Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет47/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126

Жоба басшысы

Лауазымдық міндеттері. Жобаны басқару жоспары мен жоба құжаттамасының құрылуын жетілдіреді. Барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жобаның орындалуын ұйымдастырады. Жобаның іске асырылу барысының мониторингі және орындалуын үйлестіреді. Жобаның командасын құрады. Жоба командасын басқарады. Жобаның жабдықтаушылары және қатысушыларымен техникалық тапсырмалар мен шарттардың әзірленуін үйлестіреді. Жобаның сапасын, тәуекелділікті, құнын, мерзімдерді, мазмұнын, коммуникацияларын басқарады. Жобаны басқару тиімділігінің индикаторларына мониторингті және қажетті өзгерістердің енгізілуін жүзеге асырады. Жоба құжаттарына сәйкес жобаның ілгерілеуі туралы есептерді құрады. Жоба бюджетіне сәйкес қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылайды. Мемлекеттік құрылымдар, компаниялар және жобаның басқа мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Жоба серіктестерінің арасында жоба нәтижелері мен шаралары туралы ақпаратты таратады. Есепті құру және жоба нәтижелерін құжаттау.


Білуге тиіс: жобаны басқару жөніндегі заңнамалық, нормативтік және басқа актілер, нормалар мен стандарттар; басқару және жалпы ұйым туралы негізгі ережелер; жаңа өнімдерді жасау стандарттары мен ережелер; ақпаратты өңдеудің теориялық және практикалық қағидаттары; жобалау тәсілдерінің әдістері мен стандарттары және уақыты басқару негіздері; жобаларды басқару құралдары мен әдістері; жобалау құжаттарын жасау әдістемесі; тапсырыс берушілер және жабдықтаушылармен жұмыстарды келісу және келіссөздер жүргізу; жұмыстар арасындағы тәуелділік құжаттамасы; жоба қатысушылары мен команданың әрекеттерін үйлестіру мен тапсырмаларды қоя білу қағидаттары; жоба мақсаттарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру әдістері; жоба бойынша есептерді құру ережесі; жобаны басқару бойынша ақпараттық жүйелерді пайдалану қағидаттары; экономика негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және стратегиялық жоспарлау және жобаны басқару жұмыс стажы, командалық жобаны басқару тәжірибесі кемінде 5 жыл. Тиісті курстардан өткені туралы немесе кәсіптік сертификаттаудан өтуі туралы сертификатының болғаны құпталады.

Құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөніндегі

топтың жетекшісі


Лауазымдық міндеттері. Өндірістік мақсаттағы және азаматтық құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөніндегі топтың өндірістік қызметіне олардың құрамын және техникалық жай-күйін мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында басшылық жасауды жүзеге асырады. Құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөніндегі жұмыстардың жоспарын әзірлейді және олардың орындалуын ұйымдастырады. Топқа қатысушылардың арасындағы жұмысты бөледі, оларға өндірістік тапсырмалар береді. Орындалған жұмыстардың көлемін, уақтылығын және сапасын бақылайды. Мемлекеттік қадағалауға жататын құрылыстар мен ғимараттарды техникалық куәландыруға, есепке алу, салық салу, мемлекеттік алымдар алу мақсатында және өзге мемлекеттік мақсаттар үшін олардың құнын анықтауға, нақты құрылыстар мен ғимараттарды тексеру бойынша жұмыстарды жүргізу әдістерін негіздеуге, жоспарлы суретке түсіруді жүзеге асыруға, графикалық материалдарды және түсіндірме құжаттарды дайындауға қатысады. Құрылыстардың (үйлердің, үй-жайлардың) және ғимараттардың техникалық паспорттарын жасау, олардың түгендеу істерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Құрылыстар мен ғимараттардың статистикалық есебін, мемлекеттік қадағалауға жататын есепке алу объектілерінің тізілімдерін жүргізуді, мұрағатта сақтауға арналған құжаттаманы дайындауды ұйымдастырады. Құрылыстарға (үйлерге, үй-жайларға) және ғимараттарға кадастрлық нөмірлер береді. Тізілімдердің, техникалық паспорттардың, есепке алу объектілерінің экспликацияларының үзінді-көшірмелерінің дұрыс ресімделуін бақылайды. Заңды және жеке тұлғаларға құрылыстар мен ғимараттарды техникалық түгендеу, мәмілелерді, құрылыстар мен ғимараттарды иеленушілердің құқықтары мен міндеттемелерін ресімдеу мәселелері бойынша кеңес береді. Топқа қатысушыларды геодезиялық және өлшеу аспаптарымен, нормативтік және анықтамалық материалдармен қамтамасыз етеді. Еңбек қорғау ережелерін және қауіпсіздік техникасын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауды бақылайды. Топқа қатысушылардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Білуге тиіс: өндірістік мақсаттағы және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың құрамын және техникалық жай-күйін мемлекеттік қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге нормативтік актілер; жылжымайтын мүлікті және онымен жасалған мәмілелерді есепке алу, техникалық түгендеу және тіркеу жөніндегі әдістемелік және нұсқаулық материалдар; жылжымайтын мүлікке салық салу және сақтандыру тәртібі; құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы, өндірістік мақсаттағы және азаматтық құрылыстар мен ғимараттарды пайдалану ережесі; жер телімдерін, құрылыстар мен ғимараттарды инструменталдық суретке түсіру әдістері; құрылыс нормалары мен ережелері; құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөніндегі белгіленген құжаттаманы әзірлеу, жүргізу және сақтау тәртібі; құрылыстар мен ғимараттардың құнын белгілеу әдістері; мәмілелерді және жылжымайтын мүлікке құқықты ресімдеу тәртібі; тұрғын үй және коммуналдық қызметтің қолданылып жүрген тарифтері; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; еңбекке ақы төлеу және ынталандыру қағидаттары; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөнінде инженер лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу инженері лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет