенін бағалауды көздейтін негізгі
білімділік бағдарламаның мазмұнын меңгерудегі білімділік жетістіктерін
бағалаудың кешенділігі;
ДМШ (даму мүмкіндіктері шектеулі) балалардың даму және білімділік
қажеттіліктерінің типологиялық және жеке ерекшеліктерін ескерумен
жетістіктерін бағалаудың саралануы;
білім алушылардың психикалық және әлеуметтік дамуындағы
өзгерістерді, жеке қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерделеуді көздейтін
олардың негізгі білімділік бағдарламаның мазмұнын меңгерудегі жетістіктерін
бағалаудың динамикада болуы;
түрлі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың жетістіктерін
бағалауда объективтілікті қамтамасыз етуге қабілетті болатын білім
алушылардың білімділік бағдарлама мазмұнын меңгеруіндегі жетістіктерді
бағалау параметрлерінің, критерийлерінің және құралдарының бірыңғай болуы.
МШ балаларға білім берудегі тұтас процестің негізгі заңдылықтарын
көрсетіп, бұл қағидалар өзара тығыз байланыста жүріп, бір уақытта олардың
біліміндегі нәтижелерді бағалауды жүзеге асыру процесінің түрлі қырларына
қатысты.
Арнайы педагогикада негізгі функцияларға:
қадағалаушы: жеке оқушының (сыныптың, топтың) жетістік деңгейін,
жаңа материалды меңгеруге дайындық деңгейін анықтайды, сәйкесінше бұл
педагогке оқу материалын жоспарлауға және түсінікті баяндауға, қажетті жеке
көмекті дер кезінде ұйымдастыруға, туындауы мүмкін қиындықтардың алдын
алуға мүмкіндік беруді;
оқу-түзетуші: жаңа материалды зерделеу дайындығына, оның
меңгерілуіне, қайтып өңделуіне, білімдерді нақтылап, тереңдетуге, оларды
жүйелеуге, алған біліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған білімділік
жетістіктерін бағалаудың арнайы ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді;
диагностикалық-түзетуші: білім алушыда оқу процесінде туындайтын
қиындықтардың себептерін айқындайды, білімді меңгерудегі ақаулықтарды
анықтайды, оларды жобға бағытталған түзетулерді енгізуді;
ынталандырушы-мотивациялық: оқушылардың білімділік
жетістіктерін бағалаудың арнайы ұйымдастырылуын анықтайды, өзінің
көрсеткен нәтижелерін жақсарту қалауына түрткі болады, белсенділікті
16
дамытып, оқудағы оң мотивацияларды қалыптастыруды;
дамытып тәрбиелеуші: сақталған анализаторларын (талдағыштарын)
қолданып, өз бетінше және үңіліп еңбектену икемдерінің қалыптасуына,
бақылау және өз бетінше бақылау, оқу қызметіндегі рефлексия амалдарын
қолдануға ықпал етуді жатқызады.
Оқушылардың білім беру бағдарламасының мазмұнын меңгерудегі
білімділік жетістіктерін бағалау жүйесін әзірлеуде білім алушылардың
дайындық деңгейіне МЖМБС-да келтірілген талаптарға бағдар алу қажет.
Білім алушылардың дайындық деңгейлері үш аспектіні қамтумен
бағаланады:
1) жеке (тұлғалық) нәтижелер;
2) жүйелі-әрекетті нәтижелер;
3) пәндік нәтижелер.
Жеке (тұлғалық) нәтижелер білім алушының тәрбиеленуінің,
әлеуметтенуінің, рухани, шығармашылық және дене дамуының психологиялықфизиологиялық мониторингі нұсқасында қадағаланып, оның портфолиосында
тіркеледі.
Жүйелі-әрекетті нәтижелер білім алушының пәнді олимпиадалар, таңдауы
бойынша курстар бойынша жетістіктері, оқу шығармашылық жобаларын
орындауы, сонымен қатар зерттеуші қызметінің басқа да түрлері бойынша
анықталып, оның портфолиосында тіркеледі.
Пәндік нәтижелер білім алушының орта білімнің базалық мазмұнын
меңгеру бойынша білімділік және іс-әрекеттік дайындығында көрініс табады.
МШ білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда жоғарыда аталған үш
аспект қолданыс табады. 2013 жылғы 4 шілдедегі №258 Дамуындағы
мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары
түрлерінің қызметтеріндегі үлгілік ережелерге сәйкес, көру, есту қабілеттерінің,
сөйлеу, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар, психикалық дамуы
тежелген балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары білім беру процесін
білімділік деңгейлерінің мынадай жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес
іске асыруда: мектепалды тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш білім, негізгі орта
білім, жалпы орта білім.
Сонымен, көру, есту қабілеттерінің, сөйлеу тілі, тірек-қимыл аппараты
бұзылған, психикалық дамуы тежелген балалар жалпы білім беру
бағдарламаларын меңгереді және қалыпты дамыған құрбыларының
нәтижелеріне сәйкес нәтижелерге жетеді. Оқушылар білім мазмұнын сол
уақытта және қалыпты дамыған құрбыларымен бірге меңгереді.
Бірқатар балаларға бағдарламаны меңгеруде едәуір ұзақ мерзімдер қажет,
бірақ нәтижесінде олар қалыпты дамуындағы балалар білімінің бастауыш,
негізгі және орта деңгейлеріне сайма-сай келеді. Олардың жеке жетістіктері
дамуындағы қалыпты құрдастары үшін қабылданған критерийлемен және
көрсеткіштермен бағалану мүмкіндіктеріне ие болғаны маңызды.
Бұл жағдай олардың білім саласындағы тең құқықтары мен олардың
орындауына жататын тең міндеттерін растайды. Осыған орай, олардың
жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеулерін, яғни көру және есту
17
қабілетіндегі, сөйлеу тіліндегі, тірек-қимыл аппаратындағы, әлеуметтікэмоционалдық аясындағы бұзылыстарын ескере отырып, қалыпты дамуындағы
құрдастарына ұқсас болуы мүмкін. Бұл кезде көру қабілеті бұзылған
балалардың Л.Брайль шрифтін және/немесе жазық басылған шрифтін меңгеруі
секілді өзіне тән (спецификалық) оқу дағдыларының қалыптасуын
бағалау керек.
МШ бар балалардың жетістіктеріндегі тексеруге жататын көрсеткіштер
олар үшін мәнді өмірлік құзыреттіліктермен толықтырылуы мүмкін, олар:
өзінің мүмкіндіктері мен шектеулері туралы сай түсініктің қалыптасуы;
ересектермен және айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа түсу
қабілеті;
күнделікті тұрмысында әлеуметтік-тұрмыстық біліктердің болуы;
байланысқа түсу дағдыларын және әлеуметтік өзара әрекеттесуде
көпшілікпен қабылданған ресімдерін меңгеруі;
әлеуметтік ортасын, ондағы өзінің орнын түсіну, жасына сәйкес
құндылықтарды және әлеуметтік рөлдерді қабылдауы.
Балалардың белгілі бір топтары үшін олардың дамуындағы сапалы және
санды сипаттамаларды көрсететін өмірлік құзыреттіліктерді бағалау
критерийлері қажет.
Көру, есту қабілеттерінде, тірек-қимыл аппаратында күрделі бұзылыстары,
психикалық дамуында тежелулері бар балалардың санатын да ескеру қажет.
Олардың жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелері
бастауыш жалпы білім деңгейіне сәйкес келмейді. Ондай балалар жоғары
сыныптардағы білімін бастауыш сатыға сабақтас бағдарламасына сәйкес
бағдарлама бойынша жалғастыра алады.
Жетістіктерді формальды бағалауға балалардың бұл санаты жатпайды.
Алайда, осы топтағы балалардың білім сапасына мониторинг міндетті
болуы тиіс.
Осыған орай, МШ балалардың түрлі топтарындағы шынайы жетістіктер
туралы объективті қорытындыларды жасауға мүмкіндік беретін критерийлер,
көрсеткіштер және индикаторлар жүйесінің нақты тізбегі болатындай
бағалаудың жүйесін түзу маңызды.
Бағалау критерийлері дамуындағы түрлі бұзылыстары бар білім алушылар
үшін бірыңғай, ал оның жеке көрсеткіштері ерекшеленуі де мүмкін.
Балалардың әр түрлі санатындағы білім алушылардың арасында
дамуындағы ауыр және көптүрлі бұзылыстарымен де балалар бар, олар үшін
білім алу жеке мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жеке білімділік бағдарламалары
бойынша оқытуды көздейді.
Осылайша, жеке білімділік бағдарламалары бойынша білім алып жүрген
мектеп оқушыларына жүргізілетін психологиялық-педагогикалық зерделеу
олардың білім беру мазмұнын игеруіндегі жетістіктерінің мониторингісінде
маңызды құрал болып шығады.
Зерделеу нәтижелерін тіркеу ыңғайлы, салыстырмалы түрде қарапайым
болып, педагогтен балалармен өзара әрекеттесуге үлкен пайдасымен жұмсалуға
18
жататын күш пен уақыттың үлкен шығынын талап етпеуі тиіс.
Дамуында ауыр және көптүрлі бұзылыстары бар білім алушылардың
дамуындағы өзіне тән ерекшелігіне байланысты психологиялық-педагогикалық
зерделеуді өткізудегі және олардың білім беру процесіндегі жетістіктеріне
мониторингті орындаудың негізгі әдісі ретінде бақылау аталады.
Бағдарламамен білім берудің сәйкес сатысында қарастырылған білім
алушылардың жетістіктерін бағалаудан басқа, МШ бар балалардың білімділік
нәтижелерін білім беру ұйымының өзінде бағалау «портфолио»
технологиясының – мектеп оқушысының білім алу уақытындағы жеке
дамуының процесін көрсететін жеке жетістіктерінің топтамасының көмегімен
орындауға болады. Портфолиоға міндетті түрде МШ бар баланың қалыпты
дамуындағы құрдастарына қолданымды ресімдер бойынша өткен, соның
жетістіктерін сырттай және іштеу бағалаудың нәтижелері, соның ішінде тест
және бақылау жұмыстарын орындау нәтижелері енуі тиіс.
Портфолионың мазмұны негізінде мектеп оқушысының оқу,
шығармашылық, коммуникативтік қабілеттері туралы пікір алуға болады.
Портфолио мектеп оқушысы оқуының белгілі кезеңіндегі жеке жетістіктерін
тіркеудің, жинақтаудың және бағалаудың амалы ретінде шығады. Бұл әсіресе
білім алушының түбегейлі құзыреттіліктерін жүйелі қалыптастыруға
бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін мәнді. Бұл нақты
білімділік нәтижелердің бейнесін көріп, кең білімділік мәнмәтінінде жеке ілгері
басуын қадағалауды қамтамасыз етуге, оның алған білімдерін іс жүзінде
қолдану қабілеттерін танытуға мүмкіндік беретін өз бетінше бір есептілік.
Портфолио жинақталып отырған тәжірибені, білімдерді жүйелендіруге, өз
дамуының бағыттарын нақты анықтауға (мысалы, келешек кәсібінде),
мұғалімдердің немесе нақты саладағы едәуір білікті мамандардың тарапынан
көмек көрсетуге немесе консультация беруге, сонымен қатар өз деңгейін (оқу
немесе кәсіби) едәуір объективті бағалауды іске асыруға арналған [6], 4-кесте.
МШ оқушылардың білімдерін және икемдерін бағалауға жалпы көзқарас
тұтас алғанда, бірақ арнайы шарттарды сақтаумен оның дәстүрлі түрін
ұсынады:
1. МШ бар балалардың білімділік қажеттіліктерін және жеке
ерекшеліктерін ескерумен, БИД (білімдерді, икемдерді және дағдыларды)
тексеруді ұйымдастырудың ерекше нұсқасын.
2. Сыныптағы әдеттегі ахуалдың болуы (өз мұғалімінің болуы, білім
алушыға әдетті көрнекі, есту тіректерінің орын алуын: сызбалардың,
аудиодыбыстардың, тапсырманы орындаудағы жалпы барысы үлгілерінің).
3. Жұмыстың басында қызметті жалпы ұйымдастыру кезеңінің орын
алуын.
4. Нұсқаулықтың МШ оқушылардың ерекше білімділік қажетіліктері мен
жеке қиындықтарын ескерумен бейімдеу:
1) өзінің грамматикалық және семантикалық ресімделуі бойынша ойды
қарапайым, түсінікті ету;
2) тапсырманың кезеңімен (қадамдармен) орындалуына түрткі
болатындай, көпбуынды нұсқаулықты бірнеше қысқа мағыналық бірліктерге
19
бөліп, қарапайым ету;
3) тапсырмаға берілетін жазбаша нұсқауға қосымша, қажеттігіне қарай, ол
педагогпен ауызша дыбыстап, баяу ырғағымен, анық мазмұндық екпінмен
оқылады.
4-кесте – Жетістіктер портфолиосын түзу
Құжаттардың
портфолиосы
Жұмыстардың
портфолиосы
Сын-пікірлердің
портфолиосы
Сертификатталған
(құжатталған) жеке
білімділік
жетістіктер –
олимпиадаларға,
байқауларға және
басқа да ісшараларға
қатысуы туралы
құжаттар (мақтау
қағаздары,
дипломдар,
сертификаттар,
куәліктер,
аттестатқа
қосымшалар және
т.б.)
Оқушының шығармашылық,
зерттеушілік және жоба
жұмыстарының жинағы,
оның оқу және
шығармашылық
белсенділігінің негізгі
формалары мен бағыттары.
Жұмыстардың портфолиосы
жұмыстардың өздерін
(мәтіндерді, қағаз және
электронды құжаттарды
бейнетаспаларды және
т.б.)тіркеумен,
шығармашылық кітап түрінде
ресімделеді
Мұғалімдермен, атааналармен және т.б.
мектеп оқушысына
ұсынылған түрлі
қызметтерге
қатысына берілген
сипаттамасы,
сонымен қатар
мектеп оқушысының
өзінің өз қызметіне
және оның
нәтижелеріне
қатысына жазбаша
берген та