Аманкелді орта мектебінің 2014-2015 оқу жылындағы әдістемелік
жұмысының жылдық есебі.
Мұғалімдердің сапалық құрамы жайлы мәліметтер.
р/с
|
Мұғалімдердің білім сапасы
|
Біліктілігі
|
Жоғары
|
Арнаулы орта
|
Аяқталмаға жоғары
|
Жоғары
|
І
|
ІІ
|
Түрлі разрядтағылар
|
1
|
26
|
3
|
-
|
-
|
12
|
10
|
7
|
Мектепте 5 пән бірлестігі жұмыс жасады. Оларға мұғалімдер пәндерге сәйкес біріктірілген. Пәнәдіс бірлестігінің жұмыстары, оның жыл басында бекітілген жоспарының орындалуы қадағаланып келді. Оларда қаралған мәселелердің өзектілігі мен мектеп үшін тиімділігі басты назарда ұсталып, құжаттары жинақталды.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Осы бағытта мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру жұмысына ерекше мән беріледі.
Математика ,физика және информатика бірлестігінің
2014-2015 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың есебі.
Тақырыбы: «Жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып математика, физика, информатика сабақтарында оқушы біліктігін дамыту».
Мақсаты:
Оқушылардың математика, физика, информатика сабақтарына деген қызығушылығын ояту.
Сабақта жаңа технологияны әдістемелерін қолдана отырып, оқушының біліктігін дамыту.
Математика , физика пәндері бойынша оқушыларды ҰБТ-ге сапалы дайындық жұмыстар жүргізу.
Міндеттері:
Сабақта интерактивті тақтаны , электронды оқулықтарды қолдана отырып, сабақтың сапасын көтеру.
Оқушыларды олимпиада,ғылыми жобаларға қатысуға дайындау.
Ерекше қабілетті, дарынды оқушылармен дамыту жұмыстарын жүргізу.
Пәнге қызығушылығын ояту мақсатында түрлі интеллектуалды жарыс ойындар ұйымдастыру.
ыйылықтармен марапатталды.Пән мұғалімдері оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу емтихан кестесін құрылып уақытымен өткізді.
Мектептегі математика ,физика және информатика бірлестігінде үш жоғары білімді мамандар жұмыс істейді.
І санатта Г.Б.Абилова Т.А. Камалиева
ІІ санатта Д.А. Мухамеджанова
Еркенов О.Ж Курманбаев М.Б
Абилова ГауҺар Балташқызы оқушылардың ақыл ойынның , шығармашылығын даму мүмкіндігіне жағдай жасау мақсатында жұмыс жүгізді. Камалиева Тоты Амандыққызының мақсаты: сабақта оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.Мухамеджанова Данагуль Абайқызының мақсаты: оқушыларға тақырыпты меңгертіп, тәжірибие жүзінде көрсету. Жыл бойы пән мұғалімдері нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүргізді.Өзара сабақтарға қатысты, оқушылардың дәптерлері уақытымен тексерліп бағалары қойылды. Зертханалық жұмыстары кесте бойынша өтілді. Пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді , сыныптан тыс іс- шаралар ұйымдастырылды. Пәндер бойынша тест , бақылау жұмыстарын алып, оқушылардың білім сапаларын анықтады. 9 сынып Мемлекеттік аралық байқауларға дайындық жүргізілді.
Абилова Г.Б 11 сыныпты ҰБТ- ге дайындады.
Мектебімізде аудандық семинар өтті. Семинарда Камалиева Тоты Амандыққызы 5 сыныпта «Жай бөлшектерді қосу және азайту»,Абилова Гауһар Балташқызы 11 сыныпта «Иррационал сандар» тақырыптары бойынша ашық сабақтар өткізді. «Математика - ғылымдар патшасы» атты сабақтан тыс іс –шараны Мухамеджанова Данагуль Абайқызы өткізді. Сабақтар жақсы деңгейде өтіп, аудан бөлімінің басшыларының алғыс жарияланды.
11-18 ақпан аралығында физика және информатика апталығы өтті.
11 ақпан күні апталық салтанатты түрде ашылып , әдістемелік бірлестігінің жетекшісі жоспар мен таныстырды.Ақпанның 12-сі күні 8 сыныпта информатика пәнінен Камалиева Тоты Амандыққызы «Мәтіндік құжаттарды редакциялау, форматтау» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақты жаңа технологияларды қолданып, қызықты өтті. Ақпанның 13-і күні 8 сыныпта физика пәнінен «Білім шыңына сапар» аты тақырыбы бойынша ашық сабақты Мухамеджанова Данагүл Абайқызы өткізді. Сыныпты үш топқа бөліп , сабақ сайыс түрінде өтті. Сабақ бірнеше бекеттерден тұрады. «Ақын жанды- физик» бекеті /топтардың таныстыруы, топтың аты, ұраны /
Аптаның төртінші күні 7-8 сыныптар аралығында «ХХІ ғасыр көш басшысы» атты сайыс өтті. Жауапты: Еркенов О.Ж
Курманбаев Мәди Бақытұлы аптанның бесінші күні 6 сыныпта «Тапқыр информатик» атты интеллектуалдық ойын өткізді.
Ақпанның 16-сі күні 7-11 сыныптар аралығында қабырға газет байқауы өтті. Байқауға 7-9 сыныптың оқушылары газетке әр түрлі тапсырмалар жазып шығарды. Аптанның соңғы күні апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Қараша айында математика апталығы өтті.
Апталық салтантты түрде ашылып , жоспар мен ӘБ жетекшісі Д.А. Мухамеджанова тастырды. Апталықтың екінші күні 5-6 сыныптар аралығында Мухамеджанова Д.А оқушылардың пән бойынша алған білім дәрежесін анықтап, алған білімдерін тиянақтап қорытындылау мақсатында «Не? Қайда? Қашан?» тақырыбы бойынша сайыс өткізді. Сайыс қызықты әрі тартымды өтті. Апталықтың үшінші күні Абилова Г.Б 9 сыныпта «Сен білесің бе?» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.Камалиева Т.А жұбақтарды тез шешуге, мақал- мәтел, жұмбақтарды математика пәніне де қолдана білуге үйрету мақсатында «Математикалық ринг» атты ойын 7- 8 сыныптар аралығында өткізді. Ойын бірнеше бөлімдерден тұрды. Ойынға оқушылар белсене қатысты. 9-11 сыныптар аралығында «Фортуна» атты ойын Камалиева Т.А және Мухамеджанова Д.А сыныптарды екі топқа бөліп өткізді. Ойын қызықты өтті.Сенбі күні Абилоа Г.Б 5-6 сыныптар аралығында оқушылардың ауызша және тез есептеп ойлауға, ойлау қабілетін дамытуға, тапқырлыққа, белсенділікке, жауабын талдай білуге үйрету мақсатында «Тәуелсіз елдің жас математиктері» атты сайысын өткізді.Сайыс бірнеше турлардан тұрды.
Дүйсенбі күні салтанатты жиын ашалып , апталыққа қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен , сыйылықтармен марапатталды.
Пән мұғалімдері оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу емтихан кестесін құрылып уақытымен өткізді.
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің
2014-2015 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың
қорытынды есебі.
Тақырыбы:
« Педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сауатын ашу, білім-білік дағдыларын қалыптастырып, заман талабына сай білім беру.»
Мақсаты:
Оқушылардың тілін дамытумен қатар, сөйлеу мәдениетін, ой-өрісін,таным белсенділігін, дүниетанымын кеңейту,шығармашылық белсенділігін арттыру.
Міндеттері:
-Мұғалім өзіндік білім көтеру және технологиялық жаңғырту
жағдайында мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзіреттілігін жетілдіру
-Оқушының білім сапасын арттыру
-Сөздік қорын молайту
-Дарынды балалардың шығармашылығын дамыту
-Мемлекеттік стандарт қойып отырған талапты орындау
-Педагогикалық тәжірибе алмасу
-Мемлекеттік тұрпаттағы және білім саласына байланысты
нормативтік құжаттарды қарау,пайдалану
-Өзіндік білім көтеру жоспарын құру
-Оқытудың технологиялары,педагогика-психологиядағы жаңалықтармен
үнемі танысу,зерделеу
-Мұғалімдердің білім стандартына сай білім мен біліктілігін арттыру.
Бастауыш мектеп – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Бастауыш мектептің міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сезімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – ұстаз
Бастауыш сынып мұғалімдер бірлестігіне 6 мұғалім кіреді:
Сыныбы
|
Оқушы саны
|
Сыныпжетекшісі
|
Мектепалды даярлық сыныбы
|
13
|
Қошибаева К.К.
|
1 «А»
|
11
|
Шоқаева А.К.
|
1 «В»
|
2
|
Аубакирова А.Т.
|
2 «А»
|
11
|
Абдрахманова А.С.
|
3 «А»
|
10
|
Есенова С.Т.
|
4 «А»
|
15
|
Бекахметова Б.Е.
|
Мұғалімдердің сапалық құрамы төмендегіше:
Мұғалім саны
|
Білімі
|
Санаты
|
Жоғары
|
Арнаулы орта
|
Аяқталмаған жоғары
|
Жоғ.
|
І
|
ІІ
|
Санаты жоқ
|
6
|
5
|
1
|
-
|
-
|
3
|
2
|
1
|
Барлық мұғалімдердің өз алдына қойған мақсаттары бар. Мектептегі іс шараларға белсене қатысады.
Бастауыш сыныптарында барлығы 49 оқушы бар. Оның 21 ұл бала, 28 қыз бала. Әрсынып жетекшілері бұйрыққа сәйкес, Ы. Алтынсарин атындағы білім беру академиясының оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып 2014 -2015 оқу жылына күнтізбелік жоспар жасады. Оқушылар барлық сыныптарда, оқулықпен қамтамасыз етілді. 1 қыркүйек Білім күніне байланысты барлық сынып жетекшілер «Қазақстан -2050 стратегиясы: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында алғашқы сабақтарын өткізді.
6-қыркүйек күні «Денсаулық фестиваліне» оқушылар арасында қызықты спорттық ойындар мен жарыстар өткізілді.
Отбасы күніне арналған 1 «А»сыныбында «Отбасы өнеге айнасы» атты тақырыпта және 2 «А» сыныпта «Отбасы –алтын бесік», 3 сыныпта «Әке-тірек,ана-жүрек,бала-тілек», 4 сыныпта «Мен және менің отбасым» тақырыптарында тәрбие сабақтары өтті.
Тілдер мерекесіне байланысты бастауыш сынып арасында «ҚАСИЕТТІ–АНА-ТІЛІМ!» әр сыныпта сынып сағаттары өтті. «Алтын күз» мерекесі де ойдағыдай отті. 1- желтоқсан «Менің тұңғыш президентім»,16-желтоқсан «Желтоқсан желі ызғарлы» атты сынып жалпы сынып сағаттары жоғары дәрежеде өтті.
Мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Қараша айының 17-22 аралығында желтоқсан айының 8-13 аралығында бастауыш сыныптарда дүниетану және казак тілі пәндерінен апталықтар өткізілді. Апталыққа 1 «А», 1 «В», 2 «А», 3 «А», 4 «А» сыныптары қатысты Мұғалімдер: Бекахметова Б.Е, Абдрахманова А.С, ашық .Апталық салтанатты түрде ашылумен басталды. сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды. Әсіресе бағалаудың ерекше жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың қабілетіне.. сай іс –әрекет жасауына жағдай жасалды. 1 «А» сыныбының мұғалімі Шокаева А.К.және,3 «А» сыныбының мүғалімі Есенова С.Т., оқытуда ұйымдастырудың әртүрлі формалары:ұжымдық, топтық,жұптық жұмыс түрлері кеңінен пайдаланды.
Әр ұстаз сабақ бергенде жүйелі түрде оқытып пәнінің ғылыми-теориялық деңгейін, пәнаралық байланыстары қолдана отырып, өтілетін материалды кеңінен, тереңінен түсіндірді, ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік бере отырып мақсаттарына жетті. Әр мұғалім тәжірибелерін жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, жаңа ақпараттық құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың дүниетанымының қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Сабақ беру барысында мұғалімдердің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеттері үлкен рөл атқарды. Бұл апталықта жас маман АубакироваА.Т. жүйелі ашық сабақ өткізді. Жас маман сабақ беру барысында педагогикалық ұстамы, байқаушылық және оқушылардың ұжымдық ойлау қабілеттерін арттыруда, өмірімен байланысты жақсы жаңалықтар көрсете білді. Сонымен қатар ұстаздарға кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдылық мағынасын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік жағын да көрсету қажеттігін: жұмыста ұқыпты болу, нақтылық, жылдамдықты қажет ететіндігін ұмытпау айтылды.
3-4 сыныптар арасында «Табиғат және мен » атты суретшілер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар қызыға қатысып , шығармашылық қабілеттерін жан –жақты көрсете білді. Суреттері бір-бірінен асып түсіп, олардың ішінен керемет суреттері іріктеліп, мақтау қағазымен марапатталып сыйлықтар берілді.
Өткізген апталығымыз оқушыларға да, ұстаздарға да өз әсерін тигізді. Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырды, ұстаздар бір-бірінен тәжірибе алмасып, өздерінің шеберлігін көрсете білді. Апталықта әр күні тиімді және пайдалы өтті.
Апталық-бастауыш сынып оқушыларына ерекше естерінде қалатындай мереке болды.Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері,мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.
2014- 2015 оқу жылындағы бастауыш сыныптардың жылдық
қорытындысының көрсеткіштері.
1«А» сыныпта оқушылар саны -11. «5» - 6, «4» - 2, оқу сапасы- 72 %
1«В» сыныпта оқушылар саны -2. «5» - 1, «4» - 1, оқу сапасы- 100 %
2 «А» сыныпта оқушылар саны -12. «5» - 2, «4» - 6, оқу сапасы- 66 %
3 «А» сыныпта оқушылар саны - 10. «5» -5, «4» - 1, оқу сапасы- 60%
4 «А» сыныпта оқушылар саны -15. «5» -7, «4» -6 , оқу сапасы- 86%
Сынып жетекшілер өз сыныптарының оқу -білім дағдыларын үнемі тексеріп отырады.
2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздермен тыныс белгілерін қоса есептегенде 45-55 сөз оқуы тиіс. Ал тексеру барысында төменднгідей көрсеткіш көрсетті. 55-50 сөзді 2 оқушы, 50-45 сөзді 6 оқушы, 3 оқушы нормаға жетпейді.
3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздермен тыныс белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуы тиіс. Ал тексеру барысында төмендегідей көрсеткіш көрсетті.140-80 сөзді 3 оқушы, 70-60 сөзді 4 оқушы, 3 нормаға жетпейді
4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуы тиіс. Тексеру барысында төмендегідей көрсеткішті көрсетті. 140-130 сөз аралығында 6 оқушы, 90-70 сөз аралығында 3 оқушы, 70-60 сөз аралығында 4 оқушы оқыды, 2 оқушы нормаға жетпейді.
Күнделіктерін, жазба жұмыс дәптерлері, күнделікті жұмыс дәптерлері үнемі тексеріліп отырылады.
3-4 сынып оқушылары «Ақ бота» интеллектуалды ойынына қатысып, берілген тест тапсырмаларын орындады. Үшінші сыныптан 5 оқушы, төртінші сыныптан 8 оқушы қатысты.
І жарты жылдықта оқушылардың білімін пысықтай отырып, желтоқсан айында 1«А» және 1«В» сыныптарында « Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгіліктер түрде өткізілді.
«Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту» өзекті тақырыбымен шұғылдана отырып, әр мұңалім оқушыларды өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету тұрғысында жұмыстануда. Ата-аналармен бірге 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап, «Айналайын ақ анам!»тақырыбында тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтті. «Бастауышым балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың!» 4 сыныбында ертеңгілік жоңары дәрежеде өтті.
Тарих жаратылыстану әдістеме бірлестігінің
2014-2015 оқу жылында өткізілген жұмыстардың жылдық есебі.
Тақырыбы:
«Оқытудың жаңа технологияларын жаратылыстану пәніне пайдалана отырып,мәдениетті,экологиялық сауатты,белсенді,шығармашылыққа бейімделген тұлға қалыптастыру.»
Мақсаты:
Пәндік материалдарды әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейін ескере отырып,жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы қабілетін дамыту,ғылыми негізде түзілген бағдарлама бойынша оқытудың тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
-Мұғалім өзіндік білім көтеру және технологиялық жаңғырту
жағдайында мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзіреттілігін жетілдіру
-Оқушының білім сапасын арттыру
-Сөздік қорын молайту
-Дарынды балалардың шығармашылығын дамыту
-Мемлекеттік стандарт қойып отырған талапты орындау
-Педагогикалық тәжірибе алмасу
-Мемлекеттік тұрпаттағы және білім саласына байланысты
нормативтік құжаттарды қарау,пайдалану
-Өзіндік білім көтеру жоспарын құру
-Оқытудың технологиялары,педагогика-психологиядағы жаңалықтармен
үнемі танысу,зерделеу
-Мұғалімдердің білім стандартына сай білім мен біліктілігін арттыру.
-Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдерін меңгерту.
-Түрлі конкурс,жұмыс байқауларға қатысу,ғылыми жоба жазуға дайындау.
- Тарих жаратылыстану мұғалімдер бірлестігіне 7 мұғалім кіреді:
Шокаев Н.Қ
Кемалов А.А
Камалиева Н.Х
Еркенов О.Ж
Айтмаганбетова А.Т
Ермаганбетова Г.О
Балтабаева К.С
Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Балтабаева К.С
Жоғары санатты-0
Бірінші-1
Екінші -3
Жас маман-2
Барлық мұғалімдердің өз алдына қойған мақсаттары бар. Мектептегі іс шараларға белсене қатысады.
Әрсыныпжетекшілері бұйрыққасәйкес, Ы. Алтынсаринатындағыбілім беру академиясыныңоқубағдарламасын басшылыққа ала отырып 2014 -2015оқужылынакүнтізбелік жоспаржасады. Оқушыларбарлықсыныптарда, оқулықпенқамтамасызетілді.
Мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Қараша айының 17-22 аралығында Биология,химия,өзін-өзі тану пәндерінен апталықтар өткізілді.Апталықтың ашылуы салтанатты түрде ашылды.18 қараша 8 сыныпта биология пәні бойынша «Есту мүшесі және есту анализаторы»атты ашық сабақ өткізілді.19 қараша 9 сыныпта «Азоттың периодтық жүйедегі орны» атты ашық сабақ өтілді.6в сыныпта «» ашық сабақ өтті.6-8 сыныптар аралығында «Ең ең ең» атты жануарлар әлемінің қызықты сыныптан тыс сабағы өткізілді. Сабақ беру барысында мұғалімдердің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеттері үлкен рөл атқарды. Бұл апталықта жас маман Кемалов А.А. жүйелі ашық сабақ өткізді. Жас маман сабақ беру барысында педагогикалық ұстамы, байқаушылық және оқушылардың ұжымдық ойлау қабілеттерін арттыруда, өмірімен байланысты жақсы жаңалықтар көрсете білді. Өзін-өзі танудан «Отбасы жарастығы» атты ашық сабақ 5 сыныпта өтілді сабақ өте қызықты өтті. Сыныптар арасында «Кім тапқыр» атты сайыс өтілді. 2-7ақпанда тарих,география апталығы өтті.Тарих, география пәндерінен де ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс шаралар өткізді.Мұғалімдер республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып өз білімдерін шыңдады. Мұғалімдер жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды. Әсіресе бағалаудың ерекше жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың қабілетіне.. сай іс –әрекет жасауына жағдай жасалды.
Әр ұстаз сабақ бергенде жүйелі түрде оқытып пәнінің ғылыми-теориялық деңгейін, пәнаралық байланыстары қолдана отырып, өтілетін материалды кеңінен, тереңінен түсіндірді, ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік бере отырып мақсаттарына жетті. Әр мұғалім тәжірибелерін жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, жаңа ақпараттық құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың дүниетанымының қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Сабақ беру барысында мұғалімдердің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеттері үлкен рөл атқарды.
Өткізген апталығымыз оқушыларға да, ұстаздарға да өз әсерін тигізді. Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырды, ұстаздар бір-бірінен тәжірибе алмасып, өздерінің шеберлігін көрсете білді. Апталықта әр күні тиімді және пайдалы өтті.
Гуманитарлық пәндер әдістемелік
бірлестігінің 2014-2015 оқу жылының жылдық жұмыс есебі.
Жаңа оқу жылының мектепішілік жоспарына сәйкес және мектептің түйінді әдістемелік мәселесі: «Оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуы және оқытудың жаңа технологияларын басшылыққа ал отырып, жеке тұлғаны өз бетімен жұмыс істей алуға қажетті жағдайды қалыптастыру».
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мақсаты: Жеке тұлғаны жан жақты тәрбиелеу, озат әдіс- тәсілдерді мен жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, біліктілігін арттыру
Міндеттері:
1. Барлық типтегі сабақтарды өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін
қамтамасыз ету.
2. Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру.
3. Әдістемелік бірлестіктегі мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін көтеру.
4. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер іс-тәжірибесінің тиімді тұстарын айқындау, жинақтау, тарату.
5. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіру.
6. Қазақ тілінен берілетін білім мазмұнын меңгертуде, тілдік біліктілікті қалыптастыру барысында ана тілінің дүниетанымдық, қарым-қатынастық қызметтерін бірлікте қамту.
Биылғы 2014-2015 оқу жылында ӘБ –те 7 мұғалім еңбек етеді. Барлығы жоғары білімді тәжірибелі ұстаздар. ӘБ мұғалімдерінің мақсаты мен міндеті – болашақ ұрпаққа жаңа технология әдістері бойынша оқытуда сапалы білім беруге талпынады.
Оның 7-і жоғары білімді.
Бірінші санатты - 5
Санаты жоқ - 2
І санатты Амиржанова Р.Б. Султанова Б.К., Негметжанова Б.К. Жолдасова И.З., Жарова К.Т.
Санаты жоқ жас мамандар - Калиев А.Б. Шакаримова А.Т.
Жылдың басынан әдістемелік бірлестікте 5- отырыс өткізілді, онда әр түрлі сұрақтар қаралып, шешімдер қабылданды.
Аталмыш мектепте 18 – 28 қыркүйек аралығында өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі өткізілді.
Тіл қандай да болмаса ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы. Сондықтан «Тілден тілдің кемдігі жоқ» деген ізгілікті принциптің қазіргі таңда қолданылуының ерекше мәні бар. Өз халқының қадір - қасиетін ұға білген жан ана тілін аяқ асты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді.
Тіл өркениеті үшін күрес – екінші бір тілді кемсіту үшін күрес емес, ана тілінің қызмет өрісін кеңейту, оны білім мен тәрбие, таным-түсініктің мықты құралына айналдыру үшін күрес. Тілдік қоғамдық қызметі өрістегенде ғана, ана тілінің көсегесі көгереді, дүние жүзіндегі дамыған тілдердің, өркениетті елу елдің қатарынан орын аламыз.
«Әр халықтың тілі – білімнің кілті» демекші мектепте білім дәстүрлі Тілдер мерекесіне байланысты тіл онкүндігі болып өтті.
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі Жарова К.Т. ұйымдастыруымен болған бұл аталмыш шара жоспар бойынша онкүндікке ұласты. Онкүндікке бекітілген жұмыстардың негізгі мазмұны, мәні мен мағынасы, тәрбиелік жағы мақсатқа сай айқындалып жоспарланды.
Жалпы мектепішілік оқушылар сапында «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» онкүндіктің салтанатты ашылуы қатысуымен өткізілді.
Сол күні «Тілдер әлемінде» атты қабырға газеттері шығарылды. Әрбір қабырға газеті өзіндік талаптарға сай, мәні мен мағынасы жағынан ерекшеленіп тұрды. Онда тіл туралы мәлімет, оқушылар шығармашылығы жинақталды.
Жоспар бойынша 5 – 10 сыныптар аралығында «Ана тілін білу- таным, ана тілін білмеу- намыс» тақырыбында шығармалар сайысы өтті.
8 а сыныбында Қ.Т.Жарова «Тіл білгірлері» атты сайыс өткізді
Сабақта тіл мәртебесіне көңіл бөлініп, оның тілдік қолданысы мен құңдылығына баса назар аударылды. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдаланып оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра білді.
8а сыныбында, сыныптан тыс «Бақытты сәт» ойыны өтті. Жауапты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.Қ.Султанова. Оқу материалдары тіл апталығымен байланысты таңдалып алынған. Сабақ құрылымы дұрыс. Интерактивтік тақтаны қолдана отырып, сабақтың әр кезеңінде оқушылардың қызығушылығын арттыра білді. Материалды терең меңгерту мақсатында әр сабақтағы мәселелер арасындағы ішкі байланыстарды ашу мақсатында анализ жасау ,салыстыру ,ойлау проблемасын,проблемалық ситуация,эвристикалық сұрақтар қою арқылы ойлау белсенділігін арттыруға ұсыныс жасалынды.
7а сынып оқушыларымен Б.Қ.Негметжанова «Көкпар» атты білімділер сайысын өткізді.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған.Мұғалім әр түрлі білім көздерін(оқулық, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізді, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлді.
6в- 7в сыныптарында Қ.С.Балтабаева «Екі дос» атты ашық сабағында оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына қойылатын талаптарға сәйкес, оқушылардың сабаққа дайындығын және дайындық деңгейін ескере отырып, сабақтың оңтайлы мазмұнын анықтай алды.Оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологияның әдіс - тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білді. Оқушылардың күнделікті сабақ барысында оқулықта берілген тапсырма жұмыстары толық қамтылып орындалды және тексеріліп бағаланды. Мұғалімнің дауыс ырғағы, педагогикалық мәнері, бақылаушылығы, эмоциалды деңгейі «өте жақсы».
8 және 9 сынып оқушыларының арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» Негметжанова Б.К. танымдық сайысы сыныптан тыс жұмыс ретінде өткізілді. Сайыстың алғы шарттарының бірі –топты таныстыру барысында оқушылардың өлең шығару, логикалық тапсырмаларды шешу қабілеттері көпті сүйсіндірді. Сайыста төрт топ қазақ тілі мен әдебиетінен жан-жақты білім деңгейлерін көрсете білді.
Басқа ұлт оқушылары арасында Амиржанова Р.Б. «Өзге тілдің бәрін біл ,өз тіліңді құрметте» деген тақырыппен көңілді тапқырлар кеші өткізілді. Байқау шарты бойынша оқушылар бірінші кезекте өздерін таныстырып, сөздердің қазақша аудармаларын айту, мақал-мәтелдердің жалғасын табу, адасқан сөздерден сөйлем құрау, берілген тақырып бойынша 1 минут ішінде ең көп сөз айту, өз өнерлерін көрсету, яғни қазақ ақын-жазушыларының өлеңдерін жатқа оқу сияқты тапсырмаларды орындады. «Мұрагерлер» тобы жеңіске жетті.
Калиев А.Б. «Ертегі әлеміне саяхат» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта психологиядық ахуал туғызып, оқушылардың ынтасын сабаққа аударды.
Онкүндік жоспарға кірген жұмыстар өз мәресіне жетіп, әдістемелік отырысында талданып, қорытыланды және мектепішілік жиында апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Мектепте ҰБТ – ға дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Ата – аналармен, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілермен байланыста болып, оқушылардан бауқау сынақ тестері алынып, қорытындысы бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мектеп оқушыларының пәндік олимпиадаларға қатысу көрсеткіші:
Оқу жылы
|
Олимпиада деңгейі
|
Қатысқан оқушы саны
|
Нәтижесі
|
І орын
|
ІІ орын
|
ІІІ орын
|
Алғыс хат
|
2013 - 2014
|
Аудандық
|
8
|
1
|
1
|
2
|
|
Облыстық
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
2014 - 2015
|
Аудандық
|
9
|
-
|
1
|
2
|
-
|
Облыстық
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
ҰБТ – ға бітіруші 12 оқушының 10 – ы, қатысты. Орта балл: 73,1. Жоғары балл: 111 (Кенес Шолпан), төменгі балл: 45 (Туйгунов Алмас).
Мемлекеттік грант иегерлері шыққан жоқ.
ҰБТ – ға қатысқан оқушылар көрсеткіші
Барлығы – 12 Қатысқаны – 10
Р/с
|
Пән аттары
|
Қатысқан оқушы саны
|
Орта балы
|
Білім сапасы
|
Пән мұғалімі
|
1
|
Қазақ тілі
|
10
|
17
|
70%
|
Негметжанова Б.К.
|
2
|
Орыс тілі
|
10
|
13,3
|
50
|
Амиржанова Р.Б.
|
3
|
Қазақстан тарихы
|
10
|
18,4
|
80%
|
Шокаев Н.К.
|
4
|
Математика
|
10
|
12,7
|
40
|
Абилова Г.Б.
|
5
|
Биология
|
5
|
14
|
60%
|
Кемалов А.А.
|
6
|
Физика
|
2
|
15
|
100%
|
Мухамеджанова Д.
|
7
|
География
|
2
|
15,5
|
50%
|
Ермаганбетова Г.О
|
8.
|
Дүниежүзілік тарих
|
1
|
7
|
0
|
Шокаев Н.К.
|
Оқу ісінің меңгерушісі: Р.Б.Амиржанова
Достарыңызбен бөлісу: |